Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет48/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
Диссоциациялану механизмі
Электролиттік диссоциация механизмі туралы сұрақтың маңызы зор. Шынында да неге электролиттер иондарға диссоциацияланады? Бұл сұраққа атомдардың химиялық байланысы жайындағы ілім жауап беруге көмектеседі.
Бәрінен иондық байланысы бар заттар оңай диссоциацияланады. Бұл заттардың иондардан тұратындығы белгілі

Сулы ерітіндідегі натрий хлоридінің электролиттік диссоциациялану схемасы.
Олар ерігенде судың диполі теріс және оң иондардың айналасында бағытталып орналасады. Иондар мен су диполі арасында өзара тарту күші пайда болуы нәтижесінде иондар арасындағы байланыс әлсіреп, кристалдағы иондар ерітіндіге өтеді. Мұндай жағдайда, 5.5-суретте керсетілгендей, гидратталған иондар, яғни су молекуласымен химиялық байланысқан иондар пайда болады.

Полюсті молекулалардың сулы ерітіндідегі электролиттік диссоциациялану схемасы
Молекуласы полюсті ковалентті байланыс (полюсті молеку-лалар) бойынша түзілген электролиттер осылайша диссоциа-цияланады. Мұнда да заттың әрбір полюсті молекуласына өзінің теріс полюсімен молекуланың оң полюсіне, ал оң полюстерімен теріс полюске тартылатын су диполі бағытталады. Бұл әрекеттесудің
нәтижесінде байланыстырушы электрон бұлты (электрондық жұп) электртерістігі жоғары атомға қарай толық ығысады да полюсті молекула иондық молекулаға айналып, ал одан соң гидраттанған иондар оңай түзіледі (5.6-сурет). Полюсті молекулалардың диссоциациялануы түгелдей немесе жартылай болуы мүмкін.
Сонымен иондық немесе полюсті байланысы бар қосылыстар — тұздар, қышқылдар және негіздер электролитке жатады. Олар полюсті еріткіштерде иондарға диссоциацияланады.


Иондардың гидраттануы
Электролиттік диссоциация теориясын Д. И. Менделеев аш-қан ерітінділердің химиялық теориясынсыз түсіндіруте болмай-тынын орыстың белгілі химигі А. И. Қаблуков көрсетті. Д. И. Менделеев еріген затпен ерітінді әрекеттескенде химиялық қо-сылыстың түзілетіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
Шынында да еру кезінде ерітінді мен еріген зат арасында гидраттардың түзілуіне одан кейін олардың иондарға диссоциа-циялануына әкелетін химиялық әрекеттесу болады (5.6-сурет). Бұл иондар су молекуласымен байланысқан, яғни гидраттанған. И. А. Каблуков ерітіндіде тек қана гидраттанған иондар болады деп санады. Қазіргі кезде ол ұғымды жұртшылық мақұлдаған. Сонымен, иондардың гидраттануы (жалпы жағдайда — сольваттануы) *— диссоциацияланудың негізгі себепшісі. Ол иондардың қайтадан молекула болып бірігуіне (ассоциациялануына) кедергі жасайды.
Гидраттанған иондарда су молекуласының тұрақты және тұрақсыз сандары болуы мүмкін. Құрамы тұрақты гидрат I су молекуласын ұстап тұратын сутегі ионын Н+ түзеді. Ол гидрат-танған протон Н+2О). Ғылыми әдебиетте оны Н3О+ (немесе ОН+з) бейнелеп гидроксоний ионы деп атайды.
Ерітіндіде Н+ ионы болмайды, Н3О+ ионы болады оны шартты түрде Н+ символымен белгілейді. Ерітіндідегі сутегі ионы туралы айтқанда, ол гидроксоний ионы деп ойластыру керек. Н3О+ ионындағы берік ковалентті байланыстың пайда болуы донок-акцептор механизмі бойынша жүреді.

Су молекуласы — донор, протон — акцептор.Алайда химиктердің ойы екіге бөлінді. Кейбіреулері ерітіндіде тек қана гидроксоний ионы Н3О+ , ал қалғандары Н3О+ ионынан басқа Н9О4+ (былай көрсетуге болады Н+ .2О немесе Н3О+ . ЗН2О) және H7O3+(H+.3H2O немесе Н3О+.2О) иондары болады дейді. Бұл жорамалдардың ешқайсысы тәжірибе жүзінде дәлелденген жоқ. Қалған иондардың көпшілігі құрамы ауыспалы гидраттар түзеді. Сондықтан сутегі ионын гидраттанған сутегі ионын көрсететін Н+(сулы) деп белгілеу керек. Басқа гидраттанған иондарды жазғанда да осылайша қолдану керек. Мысалы:НС1(газ) ↔Н+ (сулы) +C1 (сулы)
СН3СООН(сулы)↔Н+(сулы) + СНзСОО-(сулы)
HSO4 (сулы) ↔Н+ (сулы) + SO42− (сулы)
Бірақ жазуды оңайлату үшін жақша ішіндегі көрсетілгендерді жазбайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет