Тіл – құрал. Қазақ тілін меңгеру деңгейін тестілеу əдісімен бағалау емтиханына дайындық үшін оқу-əдістемелік құралы



Pdf көрінісі
бет7/162
Дата16.12.2023
өлшемі3,42 Mb.
#140056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162
Байланысты:
КАЗТЕСТ Учебно-методическое пособие (Тіл – құрал) B1

Тыңдалым бөлігі
Блок Аудирование 
Тыңдалым 
бөлігіне шолу
Алдын ала тест
Тест 
тапсырмаларын 
талдау
Қорытынды 
тест
I
тарау


11
ТЫҢДА
ЛЫМ 
БӨЛІГІ
Тыңдалым бөлігіне шолу
Тыңдалым бойынша тест мақсаты – тіл қолданушының тыңдаған 
мəтін тақырыбын, идеясын түсіну, мəтіндегі негізгі пікірлер мен 
қате пікірлерді анықтау, нақты деректер мен мəтін бөліктеріндегі 
ақпараттарды есте сақтау, жауап бере алу дағдыларын бағалау. 
Қазақ тілін орта деңгейде меңгеруді бағалауға арналған тыңдалым 
бөлігі бойынша тест 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде қарапайым жəне базалық деңгейлердегі 
жағдаяттарды кең əрі толық сипаттаған 10-12 сөйлемнен тұратын 
орташа 4 диалог беріледі. Əр диалогке 3 тапсырмадан, барлығы 
12 тест тапсырмасы берілген. Əкімшілік орындарда (деканатта, 
дирекцияда, офисте), поштада, банкте, ақша айырбастау 
орындарында, театрда, мұражайда, қонақ үйде т.с.с. болған 
диалогтер, газеттен алынған немесе көркем əдебиет кейіпкерлерінің 
бейімделген сұхбаттары қолданылады. Тапсырма мəтіндердегі 
дұрыс ақпаратты көрсетіп, қате пікірлер мен сəйкес пікірлерді табуға 
құрылған. Дұрыс жауап нұсқасы қазіргі сөйлеу ережесіне, этикалық 
нормаға сай грамматикалық тұрғыдан сауатты болуы қажет. 
Екінші бөлімде 15-25 сөйлемнен тұратын ұзақтау 2 диалог беріледі, 
əр диалогке 4 тест тапсырмасынан, барлығы 8 тапсырма берілген. 
Диалогтер газет-журналдардан алынған мəтіндерді жаңа кітаптар, 
театр қойылымдары, спорт жаңалықтары, мəдениет жаңалықтары 
мен саяси оқиғалар т.б. тақырыптарды қамтиды. Үлкен-кішімен, 
құрдастармен, бейтаныс ортамен қарым-қатынас орнатуға құрылған 
сұхбаттар да беріледі. Тапсырма сұхбатқа қатысушылардың 
жаңалықтарды қабылдау жайы мен көңіл күйін, сезімі мен көзқарасын 
анықтауға жəне негізгі пікірді көрсетуге, нақты деректерді айқындау 
мен диалогке қатысушылардың ниетін түсінуге бағытталады.
Үшінші бөлімде 180-200 сөзден немесе 25-30 сөйлемнен тұратын 
2 монолог беріледі. Мəтінде таныс емес жаңа сөздер де кездеседі. Əр 
диалогке 5 тест тапсырмасы, барлығы 10 тест тапсырмасы беріледі. 
Оқу орындары, жұмыс түрлері жайлы жарнама, мамандығы, қызметі 
жайлы кең түрдегі əңгіме, еліміздегі жоғары оқу орындары туралы 
мəлімет, қаланың көрікті жерлері, қазақ халқының тұрмысы, салт-
дəстүрлері жайлы мəтіндер, аздап бейімделген іс-қағаздар үлгілері 
(қызметтік хат, мінездеме, өмірбаян) беріледі. Тапсырмалар мəтін 
тақырыбын дəл табуға, мəтін идеясын түсінуге жəне мəтін бөліктерін 
айқындауға құрылады.
Тыңдалым бөлігінің тапсырмаларын дұрыс орындау үшін: 
1) мұқият тыңдау; 
2) жалпы түсіну; 
3) ұзақтау диалогтер мен мəтін мазмұнын толық түсіну; 
4) бірнеше ақпаратты бөлшектеп есте сақтау; 
5) мəтіндегі ақпараттардың берілуіне – грамматикалық құрылымына 
(болған іс, болатын іс, болып жатқан іс) назар аудару қажет. 


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет