инвестициялық компаниялар – акциялары бар ұсақ компаниялардың арасына өз акцияларын орналастыратын және қаржыларды экономиканың әртүрлі салаларындағы бағалы қағаздарды сатып алу үшін пайдаланатын ұйымдар.
Кез-келген елдің Ұлттық банкі макроэкономикалық саясаттың негізгі құралы – ақша-несие саясатын жүргізуге жауапты.
Ақша-несие саясаты –бұл ақша айналымы мен несие жүйесі саласындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған макроэкономикалық саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі. Ақша-несие саясаты нақты мақсаттарды көздейді және арнайы құралдар арқылы жүзеге асырылады.
Ақша-несие саясатының мақсаттары соңғы және аралық мақсаттар болып бөлінеді:
Міндетті резервтер нормасын өзгерту –бұл ақша-несие жүйесін реттеуде қолданылатын қатаң құрал ретінде саналатын банктік резервтердің шамасына әсер ету әдісі.
Міндетті резервтер нормасын Ұлттық банк депозиттердің шамасына қарай пайыздық түрде бекітеді. Оның шамасы біріншіден, салымдардың түрлеріне және екіншіден, банктердің көлеміне (шағын банктерге қарағанда ірі банктер үшін оның шамасы жоғары) байланысты болады.
Міндетті резервтер нормасын өзгерту екі негізгі нысанда жүргізіледі: жоғарылату формасында және төмендету формасында.
Міндетті резервтер нормасын жоғарылатудың нәтижесінде міндетті резервтерінің шамасы артады, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі қысқарады және соңында ақша ұсынысы төмендейді.
Міндетті резервтер нормасын төмендетудің нәтижесінде керісінше, несие беру құралдары кеңейеді, коммерциялық банктердің несиелік белсенділігі артады және соңында ақша ұсынысы ұлғаяды.