Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет93/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

56. Сұңқар мен әтеш
Иесі шақырса, сұңқар қолына қонады. Иесі жақындап келсе, 
әтеш қаша жөнеліп, ойбай салады.
– Әтеш тұқымында тәңір жарылқасын жоқ, тексіздігі 
көрініп тұр. Құлсыңдар сендер: аш болсаңдар ғана иелеріңе 
барасыңдар. Біз, тағы құс, сендердей емеспіз: біз мықтымыз, 
біз ұшқырмыз, кісіден қашпаймыз, шақырса – қолына барып 
қонамыз, кім тамақ беретінін біз білеміз, – деп сұңқар көпіре 
соқты.
– Сендер, сұңқарым, қуырдақ қылып қойған бір сұңқарды 
көрген жоқсыңдар. Біз күнде майға қайнатқан әтешті көреміз; 
сендер сол үшін кісіден қашпайсыңдар, – деп әтеш сұңқарға 
жауап берді.
57. Піл мен қасқыр
Қасқырлар ағаш ішіндегі жемтігін жеп бітірді. Енді жейтін 
түк қалмады. Кәрі қасқыр тамақ асырайтын амал тапты: пілге 
барды.
«Біздің патшамыз құтырды: қолдан келмейтінді істе деп 
жарлық салды. Біз енді өзге патша сайлап алмақ болдық. Сізді 
патша қоямыз деп, шақырып кел деп мені жұмсады; біздің 


233
тұрмыс жақсы, сізді құрметтейміз, не қыл деген жарлығың 
орындалады. Біздің елге жүріңіз, – деп қасқыр пілге зулады.
– Жарайды, – деп піл қасқырға еріп жүрді. Пілді алып, 
қасқырың сазға келді. Батпаққа піл жығылды.
Кәрі қасқыр пілге: – Енді не айтасың – соны біз қыламыз, – 
деді.
Піл тұрып: – Мені батпақтан суырып алыңдар, мен бұйырам! 
– деді.
Кәрі қасқыр күліп: – Құйрығымнан ұста, қазір шығарайын, 
– деді.
Піл тұрып: – Мені сен құйрығыңмен шығара аласың ба? – 
деді.
Кәрі қасқыр тұрып: – Олай болса, орнына келтіре алмайтын 
жарлықты сен неге қыласың? Бұрынғы патшамызды орындал-
майтын жарлық қылған соң біз қудық, – деді. Сазда өліп жатқан 
пілді қасқырлар жиылып жеді.
58. Сепле, балықтар, шаян
Көлдің жағасында бір сепле [цапля немесе көкқұтан] өмір 
сүріп, сол жерде қартайды. Әлі кетіп кәрі сепле балық алып, 
жеуден қалды, амалмен күнелтуді ойлады.
– Сендер, сорлы балықтар, түкті білмейсіңдер: сендерге 
қандай пәле келе жатыр. Мен есіттім: көлді ағызып құрғатып 
жіберіп, балықтың бәрін адам ұстап алмақ. Мен білетін тау 
астында бір жақсы көл бар. Сендерге мен болысар едім, бірақ 
кәртайдым, ұша алмаймын, – деп сепле балықтарға достығын 
білгізді. Балықтар жалынып, көмек көрсет деп сепледен сұрады.
– Амал жоқ, жарайды, болысайын, бірақ бір-бірден болмаса, 
көп балықты біржолата көтеруге әлім жоқ, – деді.
Балықтар қуанды: – Мені әкет, мені әкет! – деп анау да, мы-
нау да жалынды.
Сепле балықтарды бір-бірден таси бастады: далаға алып ба-
рады да жейді. Өстіп көп балықты жеді. Көлде кәрі шаян бар 
еді. Сепле балықты таси бастағанда, шаян сұмдықты білді.


234
Кәрі шаян тұрып:
– Жә, сепле, жаңа қонысқа енді мені алып бар, – деді.
Шаянды алып сепле жөнелді. Далаға әкеліп, жерге таста-
йын деп еді, балықтың сүйегін шаян көріп, сепледен айрылма-
ды, қайшысымен сеплені мойнынан алып буындырып өлтірді. 
Көлге қайтып келіп, шаян көрген-білгенін балықтарға баян етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет