Түркістан облысы «Білім беруді дамыту орталығы» кмм директоры 2023 жылғы № бұйрығына қосымша Білім беру ұйымдарының 5-7 сынып және 8-10 сынып оқушылары арасында «Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы»


-ТАРАУ. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ



бет3/3
Дата12.03.2023
өлшемі35,06 Kb.
#73470
1   2   3
2-ТАРАУ. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
2.1. Байқауда 8 секция жұмыс жүргізеді: 5-7 сынып арасында қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиеті, өзбек, тәжік тілдері мен әдебиеті, ағылшын тілдері бойынша және 8-10 сынып оқушылары бойнша қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиеті, өзбек, тәжік тілдері мен әдебиеті, ағылшын тілдерінен қатыса алады.
2.2. Байқауға жоғарыда аталған пәндер бойынша аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысады.
2.3. Байқау аудандық (қалалық) және облыстық деңгейде өткізіледі.
Байқау 2 кезеңде өткізіледі:
бірінші кезең – аудандық (қалалық) 2023 жылдың 31 наурызға дейін өткізілуі тиіс;
екінші кезең - облыстық.2023 жылдың 07 сәуірінде өткізіледі.


2.4. Байқаудың жалпы өлшемшарттары, байқау жеңімпаздарын анықтау
«Қазақ қоғамындағы би-шешендер мұрасы» тақырыбында ғылыми жоба қорғау жұмыстарының байқауы.
Жоба жұмысына қойылатын талаптар:
- мәтіні WORD;
- шрифт Times New Roman 14;
- аралық интервал 1,5 мм.
- сол жақ параметрі 3 см.
- оң жақ параметрі 1,5 см.
- жоғары, төмен жағы 2 см.
- беттер нөмірленуі тиіс.
Титул парағы:
- жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты (тарих, тұлға, туған ел, адамгершілік т.б.);
- орындаушы (тегі, аты, мектебі, қаласы);
- жұмыстың орындалған уақыты.
Мазмұны:
- абстракт (аннотация), жұмыстың қысқаша мазмұны (200 сөзден артық емес);
- кіріспе, жұмыстың тиянақты сипаттамасы (2 беттен артық емес);
- негізгі бөлім, жеке тараулардан тұрады (15 беттен артық емес);
- қорытынды, жұмыстың негізінде жасалған нәтиже, ұсыныстар (1 беттен артық емес);
- пайдаланған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі;
- жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады (берілетін уақыт 5-7 минут).

2.5. Байқау материалдарын ұсынудың мерзімі мен тәртібі
Байқауға қатысушылардың сұранысы мен жеке куәліктерінің көшірмесі ағымдағы жылдың сәуір айының 03-не дейін облыстық білім беруді дамыту орталылығының әр пән әдіскерінің эл. поштасына тапсырылуы тиіс.
Ескерту: 2023 жылдың 03 сәуірінен кешіккен сұраныстар қабылданбайды. Байқауға түскен жұмыстарға рецензиялар берілмейді, материалдар қайтарылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет