Турау; Жаншу; Сіңірлерін тілу


Шапқан ет массасын дайындау және одан алынатын шала фабрикаттар даярлау



бет5/5
Дата11.05.2022
өлшемі1,9 Mb.
#34014
1   2   3   4   5
Шапқан ет массасын дайындау және одан алынатын шала фабрикаттар даярлау.

Шабылған ет массасының құрамы:

800г-ет

120-май

70г-сүт



Шабылған ет массасынан төмендегі шала фабрикаттар дайындалады:
  • Шабылған ет бифштексі
  • Шабылған ет табиғи котлеттері
  • Шабылған ет табиғи шницелі
  • Фрикаделькалар
  • Люля-кебаб

Шабылған ет бифштексі

Бифштекс (ағылш. bееf - ет және steak—кесек) — ағылшындардың ұлттық тағамы. Таза еттен немесе фарштан жасалатын қою тағам. Шошқа майын ұсақтап текшешелеп турап, шабылған ет массасына қосады, сыбаға кесектеріне бөліп, бұйымға жалпақ-дөңгелек форма беріп, қалыңдығы 2см етеді. Әр сыбағаны 1 данадан әзірлейді.

Шабылған ет табиғи котлеттері

Массаны сиыр етінен дайындайды. Оған ұсақ текшешелеп туралған май қосады және ұсақталып туралған сарымсақ қосып араластырады, котлет формасын беріп, кепкен нан аунатпасында аунатады.

Шабылған ет табиғи шницелі

Шабылған ет массасынан сыбағаларды 1см қалыңдықпен сопақша формада әзірлеп, льезонда ылғалдап, кепкен нан аунатпасында аунатады.

Фрикаделькалар

Фрикаделькалар (бұршағы ет) еттартқыштан өткізілген тартымға ұсақталынып туралған шикі басты пияз , шикі жұмыртқа, бұрыш ұнтағын, тұз, су қосып, араластырады. Салмағы 7-10г шарик формасында дайындайды.

Люля-кебаб

Шабылған қой еті массасынан дайындайды. Дайын ет массасын шала тұздықтау үшін 2-3сағат бойы тоңазтқышқа салып қояды, содан соң кішкентай шұжық формасын беріп сыбағалайды да, кәуапсымға бекітеді. Әр сыбағаға 2-3данадан пайдаланады.

Котлет массасынан дайындалатын шала шабрикаттар:
  • Шабылған ет котлеттері
  • Шабынды ет биточкалары
  • Шабылған ет шницелі
  • Шабылған ет зразасы
  • Тефтелдер
  • Орама (рулет)

Шабылған ет котлеттері

Массасы әр сыбағаға 57г ет өлшеп алып, қызыл аунатпада аунатады. Қалыңдығы 2-2,5 см, ұзындығы 10-12см, ені 5см болатын, бір ұшы сүйірленген сопақшалау-жалпақ формада дайындалады. Әр сыбағаға -1-2данадын.

Шабынды ет биточкалары

Массасы 57г етті өлшеп алып, аунатпада аунатады, қалыңдығы 2-2,5см, диаметрі 6см етіп жалпақтау-дөңгелек формада әзірлейді, әр сыбағаға 2 данадан.



Шабылған ет шницелі

Массаны сыбағалап, аунатпада аунатады. Қалыңдығы 1см етіп, сопақша-жалпақтау форма беріп даярлайды. Әр үлестірме сыбағаға 1 данадан.

Шабылған ет зразасы
  • Алынған массадан қалыңдығы 1см, дөңгелек формал, оның ортасына тартымдар салып, ұштарын қайырып қосады да қызыл аунатпада аунатып, сопақша келген шеті бар кірпіш формасындағы өнім дайындалады. Әр үлестірме сыбағаға 1-2данадан пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет