9.1 мысал - 9.4,а суретте екі шеті бекітілген және F күшімен жүктелген сырық көрсетілген; RA мен RB реакцияларын табу керек.
Шешуі. Мұнда тек қана бір тепе-теңдік теңдеуін құруға болады
. (9.11)
RA мен RB реакцияларын табу үшін тағы бір теңдеуді қолдану керек (САД=1). Ол үшін оң жақтағы қатты бекітпені алып тастап, оның сырыққа әсерін RB реакциясына ауыстырамыз. Енді тек F күші түседі, ал RB күші жоқ деп алайық. Онда F күшінің әсерінен сырықтың тек қана а ұзындығымен сол жақ аралығы деформацияланады, соның нәтижесінде күш түсірілген қима ∆lF=F∙a/(E∙A) шамасына оқ жаққа орын ауыстырады. Сонда b ұзындығымен оң жақ аралығы деформацияланбайды, ол тек қана қатты дене секілді дәл сол ∆lF шамасына оң жаққа орын ауыстырады. Енді тек қана RB күші түседі, ал F күші жоқ дейік. RB күші әсерінен сырық толығымен деформацияланады, оның нәтижесінде сырықтың оң жақ шеті ∆lRB= RB∙l/(E∙A) шамасына сол жаққа орын ауыстырады. Шындығында, сырықтың оң жақ шеті бекітілген соң, ол орын ауыстырмайды. Сонымен, оның F күші әсерінен болған оң жаққа орын ауыстыруы RB күші әсерінен болған сол жаққа орын ауыстыруына тең болу керек
∆lF - ∆lRB = 0,(9.12)
яғни . (9.13)
(9.13) пен (9.11) теңдеулер жүйесінен RA және RBтабылады. Содан кейін Nэпюрін тұрғызу, кернеулерді, деформацияларды және орын ауыстыруларды анықтауы статикалық түрде анықталатын есепте секілді орындалады.
Статикалық түрде анықталатын жүйелер элементтерінде ІКФ мен кернеулер тек қана сыртқы күштер әсерінен пайда болады, ал статикалық түрде анықталмайтын жүйелер элементтерінде олар сыртқы күштер болмаса да (температураның өзгерісі, тіректер орнынан ауытқуы және конструкцияның кейбір элементтері дәл өлшемдерімен жасалмауы себебінен).