Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Электролиттер мен бейэлектролиттер



бет47/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65

Электролиттер мен бейэлектролиттер


Ерітінділер мен құймаларда иондарға ыдырап сондықтан электр тогын өткізетін заттарды электролиттер деп атайды.
Сондай жағдайда иондарға ыдырамайтын және соның салдарынан электр тоғын өткізбейтін заттарды бейэлектролиттер деп атайды.
Электролиттерге қышқылдар, негіздер, және тұздардың бар-лығы, ал бейэлектролиттерге — органикалық қосылыстардың көпшілігі және де молекулаларында полюссіз ковалентті немесе аз полюсті байланыстар болатын заттар жатады.
Электролиттер екінші текті өткізгіштер. Ерітінділерде және құймаларда олар иондарға ыдырап электр тогын өткізеді. Ерітіндіде иондар қанша көп болса, онда ол соғүрлым электр тогын жақсы өткізетіндігі айқын. Судың езі электр тогын өте нашар өткізеді.
Суда ерігенде электролиттердің иондарға ыдырауын электролиттік диссоциация деп атайды.
Мәселен, натрий хлоридін NaCl суда еріткенде ол толық натрий ионы Na+ мен хлорид-ионына С1¯ ыдырайды. Су өте аз мөлшерде сутегі ионы Н+ мен гидроксид-ионын ОН¯ түзеді.


Электролиттік диссоциация теориясы
Сулы ерітінділердің электролиттерінің ерекшелігін түсіндіру үшін 1887 жылы швед ғалымы Аррениус электролиттік диссо-циация теориясын ұсынды. Одан кейін бұл теорияны ғалымдардың көпшілігі атом құрылыс ілімі мен химиялық байланысқа сүйене отырып дамытты. Бұл теорияның негізі мынадай үш жағдайға әкеледі:
1. Электролиттер суда ерігенде оң және теріс иондарға ыдырайды (диссоциацияланады).
Атомдарға қарағанда иондар тұрақтырақ электрондық күйде болады. Олар тек қана бір атомнан — бұлар жай иондар (Na+, Mg2+, А13+ және т. б.) немесе бірнеше атомнан тұруы мүмкін — бұлар күрделі иондар (NO3¯ , So4PO4 және т. б.). Иондардың көпшілігінің түсі бар. Мәселен, МпО4¯ ионы қызғылт түсті СгО4— сары, Na+ мен С1­ ионы түссіз келеді. «Ион» деген сөздің грек тілінен аудармасы «кезбе» деген мағынаны білдіреді. Олар ерітіндіде тәртіпсіз «кезіп» әр бағытта қозғалып жүреді.
2. Электр тогының әсерінен иондар бағытталған қозғалысқа ие болады: оң зарядталған иондар катодқа, теріс зарядталған иондар анодқа қарай қозғалады.
Сондықтан біріншілерін катиондар, екіншілерін аниондар деп атайды.
Иондардың бағытталған қозғалысы олардың қарама-қарсы зарядталған электродтардың тартылуы әсерінен болады.
3.Диссоциация — қайтымды процесс. Молекулалардың иондарға ыдырауымен (диссоциациялануымен) қатар иондардың қосылу процесі (ассоциациялану) жүреді.
Сондықтан электролиттік диссоциация теңдеулеріндегі тепе-теңдік белгісі орнына қайтымдылық белгісін қояды. Мысалы, КА электролит молекуласының К+ катионы мен А­ анионына диссоциациялану теңдеуі бойынша жазылады.
КА↔К+ + А-
Электролиттік диссоциация теориясы бейорганикалық химия-ның негізгі теорияларының бірі болып саналады, ол атом-моле-кулалық ілім мен атом құрылыс теориясымен толық үйлеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет