Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет45/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65

Заттардың суда ерігіштігі


Ерігіштік— бұл заттың суда немесе басқа еріткіште еру қасиеті. Суда қатты, сұйық және газ күйіндегі заттар еруі мүмкін.
Суда ерігіштік қасиетіне байланысты барлық заттар: 1) жақсы еритін, 2) аз еритін және 3) іс жүзінде ерімейтін болып үш топқа бөлінеді. Соңғысын көбінесе ерімейтін заттар деп атайды. Дегенмен мүлде ерімейтін заттар жоқ. Егер суға шыны таяқшасын немесе алтын, я болмаса күміс кесегін салсақ олар тым аз мөлшерде болса да суда ериді. Күміс немесе алтынның судағы ерітіндісі микробтарды өлтіретіндігі белгілі.
Заттардың көпшілігі суда өте жақсы ериді. Ондай заттарға кант, бал, тотяйын, натрий гидроксиді (қатты заттар),спирт ацетон (сұйық заттар), хлорсутек, аммиак (газ күйіндегі заттар) мысал бола алады.
Бұл мысалдардан заттардың ерігіштігі ең алдымен олардың табиғатына, сонымен бірге ол температура мен қысымға да тәуелді болады. Еру процессінің өзі еріген зат пен ерітінді бөлшектерінің әрекеттесуінен туады, бұл өз еркімен жүретін процесс.
Қатты заттардың сұйықтардағы еру процесін былайша қа-растыруға болады: ерітіндінің әсерінен қатты заттың бетінен кейбір иондар немесе молекулалар біртіндеп үзіліп ерітіндінің барлық көлемінде біркелкі таралады. Егер ерітінді заттың көп мөлшермен беттесетін болса, онда ерітінді біраз уақыт өткен соң қанығады.
Еріген заттың артық мөлшерімен динамикалык тепе-теңдікте болатын ерітіндіні қаныққан ерітінді деп атайды.
Қаныққан ерітіндіні дайындау үшін берілген температурада суға затты араластыра отырып тұнба түзілгенге дейін, яғни заттың артық мөлшері ерімей қалғанға дейін қосады. Бұл жағдайда ерітінді мен еритін заттың артық мөлшері арасында динамикалық тепе-теңдік туады: заттың қанша бөлшегі ерітіндіге өтсе, соншасы ерітіндіден бөлініп шығады (кристалданады). Берілген температурада қаныққан ерітіндіде еріген заттың максималь шамасы болады.
Қанықпаған ерітіндіде зат аздау, ал аса қанықкан ертіндіде қаныққан ерітіндіге қарағанда көптеу болады. Аса қаныққан ерітінділер тұрақсыз болады. Ыдысты жай шайқау немесе ері-тіндіге тұздың кристалын қосу артық еріген заттың тұнбаға түсуіне әкеледі. Аса қаныққан ерітіндіні сахароза, Na2SO4•10Н2О, Na2S2O3-5H2O, CH3COONa, Na2B4O7-10H2O және басқа түзеді.
Санды түрде ерігіштікті қаныққан ерітіндінің, концентрациясымен өрнектейді. Көбінесе оны берілген температурада 100 г еріткіште ерітуге болатын заттың максималь грамм санымен өрнектейді. Бұл санды кейде ерігіштік коэффициенті немесе жай заттың ерігіштігі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет