Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Криминалистикалық сурет. Криминалистикалық сурет түсінігі, жүйесі және мақсаты



бет26/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Криминалистикалық сурет. Криминалистикалық сурет түсінігі, жүйесі және мақсаты.
Криминалистикалық суреттің даму тарихы, жалпы суретке негізделеді. Сурет, қылмысқа қарсы күресте, ХІХ-ғасырдың ортасынан бастап, іздестіру мақсатында қолданыла бастады. ХІХ-Ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы мақсатта қолданылатын арнаулы аппаратура мен құрылғыларды жетілдіру, дамыту қолға алына бастады. Француз криминалисі Альфонсо Бертильон, үлкен мөлшерлі тану, оқиға болған жер, өлік суретін түсіруге арналған фотокамералар түрлерін ойлап шығарды. Және, ол қылмыскерлердің 1/7 көлемді суретін шығаруды ұсынды. Сот суретін шығаруда, жалпы сурет шығарудағы әдіс-тәсілдер қолданылды. ХІХ-ғасырдың соңында, Ресейде сот суреті қолданылуымен бірге, құжатты сараптау орын ала бастады. Зерттеу суретінің дамуына, орыс криминалисі Е.Ф.Буринский көп үлес қосты. Осы еңбегі үшін, оған 1889 жылы Ломоносов атындағы сыйлық берілді.
Суретті, тергеу және сараптама тәжірибесінде үнемі қолдануды, 1926 жылы Сот суреті кітабының авторы, орыс криминалисі С.М.Потапов ұсынды.
Сот суреті тақырыбы, А.А.Әйсман, И.А.Селиванов т.б. ғалымдар еңбектерінде жан-жақты зерттелді. Fалымдар еңбегімен, криминалистиканың жаңа саласы-криминалистикалық сурет қалыптасты. Криминалистикалық Құрал-жабдықтардың дамуы барысында, криминалистикалық сурет жеке бөлім болып қалыптасты, қылмысқа қарсы күресте қолданылу кезінде ары қарай дами түсті, жалпы сурет негізінде құрылғандығымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Түсіру объектүсінің ерекшеліктері: өліктер, заттай айғақтар, қылмысты тергеуге байланысты жерлер мен жағдайлар.
2. Криминалистикалық суретті қолданушы субъект ерекшеліктері: тергеушілер, жедел-іздестүру қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, сарапшылар.
3. Түсіру мақсаттары-қылмыстық істі тергеу барысындағы айғақтарды зерттеу, айқындау, түсіру.
4. Арнаулы аппаратуралар мен көмекші құралдар қолдану. Мысалы: кезекші камера, РФ-4 құралы, микрофото қондырғысы, МРКА және басқа құралдар.
5. Түсірудің арнаулы әдістерін қолдану. Мысалы: аяқ киім, қару, қан іздері, өлшеу әдісі арқылы, қылмыскерлер, өлік, тану әдісі арқылы суретке түсіріледі.
6. Негатив пен позитивтегі бейнелерді, механикалық түрде өзгертуге тыйым салу ретушь бейнені қаламмен, бөлумен немесе скалпелмен қырып өзгерту, түсіру объектүсінің ерекшеліктерін жояды. Ал сотқа және тергеуге, объектінің анық бейнеленуі қажет.
7. Арнаулы заңдармен белгіленген, суретке түсірудің ерекше түр типтері.
Осы ерекшеліктерді негізге ала отырып, криминалистикалық суретке мынандай анықтама беруге болады.
Криминалистикалық сурет дегеніміз - заттай айғақтар мен мәліметтерді зерттеу мақсатындағы сот сараптамасында және жедел-іздестіру шаралары мен тергеу ісінде қолданылатын суретке түсіру әдістері мен түрлерінің, ғылыми ережелерге негізделген жүйесі.
Криминалистикалық суреттің негізгі мақсаттары:
- Қылмыстық істі тергеуге және ашуға мүмкіндік туғызуға;
- айғақ болатын мәліметтер алу мақсатында, қылмысқа қатысты объектілер мен жағдайларды айқындау әдістері мен құралдарын жетілдіру;
- Қылмысты ашу және алдын алу жұмыстарына, сурет техникасын енгізуді ұйымдастыру және заттай айғақтарды криминалистикалық зерттеудің суреттік тәсілдері мен құралдарын дамыту, жетілдіру.
Осы сұрақтарды шешу, криминалистикалық суреттің артықшылығы болып табылады. Негізінде криминалистикалық сурет, қылмыстық материалдарың белгілерін зерттеуде, айқындауда қолданылады. Зерттеудің бұл әдістері: байқау, суреттеу, өлшеу және т.б. әдістер. Сурет арқылы, хаттамада суреттеуге болмайтын детальдарды көрсетуге болады. Сонымен қатар оқиға болған жерді қалпына келтүріп, айғақ бола алатын мәліметтер алуда, суреттің маңызы зор. Айқындау құралы ретінде, сурет, тергеу сараптамасында, тексеру және түсінікті нақтылау кезінде де кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, зерттеу әдісі ретінде, сурет, сараптау өндірісінде көрінбейтін жазуларды, улау іздерін айқындауда пайданылады. Сонымен, қорыта келгенде криминалистикалық сурет жедел іздестіру, тергеу және сараптау тәжірибесінде кеңінен қолданылады.
Қорытынды

  1. Криминалистикалық суреттің, Қылмыстық істі тергеуде және ашуда маңызды роль атқарады. Криминалистикалық сурет, қылмыстық материалдың белгілерін айқындап, зерттеуге және қазіргі заман талабына сәйкес сапалы да нәтижелі тергеу жүргізуге көп үлес қосады.

  1. Тергеу істері және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тергеу ісін немесе нәтижесін, қажетті жағдайларда объектілерді айқындау үшін, криминалистикалық суреттің арнайы өңделген әдіс-тәсілдерін қолданылады.

  1. Суретке түсіру нәтижесінде пайда болған көрнекті, айғақ болатын материалдарды, заң талаптарына сәйкес, іс жүргізу тәртібі бойынша дайындау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет