Теориялық және қолданбалы механика


Сығылуға сынаулардың ерешеліктері



бет28/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
ТМ Сборник лекции каз (копия)

11. 2 Сығылуға сынаулардың ерешеліктері
Мұнда үлгілер текше немесе биік емес цилиндрлер (h≤3d) немесе куб түрінде алынады, керісінше иілу пайда болуы мүмкін. Өте қысқа үлгілерді де пайдалануға болмайды, өйткені шеткі беттеріндегі үйкеліс күштері бірталай әсерін тигізеді.
Морт материалдар үшін сығылу диаграм-масының түрі созу диаграммасымен бірдей болады. Диаграмма бойынша σб мен δ анықталады; сығылу кезіндегі беріктік шегі созылу кезіндегі беріктік шегінен әдетте артық.
10.5 суретте пластикалық материалдың типтік сығылу диаграммасы көрсетілген. Басында ол созу диаграммасымен бірдей болады, кейін тікшіл көтеріледі, үлгі жалпаяды және қирамайды. Пластикалық материалдар үшін созылу және сығылу кезіндегі жұмсару шектері көптеген жағдайда бірдей болады.
10.3 Температура мен уақыттың материалдар қасиеттеріне әсері
температура мен t уақыт факторларының материалдардың қасиеттеріне әсерін зерттеу өте күрделі мәселе болып келеді, сондықтан тек дербес жағдайлар қарастырылады.

σжұм
10.6 суретте аз көміртекті болат үшін Е серпімділік модулі, σжұм жұмсару шегі, σбер беріктік шегі мен үзілгендегі δ ұзаруының -ға тәуелділіктері көрсетілген. температурасының 0…300ºС аралығында серпімділік модулі шамалы ғана кемиді. Одан айтарлықтай көбірек σбер мен δ өзгереді, сонда морт қасиеттеріне ие болу орын алады – үзілу кезіндегі ұзаруы кемиді. әрі қарай өскенде, болаттың пластикалық қасиеттері қайта оралады, ал беріктігі бірталай төмендейді. Жоғары кезіндегі морт қасиеттеріне ие болу аз көміртекті болаттарға тән. Легирленген болаттар және түсті қорытпалар δ шамасының бір сарынды өсуін және σбер мен σжұм азаюын көрсетеді.
Жоғары болған кезде (органикалық материалдар үшін төмен кезінде де) жүктелген бөлшекте кернеулер мен деформациялар уақыт өтуімен өзгереді, бұл құбылыс жылыстау деп аталады.
Жылыстаудың дербес білінуі – зардап, яғни тұрақты кернеу кезіндегі жойылмайтын деформациялардың өсуі. Мысалы: центрден тепкіш күштер және жоғары әсерінен бу және газ турбиналарының дискілері мен қалақшалары өлшемдерінің өсуі. Жылыстау қасиетінің тағы бір дербес білінуі – релаксация, ол тұрақты деформациялар кезіндегі уақыт өтуімен кернеулердің өзінен-өзі өзгеруі, мысалы, жоғары кезінде қосылыстардағы болттардың бұрап тартылуының босауы.
Жылыстау кезіндегі материалдың негізгі сипаттамалары келесі:
а) ұзақ беріктіктің шегі – бұл созылған үлгінің берілген уақыт өткеннен кейін қирау болғызатын жүктеменің қиманың бастапқы ауданына қатынасы;
б) жылыстау шегі – берілген уақыт аралығында пластикалық дефор-мацияны берілген шамаға жеткізетін кернеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет