1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы ....................................... шақырамыз.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2 -Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Ән: «Ұстаздардың ұстазы –Ыбырай ата!»
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. Ардагер ұстаздарымызға сөз кезегін берелік._____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-жүргізуші: Патшайым қане екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді? 1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», 1-жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі» 2-жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр» 1-жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» 2-жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» 1-жүргізуші: Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік. 1-оқушы: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
2-оқушы Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың