142
Тағылым тамшылары
Тауда жүргенде өңі түгіл түсіне де кірмейтін
бұндай нәрсені көргенде қонақ болып келген інісінің
ойы бұзыла бастаса керек. Дәл сол мезет оның әкелген
дорбадағы сүті де тамшылап қоя беріпті. Бұның бәрін
сезіп-біліп отырған ағасы сонда інісіне сынай қараған
күйі сөз бастапты: – Елден қашып, тау басында әулиелік
қуу – әрине, оңай іс. Алайда
қайнаған халықтың тап
ортасында отырып өзіңді күнә атаулыдан қорғай білу
– ол үлкен сын. Міне, гәптің бәрі осында. Екеуінің
айырмашылығын енді ұққан боларсың?
Бірақ
інісі бұған илана қоймастан, өзіне қарсы
дау айтыпты:- Бәлкім, сен күнәларды сезінуден қалған
шығарсың?
– Егер мен күнәны сезінуден қалып, бұзылған бол-
сам, онда бері қара, – депті де, ағасы орнынан тұрып әлі
тамшылап тұрған дорбадағы сүттің тесігін саусағымен
сәл ғана сипағанда, сүт тамшылауын сап тыйыпты.
Сонда ғана ағасының айтқанын сөзсіз мойындаған
інісі:
– Айтқаныңыздың
бәрі рас, – депті, – нағыз
әулиелік – тауға қашып өзіңді харам мен күнәлардан
қорғау емес, нағыз әулиелік – өзіңіз айтқандай қайнаған
халықтың арасында жүріп діндарлықты ұстана білуде
екен...
Достарыңызбен бөлісу: