233
тұрмыс жақсы, сізді құрметтейміз, не
қыл деген жарлығың
орындалады. Біздің елге жүріңіз, – деп қасқыр пілге зулады.
– Жарайды, – деп піл қасқырға еріп жүрді. Пілді алып,
қасқырың сазға келді. Батпаққа піл жығылды.
Кәрі қасқыр пілге: – Енді не айтасың – соны біз қыламыз, –
деді.
Піл тұрып: – Мені батпақтан суырып алыңдар, мен бұйырам!
– деді.
Кәрі қасқыр күліп: – Құйрығымнан ұста, қазір шығарайын,
– деді.
Піл тұрып: – Мені сен құйрығыңмен шығара аласың ба? –
деді.
Кәрі қасқыр тұрып: – Олай болса, орнына келтіре алмайтын
жарлықты сен неге қыласың? Бұрынғы патшамызды орындал-
майтын жарлық қылған соң біз қудық, – деді. Сазда өліп жатқан
пілді қасқырлар жиылып жеді.
58. Сепле, балықтар, шаян
Көлдің жағасында бір сепле [цапля немесе көкқұтан] өмір
сүріп, сол жерде қартайды. Әлі кетіп кәрі сепле балық алып,
жеуден қалды, амалмен күнелтуді ойлады.
– Сендер,
сорлы балықтар, түкті білмейсіңдер: сендерге
қандай пәле келе жатыр. Мен есіттім: көлді ағызып құрғатып
жіберіп, балықтың бәрін адам ұстап алмақ. Мен білетін тау
астында бір жақсы көл бар. Сендерге мен болысар едім, бірақ
кәртайдым, ұша алмаймын, – деп сепле балықтарға достығын
білгізді. Балықтар жалынып, көмек көрсет деп сепледен сұрады.
– Амал жоқ, жарайды, болысайын, бірақ бір-бірден болмаса,
көп балықты
біржолата көтеруге әлім жоқ, – деді.
Балықтар қуанды: – Мені әкет, мені әкет! – деп анау да, мы-
нау да жалынды.
Сепле балықтарды бір-бірден таси бастады: далаға алып ба-
рады да жейді. Өстіп көп балықты жеді. Көлде кәрі шаян бар
еді. Сепле балықты таси бастағанда, шаян сұмдықты білді.
234
Кәрі шаян тұрып:
– Жә, сепле, жаңа қонысқа енді мені алып бар, – деді.
Шаянды алып сепле жөнелді.
Далаға әкеліп, жерге таста-
йын деп еді, балықтың сүйегін шаян көріп, сепледен айрылма-
ды, қайшысымен сеплені мойнынан алып буындырып өлтірді.
Көлге қайтып келіп, шаян көрген-білгенін балықтарға баян етті.
Достарыңызбен бөлісу: