1-жүргізуші: Ендігі кезекте ұстаздар өмірінен аздап сыр сұхбат жүргізсек. Сахна төріне аяулы ұстаздарды шақырамыз.
2-жүргізуші: — Алдыңыздағы таратылған қорапшаларды алуыңызды сұраймыз. Кімнің қорабының ішінде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз. Барлығымыз қолшатыр астына жиналайық. «Қолшатыр» ойыны. «Сыр – сұхбат» сұрақтары: — Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
— Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте қандай өзгерістерді байқайсыз?
— «Ұстаз — мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
— Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
— Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
— Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
— Жас кезіңіздегі армандарыңыз орындалды ма?
— Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
— Қазіргі өмірді жаңадан бастау мүмкіндігі туса, оны өзгертер ме едіңіз?
— Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?
Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?
Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?