Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет84/105
Дата29.09.2023
өлшемі2,81 Mb.
#111406
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
Байланысты:
7c53524f-8ddf-42d3-9166-f9a39551b942

Барлығы ойдан басталады
Әмбебап қағида: сіз уақытыңыздың көп бөлігінде не
ойласаңыз, соған айналасыз.
Жолы болмайтын жандар не жайлы ойланады? Соңынан
қалмайтын қиындықтар жайлы ойланады. Және оған
кінәлілерді іздеумен болады.
Ал табысты жандар мақсатына жету жолындағы әрекеттері
мен туындаған мәселелердің шешімі жайлы ой жүргізеді. Олар
әрдайым «не ойласаң, сол болады» деген қағиданы естерінен
шығармайды.


Адамның уақыт бөлетін істерінің бірі ойлану болғандықтан,
не ойлайтынына аса мән беруі қажет. Ойлану арқылы адам
баласы көп жайттың басын ашып алуына болады. Ең
алдымен, ақиқатқа, Жаратқанның ұлылығына, жаратылысқа ой
жүгіртіп, тәфәккур ету (терең ойлану) адамды Аллаға
жақындата түсіп, мол сауапқа кенелтеді. Одан соң ойы мен
біліктілігін шыңдай түсіп, өз ісінде жетістікке жетуіне септігін
тигізеді. Сонымен қатар «жақсы сөз – жарым ырыс» демекші,
жақсы ой да адамды жақсылыққа жетелей түседі. Себебі
Алла Тағала құлы Өзі жайлы қалай ойласа, сондай болып
қарым-қатынас жасайтынын айтқан болатын. Адам баласы
ойымен не тілімен шүкір етіп жүретін болса, Алла
жақсылығын 
арттыра 
түсіп, 
керісінше 
шағымданудан
шаршамайтын жанға азабының қаттылығын көрсетіп, бар
жақсылықтан мақұрым қалдыратынын да Құранда айтып
өтеді.
191
Ибн Қайюм ең ізгі әрі пайдалы ойдың Алла және ақырет
үшін екендігін айтады. Сондай ойлардың да түрінің көп
екендігін айта келе, бесінші түрін былай баяндайды: «Уақытты
дұрыс пайдалану, уақыт өрісі мен алдымыздағы міндетке бар
зейінімізді шоғырландыруға күш салу жайында ойлану қажет.
Себебі ақылды адам – әрдайым уақыттың маңызын есте
ұстаған жан. Егер ол ойдан ауытқитын болса, барлық
қызығушылығынан айырылады. Өйткені қызығушылықтар уақыт
арқылы ортаға шығады. Ал уақытты жоғалтатын болса, оның
орнын толтыру мүмкін емес».
Күнделікті 
бітпейтін 
тірліктер, 
алаңдатушы 
жайттар,
теледидар мен байланыс құралдары, адамдармен сұхбат біздің
санамызды жаулап алғаны соншалық – бір сәтке тоқтап, не


істеп жүргеніміз бен айналамызда не болып жатқаны жайлы
ойлануға мүмкіндік бермеуде.
Ойлану мен пікірлеуге қаншалықты көп уақыт бөлсеңіз,
соншалықты біліміңіз тереңдеп, ақылыңыз арта түседі.
Солайша сіз барынша саналы түрде шешім қабылдап, жиі
қателікке ұрынбайтын боласыз.
Ал адам баласы әрбір ісін ой елегінен өткізіп, әрдайым өз-
өзіне есеп беріп отыруы қажет. Мұсылман адам ақыретте
есепке тартылатынын есте ұстап, әрдайым өзін есепке тартып
жүруі қажет. Күнделікті ұйқыға кетер алдында бір ауық
осылай есеп беруге өзіне уақыт арнағаны дұрыс.

МҰСЫЛМАННЫҢ УАҚЫТЫ БАРЛЫҒЫНА ЖЕТЕДІ
Барлығына үлгеру үшін уақыт іздеуді қойыңыз. Сіз оны
бәрібір таба алмайсыз. Себебі сіз уақытты жоғалтып алған
жоқсыз. Сіздің құзырыңызда күнделікті Алла берген 24 сағат
қана бар. Сол уақытты қажетті, маңызды, өмірлік мәні бар,
сізді мақсатыңызға жақындата алатын істерге арнап, басқа
нәрсеге уақыт шығындамауыңыз қажет.
Уақытты тиімді пайдалану үшін басты назар аударуымыз
қажет болған мәселе бар. Өмірдің қай кезеңінде болмасын,
ерік-жігері бар әрбір жанның ісі нәтижелі, өмірі берекелі
болу үшін маңызы аса зор жайтқа көңіл бөлінуі тиіс: қажетті
істерді уақытында атқаруды үйрену, күнделікті істерді рет-
ретімен күн тәртібіне енгізу. Жоғарыда да атап өткендей, бос
уақыт өткізбеу, әрбір сәтте пайдалы істермен шұғылдану
қажет. Ал бұл істерге қандай нәрселер кіретінін қалай


анықтау қажет? Тек қана мамандық бойынша жұмыс істеу
ме? Әрдайым білім алу ма? Әлде отбасына көңіл бөлу ме?
Не ғибадат ету ме? Немесе құлқынның қамы мен
құмарлықтардың құлы болу ма?
Тарихта ешбір ажал аузында жатқан жанның соңғы сөзі
«Жұмыстағы кеңсемде көбірек уақыт өткізгенімде ғой!» деген
өкініш болған емес.
Бір ауық осы соңғы сөздер көбіне қандай кейіпте
болатындығын ойланып көрейік. Кітабымыз Ислам діні
тұрғысынан болғандықтан, мұсылман жанның көзімен қарайық.
«Көбірек ғибадат жасай алғанымда ғой». «Құлшылыққа ерте
құлшынғанымда ғой». «Отбасыма көбірек уақыт бөлгенімде
ғой». «Ата-анамды ренжітпегенімде ғой». «Ата-анама көбірек
жақсылық жасағанымда ғой». «Балаларыммен көбірек уақыт
өткізгенімде ғой». «Туған-туыстармен араздаспағанымда ғой».
Жалпы осы секілді көрініс шығатынын көре аламыз.
Енді өзіңіз үшін ең қадірлі нәрселердің тізімін жазып қарап
көріңіз. Тізімнің басында не жазылғанына көңіл бөліңіз.
Отбасы? Ата-ана? Жұбайыңыз? Бала-шағаңыз? Алла Тағала?
Денсаулық? Дүние? Жұмыс? Достар? Дін? Рухани өмір? Үй?
Көлік? Рақат? Демалыс?
Ал сіз уақытыңыздың көп бөлігін не нәрсеге жұмсап жүрсіз?
Тізімнің басында жазылғандарға аптасына қанша уақыттан
бөліп жүргеніңізді саралап көріңіз. Тізімді бастап тұрған
жайттар мен сіздің уақытыңыздың көп бөлігін жұмсап жүрген
істер сәйкес келмеуі мүмкін. Мұның ең басты түсініктемесі –
сіз өзіңіз үшін шынайы маңызды нәрселерге уақытыңызды
дұрыс бөле алмай жүргеніңіз.
Мұның мынадай себептері болуы мүмкін.

Отбасының нәпақасын табу жолында жұмыс істеген уақыт
отбасы үшін жұмсалған уақыт болып табылады. Иә, адам


отбасын асырау үшін жұмыс істегені дұрыс. Тіпті ол –
Алланың ер адамның мойнына жүктеген міндеті. «Ер
адамның қолына қарап отырған әйелі мен бала-шағасын аш-
жалаңаш етіп нәпақасыз қалдыруы күнә ретінде оның бір
басына жеткілікті болып табылады».
192
Алайда күн ұзаққа
жұмыста болып, үйге келгенде теледидар, компьютер,
телефон, газет-журнал қараудан бас алмайтын кісінің
әрекеті «отбасым үшін тер төгіп жүрмін» деген сөзімен
толық ұштаспайды.

Жұмыстағы істерді атқару отбасында «жұмыс істеуден»
жеңілірек болуы мүмкін. Жұмыс барысында атқарылатын
тапсырмалар нақты әрі түсінікті болады. Және ол
тапсырмаларды толық бітіріп, нүкте қоюға мүмкіндік бар.
Ал үй ішінде олай емес. Атқарылатын істер бітпейді,
оларды толықтай басқару мүмкін емес және әрдайым
өзгеріс үстінде. Бірақ адам бұл жауапкершілігін де есінен
шығармай, дұрыс атқаруға міндетті.

Жұмыс жайлы қоғамда қалыптасып қалған қате түсінік.
Жұмыс барысындағы міндеттемелер астынан бас көтере
алмайтындай дәрежеде болуы мүмкін. Жұмысқа тиесілі
уақыттан бір минут та алмай, отбасына бөлуге уақыт
табуыңыз күтіледі. Бірақ мұның мүмкін еместей өте қиын
екендігін түсіну керек.
Осылай уақытын жұмыстан асыра алмай жүрген жанды
«адамдардың жаманы» ретінде сипаттаудан аулақпыз. Ол – тек
қана жан-жақтан үстемелеген жауапкершіліктеріне уақыт
жеткізе алмай қыспақта қалған пенде. Бұл түсіндірме
мәселенің басын ашып береді, бірақ адамды ақтап алуға
келмейді.
Олай болса, отбасына, жақындарға, рухани өмір мен
денсаулыққа уақыт бөлудің жолын қарастырып көрелік:



Ең алдымен өмірлік мақсатыңызды белгілеп алуыңыз қажет
болмақ. Ол үшін мынадай бірқатар сұрақтарға жауап беру
керек: Өмірдегі мақсатыңыз қандай? Не үшін өмір сүріп
жатырсыз? Қандай тұлға болып қалыптасқыңыз келеді?
Мақсатыңызды белгілеген басты құндылықтарыңыз қандай?
Бұл сұрақтарға жауабыңыз дайын болған соң екінші
кезектегі сұрақтар тізімі алдыңыздан шығады: Сеніміңізге
негізделген әрекетіңіз қандай болмақ? Құндылықтарыңыз
өміріңізде қалай көрініс таба алады? Мақсатыңызға жету
үшін қалай өмір сүруіңізге болады?

Құндылықтарыңызға сай қандай істер атқаратыныңызды
белгілеңіз. Бірқатар істер қосуыңыз қажет болады. Мүмкін
кейбір әрекеттерден бас тартуыңызға тура келеді.

Құндылықтарыңызды күн тәртібіне енгізіңіз және соған сай
әрекет етіңіз.

Жаңа өмірге аяқ басу жолында табандылық танытыңыз.
193
Енді берілген осы формуланы қолдана отырып, мұсылмандық
жауапкершіліктің шеңберіндегі мынадай жайттарға уақыт
арнауды үйренуіміз қажет болады:

Рухани: құлшылық, Исламды түсіндіру, Алла Тағаланы еске
алу, өзімізге есеп беру.

Қоғамдық: отбасы, туған-туыстар, достар, жалпы адамзат.

Әлеуметтік: тіршілік, жұмыс істеу, адал ризық табу.

Ақылдық: білім алу, дінді үйрену, мамандық иесі болу.

Тәндік: демалыс, денсаулыққа мән беру, көңіл көтеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет