Міндетті резервтер – бұл коммерциялық банктердің Ұлттық банкте пайызсыз салымдар түрінде сақтайтын депозиттерінің бір бөлігі. Сонымен қатар, коммерциялық банктер өз қарамағында артқы резервтерді де ұстай алады. Артық резервтер –бұл күтпеген жағдайлардан сақтану үшін және өтімділігі бар құралдарға қажеттіліктерін өсіру үшін сақтайтын міндетті резервтерден артылып қалған сомалар.
Есептік мөлшерлемені өзгерту(қайта қаржыландыру ставкасы) – бұл Ұлттық банктің коммерциялық банктерге қарызға беретін өз резервтеріне тағайындайтын пайыз мөлшерлемесін өзгертуі. Ұлттық банк осы құралды пайдалану арқылы дисконттық саясатты іске асырады. Жоғарыдағы сияқты, бұл құрал да жоғарылату немесе төмендету нысанында жүзеге асырылады.
Есептік мөлшерлемені жоғарылату нәтижесінде пайыз мөлшерлемесі өседі, орталық банктен қарыз алу шектеледі, соның салдарынан коммерциялық банктердің несиелерді ұсыну бойынша белсенді операциялары қысқарады. Коммерциялық банктер қымбат несиені ала ала отырып, несие бойынша өздерінің пайыздық мөлшерлемелерін көтереді, соңында жалпы несие қымбаттайды.
Есептік мөлшерлеме, ереже бойынша, банкаралық нарықтың тағайындайтын пайыздық мөлшерлемелерінен төмен болып келеді.
Ашық нарықтағы операциялар –бұл Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды (облигацияларды) сатып алуы мен сатуы. Ұлттық банк ашық нарықтағы операциялар арқылы экономикадағы ақша массасының шамасын реттеп отырады. Бағалы қағаздарды сатып ала отырып, коммерциялық банктердің резервтерін арттырады, олардың несиелік мүмкіндіктерін ұлғайтады, ақша ұсынысын кеңейтеді. Және кеісінше, бағалы қағаздарды сата отырып, Ұлттық банк коммерциялық банктердің резервтері мен несиелік мүмкіндіктерін қысқартады, ақша ұсынысын төмендетеді.
Ақша нарықтағы операциялар көп жағдайларда, қайта сатып алу келісімі (РЕПО) нысанында жүргізіледі. Оның жүргізілуінің мәні, яғни Ұлттық банк бағалы қағаздарды белгіленген уақыты біткеннен кейін аса жоғары бағамен міндетті түрде қайтара сатып алу жағдайында сатады.
Ақша-несие саясатының енжар және белсенді деген түрлерін бөліп көрсетуге болады.