Тыңдалым әрекетін меңгерту және бақылаудың маңызы көпеш Күлән Бейсенбайқызы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата18.05.2022
өлшемі135,7 Kb.
#34940
түріСабақ
1   2   3
 
Түйін сөздер: сөйлесім әрекеті, тыңдалым, түсіну, меңгерту 
Key words: the act of speaking, listening, comperhension, development 
Адамның күнделікті өмірі қарым-қатынас жасаудан тұратын белгілі. 
Ал қарым-қатынастың негізі – сөйлесу. Сондықтан жақсы қарым-қатынастың 
болуы, дұрыс сөйлесуден, нақтырақ айтсақ, адамдардың бірін бірі түсінуінен 
тұрады. Қай жастағы адам болсын өзі түсінбейтін ақпаратты, әуені қанша 
жағымды болса да сөзін түсінбеген соң әнді де тыңдай алмайды. Өзге тілдегі 


ақпаратты тыңдап, оны түсіне білуге үйрену – жүйелі, үздіксіз жүргізіген 
жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында тыңдата 
білу, сөйлесу үшін тыңдай білу, тыңдалған ақпаратты қолдана білуге үйрету 
және тыңдалған ақпараттың меңгерілу нәтижесін білу үшін бақылау 
жолдарын қарастыру – біздің мақаламыздың басты мақсаты. Осы аталған 
мақсат бойынша тыңдалым әрекетін меңгерту үшін тіл үйренушілердің 
дайындығына қойылатын талаптар, тыңдалынатын ақпаратты таңдау, 
тыңдатуға арналған құрал-жабдықтар, сонымен қатар, тіл үйренушінің 
тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауына байланысты сұрақтар 
туындайды.
Ғалым Ф. Оразбаеваның айтуы бойынша, түсіну – сөйлесім әрекетінің 
барлық түрлеріне тән ең басты көрсеткіш. Бір адам екінші адамның 
айтқанын түсінбесе, ұқпаса, онда пікірлесу мен сөйлесу жүзеге аспайды. 
Сөйлесім әрекетіне қатысты айту да, оқу да, жазу да, есту де, тілдесу де 
белгілі бір хабарланған, баяндалған ойды түсінуге негізделеді. Сондықтан
«аудирование» дегенді түсіну емес, «тыңдалым» деп атайтынын, түсіну 
процесін осы әрекеттердің бәріне ортақ ұстаным ретінде танитынын 
айтады[1]. 
Тіл үйретуде тыңдалым әрекетінің маңызды орны бар. Әрине сөйлесім 
әрекетінің төрт түрінің де өзіне тән ерекшеліктері бар. Бірақ оларды тек бір-
бірімен тығыз байланыста қолдану ғана белгілі бір нәтижеге жеткізетіні 
анық. Дегенмен, «Тыңдай білу – ұлылық», «Тыңдамаса, сөз – жетім ...», 
«
Құйма құлақ құйып алады» деп халқымыз бекер айтпаса керек. 
Тыңдалым – сөйлеу әрекетінің ауызша баяндау түрі. Тыңдай отырып, 
өзіміздің серіктесімізден қажетті мәліметті аламыз және оның ойын, 
мақсатын білеміз [2]. 
«Тыңдалым» – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – 
«есту арқылы түсіну». Бұл термин айтылған не техникалық аппараттарға 
жазылған аудиомәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде 
қабылдау және түсіну дегенді білдіреді. Бұл атаудың ең басты мәні адамдар 
арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын тілдік бірліктерді тыңдау, 
есту арқылы қабылдау және ұғу [1]. 
Тыңдалымды меңгертуде «Қазақ тілі» пәні бойынша әр деңгейде тіл 
үйренушілердің дайындығына қойылатын талаптарды негізге алу керек [3]:
Деңгей 
түрлері 
Тыңдалым 
әрекеті 
бойынша 
тіл 
үйренушілердің 
дайындығына қойылатын талаптар 
Қарапайым 
деңгей 

Қысқа мәтіндерді тыңдау арқылы түсіну, таныс сөздер мен 
қысқа фразаларды ұғу; 

Күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды (өзі 
туралы, отбасы жайында т.б.) түсіну; 
Таныс тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру. 
Негізгі деңгей - Сөйлесу кезінде жеке сөз тіркестерін және өзіне қатысты 
жиі қолданылған сөздерді түсіну (өзі және отбасы туралы, 
сатып алған заттары туралы, мекенжайы, жұмыс орны жайлы 
т.б.); 



Жай сөйлем түрінде қысқаша айтылған сөйлемдерді, 
хабарландыруларды түсіну. 
Орта деңгей 

Нақты айтылған ойды, әдеби нормаға сай сөйлемдерді 
түсіну; 

Мектепте, жұмыста, демалыста т.б. белгілі тақырыптар 
бойынша берілген сөйлемдерді түсіну және қолдана алу; 

Сөйлеушілер өз ойларын анық және асықпай айтса, толық 
түсіну. 
Ортадан 
жоғары 
деңгей 

Өзіне таныс нақты, анық айтылған мәтіндерді; жұмыста, 
қоғамдық орындарда ауызекі тілде айтылған ақпаратты; 
радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну; 

Өзіне және кәсібіне қатысты нақты, анық айтылған 
хабарды, ақпаратты түсіну. 
Жоғары 
деңгей 

Өзіне таныс баяндамалар мен лекцияларды түсіну; 

Радиодан және теледидардан берілетін күнделікті өмірде 
қайталанатын ақпараттарды түсіну және бағалай білу; 

Көркем фильмдердің мазмұнын түсіну; 

Әртістердің сөзін түсініп, өзіндік пікір білдіру.
Жетік деңгей - Логикалық жағынан дұрыс ұғылмаған, ой нақты берілмеген 
хабарламаларды өз бетінше түсіну; 

Радио және теледидардан берілген хабарларды еркін түсіну; 

Әңгіменің не жөнінде екенін білу; 

Тыңдаған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға еркін жауап 
беру; 

Мәтінде белгісіз сөздер кездессе де, оның жалпы мазмұны 
мен мағынасын ұғу. 
Жоғарыдағы кестеде берілгендей, тыңдалымға қажетті ақпарат тіл 
үйренушінің күнделікті өміріне байланысты болу керек екеніне көз 
жеткіземіз. Қарапайым деңгейден бастап жетік деңгейге дейін: жекелеген 
дыбыстар, буындар, сөздер, сөз тіркестерін ажыратуға арналған 
тапсырмалар, қысқа сұхбаттар, өмірден алынған әңгімелер, теле-радио 
жаңалықтары, бейнежазбалар, ән клиптері, көркем фильмдерден үзінділер, 
аутентикалық аудиомәтіндер – қазақ тілі сабақтарында орындалатын 
тапсырмалардың ажырамас бөліктері. 
Тыңдалымның ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын тіл үйрету барысында 
мәтінді қандай мақсатта және қалай тыңдатамын деген сұраққа жауап 
іздейік. Тілдік қатынаста сөйлесім әрекеті түрлерінің орнын пайыздық 
көрсеткішпен төмендегідей берген: тыңдалым – 42%, айтылым – 32%, 
оқылым – 15%, жазылым – 11%. Тыңдалым барысында тіл үйренуші 
ақпаратты қабылдау және танып білу, түсіну, сонымен қатар, тыңдалған 
ақпаратты іштей өңдеу сияқты күрделі психолингвистикалық үдерістен 
өтеді. Сондықтан тыңдалым әрекетін меңгеруді тіл үйренушінің белсенділігі 
болу керек. Тыңдалымның коммуникативтік қызметінен басқа бірнеше 
қосымша міндеттері бар. Олар: тіл үйренушінің тілдік қарым-қатынасқа 
түсуін ынталандыру, оқыту үдерісін басқару, жаңа материалды меңгерту, 


сөйлесім әрекетінің басқа түрлерінде білім, білік дағдыларын 
қалыптастырудың негізі болу, тіл үйренушімен кері байланыстың және оның 
білімін бақылау, бағалаудың тиімді болуына ықпал ету [4].
Сөйлесім әрекетінің барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланыста 
болғандықтан, тапсырмалар жүйесі де тығыз байланыста болмақ. Тыңдалым
мен айтылымды бір-бірінсіз елестету мүмкін емес, өйткені ақпаратты 
қабылдау оның айтылуына, тіл үйренушінің өнімді еңбегі айтылған 
ақпаратты ұғуына байланысты. Тілдесім әрекетінің нәтижелі болуы 
тыңдалған ақпараттың есту каналдары арқылы меңгеріліп, ішкі сөйлеудің 
дамуына байланысты. Жазылым әрекетінде тапсырмалардың түріне қарай 
тыңдалған ақпаратты дұрыс қабылдау, талдау, жинақтау, нақтылауға 
байланысты тіл үйренушінің еңбегі көрінеді. 
Тыңдалымды дамытатын дағдылар мен амалдар [2] 
Дағдылар 
Амалдар 
Білім:Сөздің 
фонетикалық, 
грамматикалық құрылысын ести 
отырып қабылдай білу 
Түсіну мен жаттау. 
Сөздік:Естіген сөзді мағынасымен 
сәйкестендіру 
Мәтіндерді түсіну үшін тыңдау 
Қарым-қатынастық: тыңдау кезінде 
алдына мақсат қоя білу және оны 
айтушы көзқарасымен бірлікте 
жүзеге асыруға тырысу 
Жағдаяттарды шешу үшін мақсат 
қоя тыңдау 
Тіл үйренушінің бойында тыңдалымды меңгертуге байланысты білім, 
білік, дағдыларын дамыту келесі әрекеттермен байланысты: 
1. 
Тыңдалым – қазақ тілі сабақтарының ажырамас бөлігі болу керек. 
2. 
Тіл үйренушілердің тыңдалыммен жұмыс істеу ережелерімен таныс 
болып, тапсырмаларды белгілі бір тәртіппен орындауынміндеттеу 
керек. 
3. 
Аптасына бір рет болса да тіл үйренуші тыңдаған мәтіні бойынша үй 
жұмысын орындауы тиіс. 
4. 
Оқытушы сабақты жоспарлаған кезде тыңдалым тапсырмалар 
оқытудың әр деңгейіне қарай іріктеліп берілуге тиіс.
5. 
Тіл үйренушілердің деңгейіне қарай тыңдалым әрекетіне аутентикалық 
мәтіндерді міндетті түрде кіргізу керек. Бұларға теле-радио 
хабарларын, бейнежазбалардан үзінділерді тыңдатуды жатқызуға 
болады.
6. 
Оқытушы ұсынып отырған мәтіннің тіл үйренушінің тілді білу 
деңгейіне қарай тақырыбын, мазмұнын дұрыс таңдап, тапсырмалардың 
жеңілден қиынға құрастырылуын қадағалау керек. 
7. 
Аудиомәтінді ұсынғанда оларға арналған мақсат та бірге ұсынылады: 
Мазмұнды толық түсіну, ең басты ойды түсіну, ақпаратты өз қажетіне 
қарай нақтылап түсіну, болжам жасай білу және т.б.


8.
Тыңдалымды меңгертуге арналған тиімді техникалық құралдар 
(аудиодискілер, бейнесюжеттер, ғаламтор мүмкіндіктерін және т.б.) 
мен оны өткізетін орынды, мезгілді таңдау қажет 
9. 
Тыңдалымды жаңа материалды меңгертуде және тіл үйренушінің 
білімін бақылау, бағалауда да қолдану керек. 
10. 
Тыңдалым бойынша емтихан аралық бақылау, қорытынды емтихан 
жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. 
Тіл үйрену екі жақты үрдіс болғандықтан тіл үйренуші де мәтінді тыңдар 
алдында өзіне міндеттер белгілеп алуы қажет: 

Өзіне қойылатын талапты білу – мәтінді не үшін, қандай мақсатта 
тыңдайтынын анықтау. 

Мәтінді тыңдап отырғанын көрсету – айтушыға назар аудару. 

Қайталап сұрау, нақтылау – айтушыны ынталандыру. 

Сұхбаттасымен келісу, келіспеу мақсатында өз пікірін білдіру – өзінің
түсініп отырғанын айтушысына сендіру. 
Тіл үйренушінің тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауы мәтін 
мазмұнының ақпараттылығы мен композициялық құрылымына, сондай-ақ
мәтін көлемі мен айтылу уақытына байланысты. Аудиомәтіннің бірінші 
сөйлемінен бастап, негізгі ойды білдіретін, фактілер мен дәлелдемелерден 
тұратын ақпараттың болуы, айтылған ойдың логикалық жүйелілігі және 
соңында мәтіннің мазмұнын ашатын қорытындының берілуі – тыңдалымды 
меңгертуге немесе бақылауға арналған әдістемелік талапқа сай мәтін деп 
атауға болады.
Тыңдалым әрекетін меңгертуге арналған жаттығу түрлері тіл үйренушінің 
тілді білу деңгейіне, жас ерекшелігіне мақсатына, өмірдегі қажеттілігіне 
қарай құрастырылады. Сонымен қатар тыңдалатын мәтіндердің тәрбиелік 
мәні, тіл үйренушінің қызығушылығын арттыратындай белгілі бір мәселесі 
және сөйлеудің әр түрінің (монолог, диалог, полилог) қамтылуы – мәтін 
мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі. Тыңдалған ақпарат қарым-
қатынас жасауға негіз болу керек. 
Жаңа ақпаратты меңгертуге арналған мәтіндерді қайталап тыңдату 
нәтижесін береді. Бірақ кейбір зерттеулерге назар аударатын болсақ, 
қайталап тыңдау түсінуді 16,5 %-ға, үшінші рет тыңдату 12,5 %-ға 
(екіншісімен салыстырғанда) жақсартады, содан кейінгі қайталауларда оң 
көрсеткіштің болмайтыны байқалған [4]. 
Аудиомәтінмен жұмыс үш түрлі кезеңнен тұрады: мәтіналды жұмыс, 
мәтінмен және мәтіннен кейінгі жұмыс. Мәтіналды жұмыстарында белгілі 
бір жағдаят туғызу немесе жекелеген сөздер, сөз тіркестері, суреттер, жоспар 
арқылы тіл үйренушіге тыңдайтын мәтін тақырыбына болжам жасату керек.
Мәтінмен жұмыс тікелей тыңдау барысында орындалады. Тыңдау 
арқылы қабылдау, түсіну қабілеттерін дамытуға арналған фонетикалық, 
лексика-грамматикалық жаттығулар орындату: берілген ақпаратпен келісу-
келіспеу, сұраққа жауап, түсіп қалған дыбысты, қосымшаны, сөзді анықтау,
сөйлемді аяқтау,т.б.


Үшінші кезең үш түрлі тапсырмадан тұрады: 1) Тыңдалған мәтінді түсіне 
білу; 2) қабылданған ақпаратты шығармашылық өңдеуден өткізе білу; 3) 
алынған ақпаратты тілдік қарым-қатынаста қолдана білу. Яғни, бұл кезеңде 
алынған ақпартты дискуссияда, біреуге кеңес немесе жаңа ақпарат беруде 
қолдану керек.
Сонымен тыңдалған мәтінді тіл үйренушінің түсінгенін бағалау үшін 
төмендегі талаптар қойылады:
а) мәтін мазмұнының толық, дәл айтылуы және түсіну тереңдігі; 
ә) тақырыпты (айтылған ойды) анықтауы; 
б) тілдесушілердің мінездерін өзінше түсінуі (әлеуметтік, психологиялық, 
жасына және рөліне қарай, таныстық деңгейлері және т.б.); 
в) аудиомәтіндегі кейіпкерлердің қатысымға түсу ниеттерін анықтау 
(келісу, кеңес беру, ақпарат алмасу) 
г) тіл үйренушінің түсінген-түсінбегенін бақылау үшін, альтернативті 
мәтін ұсынуға болады 
Жоғарыда атап өткеніміздей, тыңдалымды меңгертумен қатар оны 
бақылау, бағалау қатар жүріп отырғанда ғана жұмысымыздың нәтижесін 
көре аламыз. Тыңдалымды бақылау мен бағалауда ғалым З.Күзекованың 
еңбектеріне жүгіну – тыңдалымды меңгертуге байланысты жаттығулардың, 
тіл үйренушілердің қандай деңгейде екеніне көз жеткізеді. Ғалым қатысым 
ситуацияларында пайдаланылатын тілдік материалдарды екшеп, сұрыптап 
ала отырып, сол материалдар негізінде тілді білушінің тілді 
коммуникациялық мақсаттарға қолдана алуын тексеруге бағытталған 
коммуникативтік тест тапсырмаларын қолдану – қазақ тілін тестілеудің 
тиімді әдіс-тәсілдері мен техникасына арналған әдістемелік көмекші 
құрал[5]. 
Осы аталған әдістемелік құрал бойынша тыңдалымды бақылауға 
байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін ұсынбақшымыз. Тыңдалым бөлімін 
тестілеу үш бөліктен (А, В, С): шағын, ұзақ диалогтар және монолог 30 
тапсырмадан тұрады. Мәтінді бір-ақ рет тыңдау керектігін ескеру керек. 
Сұрақ кітапшадан тапсырмаларды оқып, жауап парағына белгілеуге қажетті 
уақыт беріледі. Бір ескеретін жағдай: тапсырма саны ұлғайған сайын 
тапсырма, сұрақтар және мәтіндердің қиындық деңгейі де күрделенеді.
Тапсырмалар мазмұны; таңдауға арналған сұрақтар (Multiple Choice), 
сөйлемді аяқтау, қысқа жауапты тапсырмалар, сәйкестігін атау, дұрыс сұрақ 
қоя білу, мәтіндердің тақырыбын табу. Тыңдалым әрекетін меңгерту
бақылау, бағалауда жақсы құрастырылған тест тапсырмалары, жаттығулар 
жүйесі, З. Күзекованың айтуы бойынша, тіл үйренушіге екі түрлі себеппен 
көмектесе алады: 
Біріншіден, аудиторияда көпшілік қауымның тіл үйренуге деген ынтасын 
оятады. Мотивациялық тұрғыдан тиімді оқыту нәтижесіне қол жеткізу үшін 
оқытушылар негізінен оң ахуал қалыптастыруға тырысады. 
Екіншіден, тест тіл үйренушілердің тілдік білімін жетілдіруге жетелейді, 
көмектеседі. Тіл үйренуші тест тапсыруға дайындалудан, оны тапсырудан 
кейінгі нәтижесін талқылаудан тек оның пайдасын көреді [5]. 


Тыңдалымды меңгерту де, бақылау мен бағалау да арнайы жазылған 
аудио, видеоқұрылығылар, радио, ғаламтор және электронды оқу 
құралдарымен жұмыс істеуді қажет етеді. Бұл – өз алдына үлкен тақырып. 
Жоғарыда аталған техникалық және электрондық құралдармен жұмыс істеу 
тыңдалым әрекетін меңгертуде тиімділігімен қатар, тіл үйренушілердің 
қызығушылығы мен ынтасын, белсенділіктерін арттырады. Олармен 
жұмысты тек тыңдалымды ғана емес, сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін 
меңгертуде, қазақ тілі сабақтарының барлық кезеңдерінде және барлық 
аудиторияларда жүргізуге болады. Әрбір оқытушы оны өз тарапынан 
қажетіне, өз әдістемесіне қарай қолданады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет