Түйінді сөздер: елеулі тұлға, қазақ сөз өнері, айтыс, көркемдік, ой мәдениеті, сөз
мәдениеті.
Айтыстардағы көркемдік уақыт және кеңістік – қазақтың ұлттық әдеби қозғалысын
бағалаудағы маңызды мәселелердің бірі. Халық ақындары шығармаларындағы әдеби дәстүр мен
өнерпаздық психологиясын айтыс жанры бойынша да қарастырамыз.
Әдебиет тарихы – авторлық анық, көркемдік – стильдік машықтары қалыптасқан сөз өнері
дамуының шығармашылық мазмұны. Мұхтар Әуезов айтыс өлеңдерінің ауызша және жазба
әдебиетке де кіретін жанр екенін айта келіп, қазақтың ұлттық сөз өнерінің дара құбылысы ретінде
баға берген еді: «Тегінде, қазақтағы айтыс өлеңдері өзге жұрттың әдебиетінде кез келмейтін,
біздің әдебиеттің байлығына дәлел болған айрықша бір түр» Демек, қазақ сөз өнері
тарихындағы авторлары белгілі айтыс өлеңдерін әдебиетке тән щығармашылық құбылыс ретінде
бағалаймыз, яғни, айтыстардың авторлық нұсқаларының айқындалып , саралануы - әдебиетке
тән ерекшелік. Айтыстарға қатынасушы ақындардың әрқайсысының әлеуметтік- қоғамдық,
эстетикалық- гуманистік танысдық көзқарастары шығармаларының халықтық мазмұнын,
маңызын айқындайды. Бұл- авторлық идея мен көркемдік шешімнің жемісі. Айтыстардың
ақындық авторлық нұсқалары – әдебиет атты ұғымның аясында қароастырылатын мәселе. Әрбір
164
ақынның сөз арқауында м алынатын мәселелерді авторлық идеяның мақсатты бағдарында
жырлауға ұмтылатыны – табиғи жағдай. Авторлық идеясы ақынның өмір шындығына қатысты
деректерді іріктеп қолдануына, ойларының нанымдылығына, деректілігіне негізделеді. Ақын-
автор өзінің идеялық- тақырыптық желісін бағдар ете отырып, айтыстың басынан аяғына дейін
біртұтас композициялық тұтастықты сақтай жырлайды. Өзі жоспарлаған тақырыптық желіні
толық сақтаған жағдайда авторлық идеясы толық орындалады. Академик З.Ахметовтің пікірінің
осы мәселеге толық қатысы бар: «Автордың идеялық нысанасы, көзқарасы, ұғым- түсініктері
суреткерлік шеберлігі – бәрі-бәрі кең, толық мағынасында, әрине, шығарманың өн-бойынан бүкіл
құрылыс-бітімінен, идеялық- көркемдік сипатынан танылады» Демек, авторлығы анық ақындар
айтыстарынан осы аталған әдеби талаптар көрінеді.
Қазақ сөз өнеріндегі айтыс- біраз зерттелген жанр. А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы, С.
Сейфуллин, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Р. Бердібаев М. Дүйсенов, Ә. Қоңыратбаев,
С. Садырбаев, М. Жармұхамедо, С. Негимов, Б. Абылқасымов және т.б. зерттеушілердің
еңбектерінде дәстүрлі ерекшеліктер ғылыми тұрғыда сараланған болатын.
Ақындар айтысы – әдеби процесті құрайтын шығармашылық қнердің негізгі түрлерінің
бірі. Ақындардың айтыс өлеңдерінен әдеби дәстүрдің қалыптасуы, авторлық поэзияға тән
психологиялық ерекшеліктер айқындалады.
Ақындардың айтыс өлеңдері – лиро-эпикалық жанрлық сипаттарымен ерекшеленетін
туындылар. Айтыс өлеңдері - екі ақынның психологиялық сезімдік құбылыстарының бетпе-бет
шарпысуы, тоғысуы жағдайында танылатын көркемдік және әлеуметтік көзқарастар
сайысы.Айтыс өлеңдері – қазақ және басқа да түркі халықтарының ұлттық рухани мәдениет
қазыналарының ішіндегі аса белсенді қоғамдық- әлеуметтік қызметімен танылатын шығармалар.
Айтыс өлеңдері арқылы ақындар өздері өмір сүріп отырған тарихи кезеңнің әлеуметтік
шындығын, көркемдік ойлау кеңістігін, жеке адам мен қоғамдық ортаның байланыстыратын
айқындайды.
Айтыс – қазақтың халық ауыз әдебиетіндегі ерекше жанрлардың бірі. Айтыстың қай түрі де
суырыпсалмалықпен бірге тапқырлықты, ұтқырлықты, алғырлықты талап етеді. Соның ішінде
жұмбақ айтыс қиын да қызықты, ерекшелігі мол сала. Қазақ халқының өмірімен біте қайнасқан
айтыс жанрының бұл түрі ғасырлар бойы қалыптасқан елдік салт-дәстүр, әдет-ғұрып, кәсіп-
тіршілігі арқылы өмірге келген. Мұнда жаратылыс, адам өмірінің түрлі көріністері астарланып,
басқа бір зат немесе құбылыспен салыстырыла жұмбақталып, түрлі бейнелермен бедерлене
беріліп отырған. Ол кейде ұзын сонар күйінде келсе, кейде қысқа қайырылады. Ал, қазақтан басқа
халықтар әдебиетінде жұмбақ айтыс түгелімен қысқа түрде қайырылып, тұжырымдалып отырады.
Дәлдікті талап ететін бұл сала қолма-қол суырып салып айтқыштықтың жемісі болып
табылады.
Айтыстың басқа жанрлардан өзгешеленетін жері – ақындардың бір-біріне сын айтуы,
бірінен-бірі кемшілік іздеп табуы, мақсаты – сүріндіру.
1927 жылғы «Әдебиет тарихының» VІ бөлімі – «Айтыс өлеңдерде» Мұхтар Әуезов
Жанақтың атын атап өткен. Қазақ айтысының кенже тарап, әдебиет тарихының бөлімі болып, кәрі-
жас қызық көріп, қызуланған, тегіс өнер қлып, жалпақ ел өнер қылғаны туралы айта келіп былай
дейді:
«Қазақтағы айтыс әдебиет бөлімі болудан басқа ел тартысының бұрынғыдан келе жатқан
театры сияқты көпке бірдей қызық беретін жиын сауығы болған.
Сондықтан, айтысқан ақындар жүрген жер ел ортасында көшпелі сауықшылар жүргендей
қалың думан, жиын болатын. Елдің айтыс өлеңді қатты қадірлегендігінен айтыс ақындары: Шөже,
Кемпірбай, Жанақ, Сарыбай, Мұрат, Тоғжан, Біржан, Сара сияқтылардың атағы қазақ ішіне тегіс
жайылған. Барған елінің барлығында бағалы, қадірлі болып, қайда барса да сый, құрмет, қызық,
сауық болғандықтан, айтыс ақындары сол жүрісін біржолата салт қылып әкеткен» [1, 174 б.].
Осында Мұхтар Әуезов айтатын айтыс ақындарының өмір салты – Жанақ
Сағындықұлының да өнерінің бір қыры, өмірбаянының бір желісі.
Айтыс ақындарының көпшілігіне тән кәсіп: сәнімен, салтанатымен, қобыз, домбырасын
алып, нөкерін ертіп, ел қыдырыстап жүріп айтысқа түсу. Қарсыласын іздеп барып, тауып айтысу.
Қандай да бір жиын-той, ас рәсімі айтыссыз өтпесе, Жанақ та соның қалың ортасында жүрген,
165
болған өнер иесі. Жанақ та жұрттың көпшілігіндей бірде жол алып, бірде жол беріп, бірде жеңіліп,
бірде жеңіп жүрді. Жеке-жекте сан жығылып, сан мәрте қарсыласып сөзбен құлатты. Қалың ел
тілінен жыр төгілген ақындықты ел қорғаған батырлықтан кем көрмеген, кемітіп кесірлік
танытпаған. Асқақтатып, айбынын асырып, айдарынан жел естіртіп үкілеп, қадірлеген, қошамет,
құрмет жасаған. Сол қалың топ, ақындық шоғырдың шоқ жұлдызының да бірі Жанақ болатын.
«Ел тіршілігінің жайынгерлік дәуірінен шығып, тыныштыққа бет алған кезінде,
Сарыарқаны сайқалдап – ойды-солды шарлап жүрген бір алуан адамдары, осындай сөз батырлары
кешегі Жанақ, Кемпірбай, Шөже, сол ақындардың үлгісі ел ортасында соларға ұқсамақ болған
жігіттер көбейген.
Ақындық, әншілік өнері жақсы жігіттің белгісі сияқты саналған. Сондықтан ел ішінің
қызық-сауығы үшін сән түзеп, қыдырумен жүретін салдар шыққан. Атақты ақындарға еліктеуден
серілік молайып, бері келген заманда Біржандай сал, Ақандай ақын серіні шығарған. Бұлардың
жайы қай елдің ортасында болса да, кейінгіге үлкен әңгіме болып қалған.
Соның барлығы айтыс ақындарының сарқыты» [2, 174 б.].
Мұхтар Әуезов әдебиет тарихында айтыс дәстүрі ықпалымен өрістеген өнер салалары
туралы осылай ой түзеді. Осындағы ойдың көпшілігі Жанақ Сағындықұлының
шығармашылығына да сыйымды екендігі даусыз. Жанақтың ірі орындаушылық шеберлігі,
эпикалық жанрларды сақтап, жеткізу, таратудағы мәні, асқан айтыскер ақындық алымы арнау
өлең, көңіл күй сазын ашқан лирика, заманына күйін толғаған әлеуметтік мәні айқын толғаулары
бұл өнерпаздың көп қырлы дарын, қазақ даласында ХІХ ғасырда кең жайылған өнертұтастығы
айқын сал-серілік, әншілік, жыршылық, айтыскерлік өнердің даму бастауында болған тарихи тұлға
екендігін айғақтай түссе керек.
Жанақ ақынның әдеби мұрасы тіл айшығы, тіл тазалығы, сөз өткірлігі, сөз нақтылығы,
сөздік қой байдығы, ой-әлем кеңістігі, таным тереңдігі, зерде сергектігі сипатты шығармашылық
дара қолтаңбасымен айрықша құнды, ерекше көркемдік әлем.
Сол ойымызды Сәбит Мұқанов айтқан мынадай бір пайымдаумен негіздей түскен жөн
көрінді:
«Айтысқа араласқан Шортанбай, Жанақ, Мұрат, Марабай, Сүйінбай сияқты ақындардың
айтытан басқа өлеңдеріне қарағанда, олар жалғыз айтыста ғана емес, сонымен қатар өз заманының
барлық күнделікті тіршілігіне араласып, халықтың жақсылығын дәріптеуші, кемшілігін сынаушы,
тарыққанда ақылшы, қуанғанда сайраушы болғанын байқаймыз. Әр ақында айтыстан басқа талай
өлең-жырлар бар, оларды жинау, сыншылық ой елегінен өткізіп, көркемдік-идеялық дәрежесі биік
деңгейден табылатын шығармаларды жариялау, бастырып шығару – әдебиеттану ғылымының
алдағы кезекті міндеті.
Ақындардың және бір өзгешелігі, олар – ақындықтың үстіне әншілер, Александр Затаевич
жинаған қазақ халқының екі мыңға тарта әнінің, кейін Брусиловский, Ерзакович, Ахмет Жұбанов
тағы басқа композиторлар жинап жүрген қазақ әндерінің көпшілігінің авторлары ақындар. Біржан
сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Ыбырай, Ғазиз, Жарылғапберді, т.б. ақындардың әрқайсысына
тиісті жиырма-отыздаған әндер бар. Қазақ халқы ақындардың жалын атқан өткір сөздеріне ғана
емес, оның ән әуеніне де ерекше мән беріп, сөзі мен әні «қиыннан қиысқандарын» айрықша қадір
тұтқан» [3, 10 б.].
«Жанақ пен Түбек» айтысы әріден халық арасына белгілі, кең тараған айтыстың бірі. Бұл
айтыс алғаш рет Радловтың «Түркі тайпалары халық әдебиетінің нұсқалары» жинағына енді.
Сонымен бірге бұл айтыстың 1879 жылғы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына»
енгенін білеміз. Сәкен Сейфуллиннің 1931 жылы шығарған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары»
жинағында да айтыс мәтіні бар. ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында
сақталған үлгілері 1965 жылғы «Айтыс» кітабының 1-томында басылды (1 с. №1396, папка №256)
(Біз осы мәтін бойынша біршама салыстыру жүргіздік – Л.К.).
«Айтыс» жинағында Жанақтың өмір сүрген кезеңі туралы берілген мынадай мәлімет,
кезінде Мұхтар Әуезовтің «Әр жылдар ойлары» монографиясында Жанақты ХVІІІ ғасырдың
айтулы ақыны деп айтқан ойындағы уақыт дерегінен алшақ. Әдебиет тарихында екі Жанақ
болғаны туралы да пікірлер болды. «Айтыс» (1965) жинағындағы түсінікте былай делінген:
«Жанақ ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазіргі Алматы Облысы, Талдықорған жерінде өмір
166
сүрген. Жанақ Түбекпен, Бақтыбаймен, Сарыбаймен тағы басқа көп ақындармен айтысқан. Жанақ
Түбекті балам деп сөйлеуіне қарағанда одан көп үлкен болса керек» [3, 536 б.].
Осы қысқа мәліметтегі Жанақтың өмір сүрген кезеңі жайлы деректің қайшылығы бар
сияқты. Түбекті балам деген дейді.
«Айтыс» жинағында Жанақтың бір айтысы ғана берілген. 1927 жылғы «Әдебиет
тарихында» Мұхтар Әуезов Жанақтың аса ірі айтыс ақындарының бірі болғаны туралы айтты.
Негізінде Жанақтың айтыс өлеңдері мол болғаны даусыз.
«Елдің айтыс өлеңді қатты қадірлегендіктен айтыс ақындары: Шөже, Кемпірбай, Жанақ,
Сарыбай, Мұрат, Тоғжан, Біржан, Сара сияқтылардың атағы қазақ ішіне тегіс жайылған» [4, 174
б.].
Жанақ ақын туралы зерттеу еңбектерде ақынның ХІХ ғасырдағы айтыс өнерін дамытып,
байыту еңбегі айтылып келеді. Соның ішінде ақын айтыстарының бір ерекшелігі – тұстас айтыс
ақындарының көпшілігінде бар қыз бен жігіт айтысы Жанақта кездеспейтіндігі ескерілмеген екен.
Ақында дін жұмбағы айтысы да жоқ.
Ақын айтыстарының әлеуметтік арқауы басым. Азаматтық, адамгершілік жайын алға
тастап сөйлейтін тұстары көп. «Жанақ пен Садыр» айтысында ешкі сойды деп, дәмге астамшылық
жасаған Садырға айтқанында Жанақ әйгілі «Тоқты менен ешкінің қаны бірдей, Жақсы менен
жаманның жаны бірдей» деген тоқетер сөзін айтады. «Төренің буы соққан аңғал ақын» деп,
күрделі, тосын эпитетпен қарсы жақ ақынның характерін ашып, ауызша портретін жасайды,
кейпін жеткізеді.
Жанақ ақын айтыстарында дәстүрлі ру таласы мазмұны да аса көзге ұрып тұрмауы – бір
ерекшелік.
Жанақ айтысында заман күйі, әлеуметтік теңсіздік жайы басым айтылып отырған. Ру
бәсекесі бар деген айтыстарының әлеуметтік желісі негізгі арқау екендігі көрініп жатады.
«Жанақ пен Түбек айтысы» – Жанақ ақын айтыстарының ішіндегі көрнекті айтыстың бірі.
Мұнда ру таласы басым. Тиісіп сөйлеген Түбекке Жанақ мұнда жүргені атасының көзі отырған
соң екендігін айтып, өзінің кедейшілік жайда, күнкөріс қамындағы халінен хабар берген.
Осы айтыста Жанақ әйгілі «Арғынның айналасы алты айлық жер» деген сөзін айтқан. Бір
тұста арғын, найманның біріне бірі бөтен еместігін де еске салып қояды. Арғынның найманмен
жарысына Жанақ өнерім артық деген уәж айтады.
Біздерді шу дегенде өлең басты,
Өлең айтсаң аруақ сенен қашты...
Бұл айтыста ру жарысы тек тілге тиек қана негізінде елдің тұрмыс-ахуалы орыс
отаршылдыының саясаты ауыр-ауыр әлеуметтік ақиқаттар айтылан.
Одан Жанақ та, Түбек те тартынбағаны көрінеді. Орыс бекет салған жерінде кедейшілік
тұрмыста қалған Жанақ ақынның күйі де, төрелік пен бегінің ісінен береке қашқан, елінің мінезі
тіршілік ағымында құбылып, қитұрқы күймен шапқылаған ауыр тағдыры, ащы шынлығы тұсау
салған Түбек ақынның күйі де бұл айтыстың ру айтысы мағынасындаңы мазмұнынан әлдеқайда
мол ұғымдарды қамтып жатқанына дәлел.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Тәбәрікұлы С. Жанақ ақын. – Алматы: Арда, 2006. – 203 б.
2 Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 293 б.
3 Жармұхамедұлы М. Айтыс. – Алматы: Білім, 1990. – 52 б.
4 ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті: Хрестоматия / Құраст. Х. Сүйіншәлиев. – Алматы, 1991. –
258 б.
167
Достарыңызбен бөлісу: |