Тутаева айгерим айтбаевна


 Науқастарды зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
 
2.2 Науқастарды зерттеу әдістері 
Науқастарды зерттеуге қосудың критерийлеріне туылған кездегі 
гестациялық мерзімі 36 апта және одан төмен болуы мен туа пайда болған даму 
ақаулары бар балалар жатты. Шала туылған балалардың физикалық дамуын, 
соматикалық және неврологиялық статусын, психо- моторлық дағдыларын 
аурухана жағдайында бақыланды. 
Шала туылған балаларды клиникалық зерттеулерге: шағымдарын 
сұрастырып, анамнез жинау, науқастарды жалпы қарау, неврологиялық және 
соматикалық қараудың мәліметтері, қосымша инвазивті емес зерттеулерді 
қолдану жатады. Тек қатаң көрсеткіш болғанда ғана қосымша инвазивті әдістер 
қолданылды. Дұрыс диагноз қою үшін анамнезді нақты жинау қажет. Балалар 
тәжірибесінде анамнез жинау үшін тыныш жағдай және жеткілікті уақыт қажет. 


39 
Неонатологтар, балалар неврологы, балалар хирургы педиатрия ғылымының 
негізін терең білулері қажет. Баланы қарау маңызды мәліметтерді беруі мүмкін. 
Неонатальді кезеңде туа пайда болған даму ақаулары бар шала туылған 
балалардың неврологиялық статусын бағалау әдісі бала өмірінің белгілі бір 
күндерінде жүргізілді. Қарау кезінде неврологиялық, соматикалық жағдай, 
физикалық дамуының параметрлері, сенсорлы анализаторлардың жағдайы 
анықталды. Өсіп келе жатқан ағза болғандықтан, шала туылған балаларды 
неврологиялық зерттеудің ересектерден айырмашылығы анатомиялық және 
физиологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Нерв жүйесін зерттеу: 
рефлекторлық қызметті, қозғалыс белсенділігін, сезім, бассүйек ми нервтерінің 
қызметтерін зерттеуден құралады. 
Неврологиялық, соматикалық жағдайлар, психомоторлы дамуды бағалау 
мен физикалық дамуы Л.Т. Журба және Е.М. Мастюкова шкаласы [158] 
бойынша жүргізілді. 
Шала туылған балаларды зерттеу барысында жалпы қарап, физикалық 
дамуын анықтау қажет. 
Дене бөліктерінің диспропорциясы, бастың пішіні мен көлемінің 
өзгерістері, даму ақауларының болуы - нерв жүйесінің патологиясын басынан 
өткерген немесе қазіргі дамып жатқан ауруын көрсетеді. Неврологиялық 
статусты (бұлшықет тонусының, қалпының және рефлекстердің жағдайын) 
клиникалық бағалау гестациялық мерзіміне сәйкес К. Амиел - Тисон шкаласы 
[159] бойынша жүргізілді. Рефлекстерді зерттеу жылы, жарық бөлмеде
жартылай қатты тегіс жерде жүргізілді. Бала сергек жағдайында, қарны тоқ 
және құрғақ болуы шарт. Жүргізілетін тітіркендірулер ауырсыну шақырмауы 
қажет. Бұл шарттарды сақтамаудан дискомфортқа жауап реакциясынан 
рефлекстер шақырылмауы мүмкін. Шартсыз рефлекстерді арқасымен, ішімен 
жатқызып және вертикальді жағдайда бағалайды. Туа пайда болған даму 
ақаулары бар шала туылған балаларда перинатальді зақымданулардың бар 
немесе жоқтығын анықтайтын шартсыз рефлексті тексеруді, біз ұсынған әдіс 
бойынша жүргіздік [160]. 
Гестациялық жас J. Ballard шкаласы [161] бойынша анықталды (әйелдер 
кеңес үйіндегі мәліметтермен салыстырылды). Бұл шкала бойынша нерв – 
бұлшықет жүйесі және физикалық параметрлер (тері жамылғысының жағдайы, 
ланугоның болуы, кеуде және жыныс бездерінің дамуы) бағаланды. 
Нәрестелердің физикалық дамуы L. Lubchenko (гестацияның 40 аптасына 
дейін) картасының көмегімен перцентильді әдіспен бағаланды [162]. Дене 
салмағының бойына арақатынасынан 10% центиль жетіспеушілік анықталса, 
пренатальді гипотрофияның жеңіл дәрежесі деп бағаланды, 2% төмен – орта 
ауырлықта және 1% центильден төмен – ауыр дәрежелі деп есептелді. 
Соматикалық статусты бағалау жалпыға бірдей қабылданған педиатрия 
ережесіне сай жүргізілді. Сенсорлы анализаторлардың қызметін бағалауды 
офтальмолог және аудиолог мамандары жүргізді. 
Жағдайдың ауырлығын NTISS шкаласы бойынша бағаланды [163]. NTISS 
шкаласы бойынша ауырлық жағдайын бағалағанда, зерттелген балалардың 


40 
баллдарын қосқанда >30 болды, бұл мәлімет жағдайдың өте ауыр екендігін 
куәлендірді (қайтыс болу қаупі 20-30%). 
Полиағзалық жетіспеушіліктің критерийлері S.D. Smith жіктемесіне сәйкес 
жүргізілді [164]: 
1.
Кардиоваскулярлы жүйе – жүректің жиырылу жиілігі < 100 рет 
минутына немесе > 180 рет минутына; орта артериальді қысым < 35 мм.с. б. 
(шала туылған балаларға), инотропты қолдауға қажеттілік, 
2.
Гематологикалық жүйе – тромбоциттер саны < 150000/ ml; 
3.
Гепатологиялық жүйе – билирубин деңгейі > 103 ммоль/л; 
4.
Микроваскулярлы жүйе – теріастылық ісінулер; 
5.
Ренальді жүйе – диурез 1мл/ кг/ с төмен; креатинин >90 ммоль/ л; 
салмақ қосу > 100г / 24 сағат; 
6.
Респираторлы жүйе – өкпені жасанды желдендіру FiO > 40% , тыныс 
алу жиілігі > 40 тыныс алу/ мин. 
Тыныс алу бұзылысын анықтау қабылданған клинико – рентгенологиялық 
критерилерге сәйкес жүргізілді [165]. 
Бронх өкпелік дисплазияны анықтау үшін A.H.Jobe, E. Bancalari-дің 
клинико- рентгенологиялық критерийлері қолданылды [166]. 
Некротикалық энтероколиттің жіктемесі мен диагнозы M.T. Bell [167] 
бойынша қойылды: 1 кезең – энтеральді тамақтануға интолеранттылық, 
өмірінің 5 күніне дейін, ішектерге ауа жиналу; 2 кезең – энтеральді тамақтануға 
интолеранттылық, ішектерде ауа жиналуы, асқазанда 7- 10 күнге дейін өттің 
іркілуі, 3 кезең - хирургиялық. 
Сепсисті анықтау критерийлері Н.П. Шабаловтың клинико – лабораторлық 
шкаласына сәйкес қойылды [168]. 
Қарынша ішілік қанқұйылудың критерийлері ультрадыбысты зерттеу 
арқылы негізделді. Перивентрикулярлы қанқұйылудың 4 дәрежесі қойылды 
[169]: 
І дәреже – субэпендимальді қанқұйылу; 
ІІ дәреже – вентрикулодилятациясыз қарыншаішілік қанқұйылу; 
ІІІ дәреже – жедел вентрикулодилятациямен жүретін қарыншаішілік 
қанқұйылу; 
ІV дәреже – қарынша ішіне көп қан құйылуынан мидың паренхимасына 
таралуы. 
ПВЛ диагнозы L.S. de Vries жіктемесіне сәйкес УДЗ белгілеріне қарап 
қойылды [170]: 
І дәреже перивентрикулярлы аймақтың эхотығыздығының 7 күннен аса 
өтпелі жоғарылауы; 
ІІ дәреже перивентрикулярлы эхотығыздықтың және майда локальді 
фронтопариетальді кисталардың жоғарылауы; 
ІІІ дәреже жоғары перивентрикулярлы эхотығыздықтың дамуы, ауқымды 
көлемде перивентрикулярлы кистозды зақымдану; 
IV дәреже мидың ақ затына таралуымен жүретін жоғары эхотығыздық 
және ақ заттың кисталары. 


41 
Барлық балаларға нәрестелер реанимациясы бөлімшесінде өткізілетін 
стандартты лабораторлы тексерулер жүргізілді: қышқылды – негізгі 
жағдайлардың анализі және қанның артериализденген газдық құрамы, қан 
плазмасының электролиттік жағдайы (натрий, калий, кальций – тәулігіне 
1реттен кем емес); қан және зәрдің клиникалық анализдері, жалпы белокты 
анықтау, қан плазмасында билирубин фракциясы, қандағы қанттың деңгейін 
анықтау. 
Реанимация бөлімшесінде қабылданған сызбаға сәйкес науқастар 
бактериологиялық зерттеулерден өткізілді: қанды, қақырықты, асқазан 
құрамын, вентрикулярлы және люмбальді пункция кезінде алынған ликвор 
тексерілді. Люмбальді немесе еңбек арқылы пункция жасау көрсеткіштер 
бойынша жүргізілді. Ликворды міндетті түрде талдап, бактериологиялық 
тексеру жүргізілді. 
Құрсақ қуысы ағзаларына рентгендік зерттеу көрсеткіш бойынша 
жүргізілді. Арнайы инструментальді зерттеуге инвазивті емес анықтайтын 
әдістер: нейросонография, КТ, МРТ қолданылды. Нейросонография шала 
туылған балаларда үдемелі гидроцефалияны анықтайтын негізгі әдіс болып 
саналады. Бұл тексеру әдісінің артықшылығы гидроцефалияның дәрежесін
морфологиялық формасын, ликворлық жолдардың окклюзиялық деңгейін, 
қосалқы патологияларды анықтауға және консервативті емнің нәтижесін 
бағалауға, дер кезінде хирургиялық ем қолданып, мүмкін болатын асқынуларды 
анықтауға болады [171]. Нейросонография “SIM 5000” ультрадыбысты 
сканерін, конвексті және 3,5 және 5 мГц жиіліктегі секторлы датчиктерді 
қолданып, ультрадыбыстық зерттеу әдісі арқылы жүзеге асырылды. 
КТ 
– 
жоғары 
мәліметті 
диагностикалық 
әдіс. 
Бұл 
арқылы 
гидроцефалияның айқын дәрежесін, түрін, кей жағдайда этиологиясын 
анықтауға, сонымен қатар, ми құрылымының жағдайын, бастың сүйектерін, 
бастың жұмсақ тіндерін бағалауға болады. Зерттелген шала туылған 
балалардың көпшілігінің миқұрылымында перивентрикулярлы ісінулер, бүйір 
қарынша шекараларының өзгерістері, ми ақ затында атрофиялық, 
перивентрикулярлы ісінулермен жүретін өзгерістер және ми затының жұқаруы 
кездесті. 
МРТ гидроцефалия және даму ақауларды ерте анықтауда ең мәліметті әдіс 
болып табылады. МРТ вентрикуломегалияның айқындылық дәрежесі мен түрін 
ғана анықтап қоймай, аурудың этиологиясы мен окклюзия деңгейін нақты 
көрсетуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет