145
Әулие-абыздар
лып үгітті де жіберді. Ибраһим болса жылаған күйі
ұстазына келді:
– Бастаудан енді су ала бергенімде қасыма кел-
ген атты кісі омыраулата
мені таптап кете жаздады,
құмырамды да сындырып тастады, – дейді өксігін бас
алмаған күйі.
Ұстазы:
– Құмыраңды сындырған аттыға сен бірдеңе дедің
бе?- деп сұрайды.
– Жоқ, ләм-мим деп тіл қатпадым, –
дейді
шәкірті.
– Онда тез бар да сен де бір-екі ауыз түйрейтіндей
қатты сөз айт, – дейді ұстазы.
Ибраһим Хаққы бастау басына барғанмен, атын
байламақ болып жатқан әлгі кісіге тәрбиесіз адамша
бір-екі ауыз былапыт сөз айтуға ішкі ар-ұяты жібермей,
ештеңе деместен қайта келеді.
Қайтып келген Ибраһимнен ұстазы:
– Иә, оған бірдеңе дей алдың ба? – деп сұрайды.
Ол жүрегі дауалап
ештеңе айта алмағандығын, тілін
тістеген күйі үн-түнсіз қайтқандығын жасырмайды.
Алайда ұстазы бұған қатты ашуланады.
– Саған мен не айттым?! Бар да сен де оған қарсы
бірдеме айт, әйтпесе арты жамандыққа ұласады, – дейді
ұрсып.
Ибраһим Хаққы бұл жолы іштей тас-түйін бекінген
қалпы бастауға келді. Алайда,
бір таңғаларлығы,
құмыраны сындырған аттының ат-матымен қоса
омақаса құлап, өліп жатқанын көреді.
Есі шыққан
Ибраһим дереу ұстазына жүгіріп келіп көрген-білгенін
146
Тағылым тамшылары
ентіге жеткізеді. Ұстазы бұған қатты қапаланады.
Сөйтеді де санын соққан күйі:
– Қап, әттеген-ай!
Бір құмыраға бола бір адам-
нан айрылып қалғанымызды қарашы,
тым өкінішті,
– дейді тұнжырап. Маңайындағылар одан ештеңе
түсінбегендіктерін
айтқанда, ол:
– Әлгі атты кісі Ибраһимге тізесін батырды. Бұл
дегеніңіз ап-ашық зұлымдық еді. Ал Ибраһим оған
қарсы өздігінен ештеңе демеді, тек әлгіні Аллаһқа тап-
сырды да қойды. Аллаһ соның арасынша залымға жа-
засын беріп те үлгерді. Ал егер Ибраһим де бірдеме ай-
тып өздігімен екеуара керілдескенде екі жақ та теңдесер
еді. Алайда бұл жерде Ибраһим бір жақты жәбір көруші
болып шығып отыр. Ал мен болсам өздері-ақ екеуара
ымыраға келгенін қалап едім, әттең оны істете алма-
дым, – деп мәселенің мән-жайын ұғындырған екен.
Достарыңызбен бөлісу: