4.3-тақырып, Еңбек кітапшасы. Тіркеу карточкасы Жоспары:
1 . Еңбек кітапшасы
2. Тіркеу
Еңбек кітапшасы — қызметкердің еңбек қызметін растайтын және бірыңғай үлгіде толтырылатын құжат [1]. 5 күннен артық жұмыс істеген адам ала алады. Оған қызметкердің тегі, аты-жөні, туған күні мен жылы, білімі, кәсібі, мамандығы, жұмысы туралы, жеке еңбек шартының мерзімі, оның тоқтатылуы мен бұзылуы толтырылады.
Еңбек кітапшаларын жүргізудің және сақтаудың тәртібі Еңбек кітапшасын жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растау үшін жүргізеді. Еңбек кітапшасына:
қызметкер туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, білімі, кәсібі, мамандығы;
марапаттау және көтермелеу туралы мәліметтер енгізіледі.
Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалаулардың қолданылғаны туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмейді
Тіркеу, құқықта – өкілетті субъектінің (мысалы, мемлекеттік тіркеуде – тиісті орган арқылы мемлекеттің) есепке алынуға және тіркелуге тиіс ақиқатты, тіркеу объектісіне заңдылық беретін, оны заңи мәнді ететін оқиғаларды немесе құбылыстарды заң жүзінде тану және қуаттау әрекеті. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу осы субъектілерде өздерінің құқықтық қабілеті шегінде азаматтық айналымға қатысу үшін қажетті әрі жеткілікті тиісті мәртебенің бар екенін куәландырады. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу объектінің түріне қарай жылжымайтын мүлікке зат құқығының ауысқандығын немесе жылжымайтын мүлікпен тиісті мәміленің заңдылығын қуаттайды; кең мағынада алғанда ақиқатты, оқиғаларды немесе құбылыстарды қайсыбір тізімде, тізілімде, есеп кітабында, т.б. көрсету; тізбе, хаттама жасау.
4.4-тақырып, Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Визит карточкасы Жоспары:
1 . Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
2. Жеделхаттар.
Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар нақты істер туралы ақпараттардан тұрып, шешімдер қабылдау мен бұйрық сипатындағы құжаттарды дайындауға негіз болады.
Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға анықтамалар, баянхаттар немесе түсініктемелер, актілер, әртүрлі хаттар және т.б. жатады. Олар ұйымдастырушылық — бұйрық құжаттарға қосымша болып келеді де, міндетті түрде орындауға жатпайды. Олардағы ақпарат іс-әрекетке итермелегенімен, мәлімет ретінде ғана қабылданады.
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар ұйымдық-құқықтық және өкімдік құжаттарға қарағанда қызметтік рөл атқарады. Оларда өкімдік құжаттардағыдай тапсырма болмайды, міндет жүктемейді, тек белгілі бір мәселелер бойынша шешім қабылдауға итермелейтін мәліметтер болады, яғни басқару ісіне байланысты тиісті шараларды қарастыруға ықпал етеді, басқаша айтқанда, басқару жолымен әсер ету әдістерінің бірін таңдауға мүмкіндік жасайды.
Анықтамалық-ақпараттық құжаттардың бір ерекшелігі – олар басқару жүйесі бойынша төменнен жоғары: қызметкерден бөлімше басшысына, бөлімше басшысынан ұйым басшысына, ведомствоға қарасты ұйымдардан жоғарғы орындарға қарай жүреді.