Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика



бет25/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Фокустық қашықтық-негізгі жазықтықтан (Н), объективтің артқы фокусына дейінгі қашықтық. Артқы фокус дегеніміз оптикалық оське перпендикуляр жатқан, артқы фокус нүктесінен өтетін жазықтық. Объективте оптикалық оське параллель жатқан барлық сәулелер қиылысады.
Объективтің фокустық қашықтығы миллиметрмен өлшенеді. Фокустық қашықтықтың көлемі, объектив жиегіне жазылады. Фокустық қашықтың көлемі, бейне масштабына байланысты, яғни оптикалық бейне тарапындағы объектінің сызықтық өлшемі. Объектінің фокустық қашықтығы үлкен болған сайын, бір нүктеден түсірілген объект бейнесі күші бола береді.
Салыстырмалы саңылау-бұл объектив сақылауы диаметрінің фокустық қашықтықәа әатынасы. Яғни, объектив сақылауының диаметрі диаметрі қанша рет фокустық қашықтыққа жатыстырылады. Объективтің салыстырмалы саңылауының көлемі, мына формула бойынша анықталады:
1:5,6
----- = 1/к
1:3,5
Бөлшек, фокус қашықтығы объективтің саңылауынан қанша ұлкен екендігін көрсетеді. Кәдімгі конструкциялы объектив саңылауының диаметрі болып, объективтің бірінші линзасының диаметрі саналады. Объективтің жарық күші-бұл объективтің белгілі бір жарықтықта бейне жасау қабілеті. Жарық күші салыстырмалы саңылау квадратымен өлшенеді. Объективтің жарық күші диафрагма арқылы өзгертіледі.
Диафрагма сыртында арнаулы шеңбері бар, доға тәріздес жапырақшалардан тұрады және объектив жиегіне орналастырылады.
Объектив жиегіне, диафрагма сандары деп аталатын бөлшек сандар жазылған, салыстырмалы саңылау мағынасындағы шкала жазылады. Диафрагма сандары мына ретте қалыптасқан: 2; 2,8; 5,6; 11; 22; 32. Осы қатар санында, диафрагма санынан көрші санға ауысу кезінде объектив жарығы 2 есе өзгереді. Мысалы: 3,5/50 жазуындағы 3,5 –диафрагма саны, ал 50-объективтің миллиметрмен берілген фокустық қашықтығы.
Диафрагмалық сан дегеніміз-бұл объективтің жарық күші. осы терминалогия бойынша объективтің жарық күші 3,5. объективте кәдімгі диафрагмадан басқа, қысымды, секірмелі, тіреуішке дейін орнатылған (моргающее) диафрагмалар болады. суретке түсіру кезінде, объективке өте қашық аумақта жарық күші азаяды. Мысалы: 1:1 масштабында түсіруде, жарық күші 4 есе азаяды. Суретке түсіру кезінде әкспозицияны анықтап, объективтің күшін ескеру қажет.
Ашықтық тереңдігі-бұл объективтен әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесі бір жазықтықта анық бейнеленуі. Объективтің ашықтық тереңдігі, оның негізгі қасиеттерінің бірі болғанмен, тәжүрибелі түрде қатысты тереңдігі, бейнеленуші жазықтыққа байланысты. Объективтің оптикалық осіндегі жазықтықтағы анық бейнені, тек бір жазықтықтан алуға болады. Бірақ, алыс әрі жақын орналасқан детальдардың анық бейнесін шығаруға болады. Бұл деталдар анық бейнеленуші жазықтық тереңдігі аумағында болуы тиіс. Бұл аумақ мыналарға байланысты:
1. Объективтің фокустық қашықтығы (фокустық қашықтық күші болған сайын тереңдік Үлкен болады).
2. Объектив саңылауының диаметрі, яғни (диафрагмалар күшті болған сайын, бейнеленуші жазықтықтың ашықтық тереңдігі Үлкен болады).
3. Жазықтық ашықтығын туралауға дейінгі қашықтық (бұл жазықтық фотоаппараттан қашық болған сайын, тереңдігі үлкен болады).
Анық бейнеленуші жазықтық шегін анықтайтын арнаулы шкалалармен келесі тәжірибе сабақтарында танысамыз.
Сонымен біз фотоаппараттың негізгі бөліктерімен, объективтің күрделі де маңызды бөліктерімен және бейне сапасына әсер ететін фокустық қашықтық, салыстырмалы саңылау және ашықтық тереңдігімен таныстық.
Ал, сапалы түрде суретке түсіргенмен, жарыққа сезімтал сурет материалы дұрыс болмаса, сурет жақсы шықпайды. Қазіргі уақыттағы жарыққа сезімтал сурет материалдарының сипаты қандай? Бұл сұрақты үшінші тақырыпшада қарастырамыз.
ІІІ. Жарыққа сезімтал сурет материалдары
Сурет шығаруға қажетті жарыққа сезімтал сурет материалдары мыналардан тұрады:
1. Негіздері (подложка).
2. Әмульсиялық қабат (әнергия жарығына әсер ететін).
Негіз ретінде трицатетатцелюлоза, қағаз және шыны қолданылады. Сурет материалдары негізіне қарай мына топтарға бөлінеді:
1. Фотопленкалар (трицетат-целлюлозды негіздері).
2. Фотопластинкалар (әйнектер)
3. Фотоқағаздар (қағаз негізді)
Қолданысына қарай сурет материалдары мына түрлерге бөлінеді:
1. Негативтік (түсіруге және негативті алуға арналған)
2. қайтымды (негатив пен фотобаспаны қажет етпейтін, позитивтік өңдеу).
3. Позитивтік (негативпен фотобаспа арқылы позитивті бейне жасау).
Жарыққа сезімтал сурет материалдарының өздеріне тән қасиеттері:
1. жарыққа сезімтал;
2. түске сезімтал;
3. қарама-қарсылық;
4. сурет кеңдігі;
5. суреттік перде;
6. мүмкіндігі;
Жарық сезімталдық-бұл сурет материалының жарыққа әсер етуі, яғни шығару кезінде өзгеруі немесе қараюы. Жарыққа сезімталдығы көп болған сайын жарық мөлшерін азайту қажет.
Сурет материалының жарыққа сезімталдығы қорап сыртына жазылады ТМД елд. ГОСТ бірлігімен, АҚШ елінде АСА бірлігімен беріледі. Мысалы: 32,45,64,130,250 ГОСТ бірліктері.
Түске сезімталдық-бұл фотоәмульсияның, әр түсті сәулелермен (монохроматты жарық) жарықтандыру кезінде өзгеру қасиеті. Спектрді көрінетін бөлігі 7 түрлі түстен тұрады: күлгін, сия көк, көгілдір, жасыл, сары, қызыл сары және қызыл. Галоидті күміс тек күлгін, сия көк және көгілдір түстеріне әсер етеді. Түстерге қосымша әсер ету, әр түрлі сатыда сенсибилензациялау арқылы жүзеге асырылады. Изоортхроматикалық материалдар, спектрдің жасыл, сары, қызыл-сары және ашық қызыл түстеріне әсер етеді.
Панхроматикалық- спектрдің барлық түстеріне әсер етеді, ал жасыл түске нашар әсер етеді.
Изохроматикалық-спектрдің барлық түстеріне әсер етеді.
Қарама-қарсылық контрасность –бұл жарыққа сезімтал материалдың түсіру объектүсінің ашықтық ерекшеліктерін көрсету қасиеті. Сурет материалының қарама-қарсылығы топқа бөлінеді:
1. Кәдімгі-ашықтықты өзгерізсіз береді.
2. Контрасты-бұл ерекшеліктерді үлкейтеді.
3. Жұмсау-осы ерекшеліктерді күшірейтеді.

Бұлардан басқа ерекше және жоғары контрасты сурет материалдары бар. Әр түрлі контрасты сурет материалдарын түсіру объектүсіне сәйкес таңдайды. Мысалы: портрет түсіруге орташа контрасты, сызба түсіруге үлкен контрасты сурет материалы қажет.


Сурет кеңдігі-бұл әртүрлі мөлшердегі жарықтандырудағы сурет материалының қажетті тығыздылығын қамту қасиеті, яғни әкспозиция диапозоны.
Сурет материалының кеңдігі үлкен болса, онда диафрагма мен түсіру уақыты дұрыс болмаса да, қажетті тығыздылығпен негатив алуға болады.
Сурет кеңдігі мен контрастылығы бір-бірімен тығыз байланысты, яғни сурет материалының контрастылығы жоғары болған сайын сурет кеңдігі шағын болады.
Сурет пердесі-бұл сурет материалының әкспониралау кезінде жарық әсер етпеген жерлерді айқындауыш арқылы күнгірттеу қасиеті. Сурет пердесі, сурет материалының жарыққа сезімталдығымен тікелей байланысты, яғни әсер етуі жоғарылаған сайын, перде тығыздылығы артады. Сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе дұрыс сақталмаған сурет материалдарының да пердесі артады.
Сурет материалының, түсіру объектісінің ұсақ детальдарының бейнесін дәл беру қасиеті, негативтегі 1 мм оптикалық бейненің параллель сызықтарының максимальды сандарымен анықталады. Кей сурет материалдарының бұл қасиеті үлкен емес: мм-ге 30 сызық, кейбір микротүсіруге арналған фотопленкаларда мм-ге 1000 сызықтан.
Сұрақты қорытындылай келе, мынандай тұжырымдар жасайық:
1. Қазіргі өндірістер, әр түрлі жағдайлар талабына сәйкес көптеген сурет материалдарын дайындайды.
2. Сурет материалының жарыққа сезімтал, контрастылығы және мүмкіндіктерін білу, түсірудің мәнін, мақсатын және жағдайын дұрыс таңдауға көмегін тигізеді. Суретке түсіру жұмыстарының сапалы түрде орындалуы, сурет материалының химиялық Өңделуіне байланысты.
Химиялық реактивтер
Сурет материалын жарықтандырып болғаннан кейін, көрінетін бейне шығару үшін оны химиялық реактивтермен өңдеу қажет. Өңдеудің алғашқы сатысы-шығару. Айқындау құрамы анық қолданылуына байланысты болады. Көп жағдайларда айқындауыш құрамына мыналар енеді:
1. Шығарушы заттар: метал, гидрохинон, алмдол, гимизикфенидон.
2. Жеделдетуші заттар, бұлар сілтілер, өйткені сілтілер ортасында металдар қалпына келеді (натрий, сода, көмірқышқыл калий, бор қышқылды натрий, улы зат (едкий)).
3. Сақтаушы заттар (консервирующее), айқындалушы затты тотығудан Қорғайды (натрий сульфиті, калий метабисульфиті, натрий бисульфиті).
4. Перделенуге қарсы заттар, бейнеде перде пайда болуынан қорғайды (бромды калий, йодты калий, роданилі калий).
Айқындаушы заттар, сурет материалының әкспонираланған әмульсия қабатының голоидті күміс кристалдарымен жанасқанда металл күмістің кристалдарын, жарықтануға байланыссыз, түйіршіктерге айналдырады.
Бґл процесстің жылдамдығы, кристалдар түріне қатысты. Түсіру кезінде жарықтандырылған голоидті күміс кристалдары бірінші, түйіршіліктерге айналады. Жарықтандырылған кристалдар метал күміске бірнеше минутта тіпті секундта айналса, ал жарықтандырылмаған кристалдарға бірнеше сағат қажет. Жарыққа сезімтал қабатта қалған, шықпаған криссталдарды шайып тастамаса, кейін олар қарайып, сурет бұзылады. Голоидті күміс суда ерімейді. Сондықтан оны еріту үшін шығарылған материалды бекіту (финсирования) процесінде, бекітуші зат, фиксажды ерітіндіде еритін тұздар пайда болуына ісер етеді. Негізінен басты фиксажды ерітінді ретінде күкүртті қышқыл натрий (гипосульфит) қолданылады.
Сонымен бірге қышқыл және қышқыл қатайтушы фиксаждар пайданылады. Қышқыл фиксаждар айқындауш әсерін тез арада тоқтатса, ал қатайтушы әмульсия желатинін нығыздап, оны төзімді етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет