152
Тағылым тамшылары
Аллаһ тағала оларды
әлгі дауылдан аман-есен
құтқарып, жағаға шығарды. Алайда кемедегі бүкіл
жолаушылар дін аман жағаға шыққанымен бірнеше
күн бойы тіске басар ештеңе таппай қатты қиналды.
Аштықтан қатты бұратылған бір сәтте алдарынан бір
пілдің баласы шыға келген еді. Бәрі бас салып, оны
бірден өлтіріп етін пісіріп жей бастады. Абдуллаһ ибн
Қаланиси болса кемеде берген уәдесіне беріктік таны-
тып, піл етіне еш қол созбады.
Қасындағылар:
– Аштан өлмес үшін
піл етін лажсыздан жеп
отырған жайымыз бар. Кел, сен де же! – десті.
Алайда Абдуллаһ Қаланси олардың сөзін
тыңдамады. Қанша аштығына қарамастан піл етін
жемеді.
Сәлден кейін-ақ пілдің етін жегендердің бәрі тегіс
ұйықтап кетті. Артынша пілдің өзі келді.
Баласының
сүйектерін көрген кезде ұйықтап жатқандардың бәрін
алдымен иіскеп көрді. Баласының исі шыққандардың
бәрін тегіс таптап өлтірді. Сөйтті де Абдуллаһ
Қаланисиге келді. Оның бойынан иіс таппаған соң
сыртын тосып арқама мін дегендей қимыл көрсетті.
Абдуллаһ барып пілге мінді. Піл оны белгісіз бір жер
апарып түсірді.
Абдуллаһ Қаланиси таң ата бір елге жолықты, олар
оны барынша қонақ қылып күтті. Осылайша әулие кісі
елден ерек Құдайға берген уәдесімен әрі сол уәдесінде
табанды тұра алғанымен бір ажалдан аман қалған еді.
Иә, «Судың да сұрауы бар» дегенді әркез ұмыт-
паған абзал.