Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет29/40
Дата14.09.2023
өлшемі1,97 Mb.
#107907
түріКонспект
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Бақылау сұрақтары:

  1. Екілік санауыштар.

  2. Тасымалысы тізбекті санауыштың сұлбасы.

  3. Тасымалысы тізбектей таралатын санауыштар.

  4. Тасымалысы тізбектемелі санауыштың, жиілікті бөлу режимі.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жұрынтаев Ж. З. Сұлбатехника: Оқулық. – Алматы: ҚазҰТУ. – ЖШС РПБК «Дәуір», 2017 ж.
2. Немцов М.В. Электротехника и электроника. / М.В. Немцов, М.Л. Немцова – М: Академия, 2014
3. Мышляева И.М. «Цифровая схемотехника» ученик, Издательство: «Академия» п. 400 с. 2012 г.


23-Дәріс
Тақырыбы: Тізбектей және параллель көшіруші санағыштар.
Жоспар:

  1. Реверсивті санағыштар.

  2. Өздігінен қалпына келетін санағыш.



Дәрістің мазмұны
Реверсивтік санауыш сұлбасын құрастырған кезде санау бағытын анықтау үшін разрядтар арасында қосымша ЖӘНЕ-НЕМЕСЕ (немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС) элементерін пайдалану керек. 4.18-суретте тасымалысы тізбектемелі үшразрядты реверсивті санауыштың сұлбасы келтірілген. Санау бағыты "+1" қосу жөне "-1" азайту шиналарындағы сигналдар мәндерімен анықталады, бұл сигналдардың ұзақтылығы санауыш жұмыс циклінің үзақтылығына сәйкес алынады. Мысалы, азайту режимінде "+1" шинасына логикалық 1, ал "-1" шинасына логикалық 0 беріледі. Санауыштың жұмысы басталар алдында, "1 Орн." сызығында "1" сигналымен, барлық триггерлер логикалық 1 қалпына орнатылады,

4.18-сурет. Тізбекті тасымалысы бар ревесивтік санауыштың сұлбасы.

ол ондық 7 санының 111 екілік кодына сөйкес келеді. Бұл кезде "0 Орн." сызығына логикалық 0 беріледі.


Әрбір і-ші разрядтағы триггер ез қалпын, тек (і—1)-ші разрядтағы триггер логикалық 0 жағдайынан 1 жағдайына ауысқан кез­де ғана, өзгертеді, яғни (і-1)-ші триггердің инверсті шығысындағы сигнал 0-ге тең болғанда. Бірінші санау импульсін берген кезде 0-ші разряд триггері ауысып қосылады, ал оның Q0 оң
шығысындағы сигнал 0-ге, теріс шығысындағы сигнал Q 0 = 1 болады. Бұл кезде басқа триггерлер бастапқы қалыптарын өзгертпейді. Екінші санау импульсінің әсері біткен кезде 0-ші разряд триггері өзінің қалпын тағы да ауыстырып, логикалық 1 күйіне келтіріледі (Q0 =1, Q0 =0). Осының салдарынан 1-ші разряд триггері ауысып қосылады (оған керекті уақыт оның және 0-ші разрядтағы триггердің ауысып қосылу уақыттарымеи анықталынады). Ары қарай, әрбір келесі импульс берілгеннен кейін, разрядты триггерлер осылайша тізбектей ауысып қосылады. Бұл кезде санауыштың керсеткіші 1 -ге кемітіледі, яғни санауыштағы кодталынған сөзге декремент операциясы орындалады. Қосу режимінде реверсивті санауыш 4.16-суреттегі қосындылайтын санауышқа ұқсас жұмыс істейді. Ол үшін, "1 Орн." және "0 Орн." шиналарында сәйкесінше 0 және 1 сигналдарын орнатып, санауышты 0-дік күйге келтіру керек.
Санауыштың разрядтарының арасында, тасымалдардың таратылуын тездету үшін, қосымша екі кірісті ЖӘНЕ логикалық элементтері пайдаланады. Олардың әрқайсысының шығысында, Рі+1 = р і ∙ Q і өрнегімен анықталатын, (і+1) разрядка берілетін тасымалдау сигналы қалыптастырылады, мұндағы Qі і -ші раз­ряд триггерінің шығыс сигналы. Бұл кезде р0 тасымалы санауыш кірісіне берілетін Тсан санау импульсіне тең етіліп алынады. Разрядтар арасындағы тасымалдардың тікелей (өтпелі) таралуын қамтамалайтын (яғни тасымалдардың таратылуын тездететін) тізбектерді пайдаланудың арқасында кодтың орнатылу уақыты біршама кемиді және былай анықталады:
t орн = tr + (N-l)* t& ор ,
өйткені санауыш 11......1 күйінен 00 0 күйіне ауысқан кезде бір ғана триггер және (N-1) ЖӘНЕ логикалық элементтері тізбектей ауысып қосылады, мұндағы t&op- ЖӘНЕ логикалық элементінің ауысып қосылу кідірісі.
Санауыштың шығыс кодының орнатылу уақытын азайту, яғни оның жылдамдығын арттыру үшін разрядтар арасындағы тасымал сигналдарын бір уақытта (параллельді) қалыптастыру керек. Осындай тасымалысы паралдельді санауыштарда тасымал синалдары келіп түскенде барлық разрядтардың триггерлері бір уақытта ауысып қосылады. Сондықтан topн кодтың орнатылу уақыты мен f сан- санау импульстерінің берілу жиілігі разрядтар санына тәуелсіз және ол былай анықталады:
t орн =tT+ t&op ≈ tT,
өйткені t&op « tT и fcaн=l/(tИ+tТ).
4.19-суретте ішкі кідірісті JK-типті триггерлерде орындалған тасымалысы параллельді санауыштың бір нұсқасы берілген.



Барлық разрядтардағы триггерлердің тактілік кірістеріне Тсан санау импульстарі бір уақытта беріледі. Сондықтан мұндай санауыштар синхрондық деп те аталады. Олардың әрбір біріктірілген J- және К – кірістеріне (рұқсат беруші V – кіріс деп аталатын) біріншісінен бастап тасымалдау сигналы беріледі, ол


Рі+1= Qі Q і-1 Qi-2... QN өрнегімен анықталады, мұндағы і = 0,1,...,N (4.19-суретте N = 4). 0-ші кіші разрядтағы триггер санауыш Т-триггері режимінде пайдаланылады, өйткені оның біріккен J- және К- кірістеріне тұрақты түрде 1 сигналы беріледі, яғни J = К = 1. 4.19-суреттен көрінгендей, тасымалысы параллельді санауыштарда разрядтар саны өскен сайын, тасымалдау импульсін қалыптастыратын тізбектерде қолданылатын, ЖӘНЕ элементтерінің қажетті кіріс сандары пропорционалды ұлғаяды.
ЖӘНЕ элементтер сұлбаларының кіріс саны шекті, ал триггерлердің жүктемелік қабілеттілігі шектелінген болғандықтан мұндай санағыштардың разрядтар саны көп емес. ЖӘНЕ элемештерінің m кіріс сандары санауыштың N разрядтар санынан кем болса (mТ орн =t топ +(L- l)∙ t& ор ,
мұндағы tтoп - топтағы кодтың орнатылу уақыты; L - топтар саны.
Айта кеткен жөн, әр топтағы разрядты триггерлер саны кез келген болуы мүмкін. Ол, топ ішіндегі параллельді тасымалды қалыптастыратын, ЖӘНЕ элементтерінің санына сәйкестендіріліп алынады. Жеке жағдайда әр топ тек бір триггерден тұруы мүмкін, онда 4.20-суретге келтірілген тасымалысы қисындастырылған топтық санауыш етпелі тасымалы бар санауышқа айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет