Тутаева айгерим айтбаевна


 ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ДАМУ АҚАУЛАРЫ БАР ШАЛА ТУЫЛҒАН



Pdf көрінісі
бет15/20
Дата25.11.2023
өлшемі5,17 Mb.
#128038
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
4 ТУА ПАЙДА БОЛҒАН ДАМУ АҚАУЛАРЫ БАР ШАЛА ТУЫЛҒАН 
БАЛАЛАРДЫ ТЕКСЕРУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ 
Біз балаларда өмірлерінің алғашқы айларында шартсыз рефлексті тексеру 
әдістері – аяқтағы 2-5 саусақтарының бүгілу рефлексін ойлап таптық және 
тәжірибеге қолдандық (Қазақстан Республикасының өнертабыс патентін беру 
үшін берілген қорытынды
01.16.2017 жылғы № 32174) [176]. 
Өнертабыс балалар неврологиясына тиісті. Әдіс балаларда өмірлерінің 
алғашқы айларында өткізілетін шартсыз рефлексті тексеруге жатады, ал 
ересектерде спинальді шокты және пирамидалық жолдардың зақымдануын 
анықтауда қолдануға болады. 
Балаларда өмірлерінің алғашқы айларында жүргізілетін неврологиялық 
тексерулерге – спонтанды қимылдар, бассүйек ми нервтері, бұлшықет тонусы, 
сіңір – периостальді, шартсыз рефлекстерді анықтау жатады. Туылған кезде 
анықталатын рефлекстерді зерттеу тек неврологиялық қарау кезінде ғана емес, 
педиатриялық қарау кезінде де тексерілетін міндетті зерттеу әдістерінің бірі. 
Шартсыз рефлекстер, басқа да рефлекстер сияқты, белгілі бір рефлекторлық 
доғасы болады, сондықтан неврологияда топикалық диагноз қоюда қолдануға 
болады [177]. 
Нәрестелерде жоғарыда аталған рефлекстерді («алғашқы», «шартсыз 
рефлекс») тексеруге көп көңіл бөлу қажет. Қалыпты немесе мидың 
гипоксиялық - ишемиялық зақымдануы бар балалардың неврологиялық 
статусының зақымдануы анықталады, ал ересектерде пирамидалық жолдардың 
зақымдануын білу үшін жиі қолданамыз. Жаңа туылған нәрестелерде 
зерттелетін көптеген рефлекстер баланың эволюциялық дамып жетілуін, оның 
функциональді жағдайын және олардың топикалық маңыздылығын анықтайды. 
Рефлекстерді зерттеудің маңыздылығы жоғары, себебі олар айқын 
клиникалық парезді УДЗ, МРТ, КТ аппараттарынан бұрын анықтауға мүмкіндік 
жасайды. Сондықтан көптеген авторлар оларды қолданудағы маңыздылығын 
көрсетеді және кейбір шартсыз рефлекстердің топикалық диагноз қоюға үлкен 
мән беру керектігін айтады [178; 179]. 
Көптеген 
шартсыз 
рефлекстердің 
ішінде 
мағлұматты 
молына 
жататындары: баланың ауыз бұрышы аймағының терісін сипағанда, 
тітіркендірілген аймаққа қарай бастың бұрылуы болады (іздеу рефлексі), 
саусағымызбен нәрестенің ерніне жайлап тигізгенде, еріннің алға қарай 
жиналуы байқалады (піл тұмсығы рефлекс), емізікті ауызға салғанда сору 
қимылдары туындайды (сору рефлексі), баланың тенар аймағын басқанда, 
аузын ашып, басын иіп, иықтарын бүгеді (Бабкиннің алақан – ауыз рефлексі), 
жаңа туылған сәбидің қолына саусағымызды қойғанда, зерттеушінің қолын 
қармағанды байқаймыз (жоғары қармау рефлексі), баланы көтергенде – 
Робинсон рефлексі. Моро рефлексі – тітіркендіргіштерге (шапалақ), тактильді 
және вестибулярлы реакциясын (бала денесінің қалпын өзгерту және т.б.) 
реакциясын анықтаймыз. Тітіркендіргіштерге жауап ретінде бала қолдарын екі 
жаққа жайып, қол саусақтарын уысына жинайды (І фаза), содан кейін қолдары 


58 
алғашқы қалпына қайта келеді (ІІ фаза). Баланың омыртқасы бойымен терісін 
тітіркендіргенде, тітіркендірген жаққа қарай денесін доға тәрізді иеді (Галант 
рефлексі). Баланы қолтығынан көтергенде аяқтарын барлық буындарда жинап 
алады, ал тұрғызғанда алғашқы кезде жартылай иілген аяқпен, ал кейін 
аяқтарын тіктеп алады (тіреу рефлексі), баланы алға қарай еңкейткенде 
аяқтарымен қадам басады (қадам рефлексі) және осы кезде балтырдың төменгі 
үштен бір бөлігінде айқастыруы мүмкін. Ішімен жатқан баланың табанына 
алақанымызды қойғанда, рефлекторлы түрде қолды итеріп, еңбектейді (Бауэр 
рефлексі). Аяқтағы ІІ- ІІІ саусақтың жастықшасын басқанда, табанды жинау 
байқалады (Веркомның төменгі қармау рефлексі), табанды штрих тәрізді 
тітіркендіргенде бірінші саусақ бүгіліп, қалған саусақтардың арасының ашылуы 
анықталады (Бабинский рефлексі) [33, c.88]. 
Жаңа туылған нәрестелердегі шартсыз рефлекстерді нерв жүйесінің 
перинатальді зақымдануын анықтау үшін қолдануға болады: перинатальді 
гипоксиялық энцефалопатия кезінде қорғаныс бұзылыстарының синдромында 
шартсыз рефлекстердің күшеюі байқалады [180]. Нерв жүйесінің перинатальді 
зақымдануының ерте қалпына келу кезеңінде, автоматизм рефлекстерінің 
төмендеуі немесе болмауы, алақан – ауыз, жоғары қармау рефлекстерінің 
төмендеуі анықталады [181; 182]. 
Балаларда өмірлерінің алғашқы айларында анықталатын беймәлім шартсыз 
рефлекстер (бульбарлы және спинальді автоматизмдер) жайлы мәліметтер өте 
аз. 
Шартсыз рефлекстер балаларда пирамидалық жолдардың толық 
миелинденбеу салдарынан әр түрлі дәрежедегі зақымданулар кезінде үлкен 
пирамидалы Бец жасушалары перифериялық мотонейрондарды тежей 
алмағандықтан дамиды [183]. 
Ересектерде пирамидалық жол зақымданғанда диагноз қою үшін негізгі 
объективті критерийлердің бірі жазылу және бүгу топтарының патологиялық 
рефлекстерінің анықталуы болып табылады [184]. 
Клиникалық тәжірибеде оральді автоматизм мен қол басының шартсыз 
рефлекстерімен қатар, аяқ басының патологиялық рефлекстері де маңызды 
орын алады. Балаларда өмірлерінің алғашқы айларында табанның сыртқы 
немесе ішкі қыры бойымен штрих тәрізді тітіркендіргенде жазылғыш 
(экстензорлы) шартсыз патологиялық рефлекс (Бабинский рефлексі) 
шақырылады. Осымен қатар, жазылатын тобына жататын көптеген 
патологиялық рефлекстердің нәтижесінде тітіркендіргіштерге үлкен саусақтың 
жазылуымен жауап береді (Оппенгейм, Гордон, Шеффер, Чадок, Редлих, 
Гроссман рефлекстері) [185]. 
Жазылатын топқа жататын жоғарыда аталған барлық шартсыз 
рефлекстердің жетіспеушілігі болып: 
- Бабинский рефлексінен басқа, экстензорлы рефлекстері үнемі анық 
шақырылмайды. 
- Шақырылған тітіркенулер тек белгілі бір аймақпен шектеледі (табанның 
сыртқы немесе ішкі қырлары – Бабинский рефлексі, балтырдың алдыңғы беті – 


59 
Оппенгейм рефлексі, балтыр бұлшықеті – Гордон рефлексі, ахилл сіңірі – 
Шеффер рефлексі, сыртқы тобық –Чадок рефлексі, балтырдың артқы беті – 
Редлих рефлексі, аяқтағы кіші саусақ – Гроссман рефлексі), 
- аяғында үлкен саусағы жоқ (ампутацияланған) науқастар үлкен 
саусақтарын жаза алмайды. 
Ұсынылған әдіске жақыны, балаларда өмірлерінің алғашқы айларында 
шартсыз рефлекстерді тексеруге жататын әдістерге 2-5 саусақтың ұшын қысқа 
соққымен ұрғанда бүгу (флексорлы) рефлекс (Россолимо рефлексі) 
шақырылады. Бүгу тобының патологиялық рефлекстері тітіркендірулерге аяқ 
басы саусақтарының иілуімен көрініс береді [186]. Бірақ бұл әдістерді қолдану 
тиімсіз, себебі: 
- Бүгу рефлексі үнемі анық шақырылмайды, дені сау балаларда тұрақты 
емес, сезімталдығы төмен және жоғары маманданбаған. 
- тітіркендіру аймағы кішкене аймақпен шектеледі (аяқтың 2-5 
саусақтарының ұшы Россолимо рефлексі, табанның сыртқы беті 4-5 саусақ 
аймағы – Бехтерев І рефлексі, өкше – Бехтерев ІІ, табанның ортасы – 
Жуковский рефлексі). 
Өнертабыстың техникалық міндеті болып, балаларда өмірлерінің алғашқы 
айларында анық шақырылатын бұрын белгісіз болған жаңа зерттеу әдісін 
ұсыну. 
Техникалық нәтижесі – табанның барлық бетіне тітіркендіру өткізуге 
байланысты, рефлексогенді аймақтың ауқымды болғандығынан, анықталуы 
жоғары және аяқтағы 2-5 саусақтың бүгілуіне алып келеді (бүгілу рефлексі). 
Көрсетілген техникалық нәтиже – рефлекс табандағы аяқ саусақтарының 
негізінен басталып өкшеге дейін жанасатын, жылдам тітіркендіру жүргізілгенде 
шақырылады. Бір айлық балаға тексеру жүргізу нәтижесінде аяқтың 2-5 
саусақтарының бүгілуімен жауап берсе, неврологиялық дені сау бала, ал бұл 
рефлекстің болмауы спинальді шоктың барын дәлелдейді. Ересек адамдарда 
аяқтағы 2-5 саусақтардың иілуі – пирамидалық жолдың зақымдануын білдіреді. 
Бұл әдістің нәтижелілігі ауқымды рефлексогенді аймақты алып 
жатқандығына байланысты. Қалыпты жағдайда жаңа туылған нәрестелерде 
бүгу рефлексі тұрақты, анық шақырылады, ал шақырылмаған жағдайда 
спинальді шоктың бар болуын, ал ересектерде пирамидалық жетіспеушіліктің 
бар екендігін білдіреді. Рефлекс nn. plantaris medialis et lateralis және n.suralis rr. 
cutaneus cruris medialis осы нервтердің кезекпен тітіркенуінен импульс туындап, 
жұлынның сенсомоторлы нейрондарының сегменттерінде интеграцияланып, 
орталық нерв жүйесінің тормоздық бақылауы болмағандықтан, 2-5 
саусақтарының флексиясымен және тырнақ фалангаларының иілуімен жауап 
береді. Рефлекстің доғасы жұлынның мойын буылтығы деңгейінде жатады, 
сондықтан бұл рефлекстің төмендеуі мен болмауы ОНЖ цервикальді 
деңгейінде зақымданудың бар екендігі деп болжанады. Бұл рефлекс Бабинский 
рефлексі тәрізді спинальді шогы жоқ барлық жаңа туылған нәрестелерде, ал 
ересектерде – пирамидалық жолдың зақымдануында кездеседі. 


60 
Аяқтағы 2-5 саусақтың бүгілу рефлексін шақыруды өткізу тәсілі: бір айлық 
баланы арқасымен жатқызамыз. Зерттеуші жетекші қолдың алақанымен аяқ 
саусақтарының негізінен бастап, өкшеге дейін табанның барлық бетіне 
жанасатын, тітіркендіру жүргізеді. Рефлекс аяқтың 2-5 саусақтарының иілуімен 
жауап береді. Тәжірибелік дәрігерлер жаңа туылған нәрестелер мен ересектерге 
пирамидалық жолдың зақымдануында неврологиялық статусқа баға беруде 
жаңа тексеру әдісінің артықшылықтары мен маңыздылығы бойынша ерекше 
аталатыны: 
1. Барлық жаңа туылған нәрестелер дүниеге келген алғашқы минутынан 
бастап, әр түрлі этиологиялы спинальді шокпен туылған балалардан басқа, 
табанға тангенсиальді тітіркендіру арқылы шақырылған бүгу рефлексі 99% 
жағдайда оң нәтиже беретіндігі: 
2. Екі топ рефлекстерінің жауап реакциясының айқындығы, зерттеу 
әдісінің дұрыс орындалу сапасы мен кортико-спинальді тракттың зақымдалу 
дәрежесіне және жұлындық рефлекторлық доғаның жағдайына байланысты 
болуында. 
Бұл әдіс Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ клиникасының неврология 
бөлімшесінде көптеген жылдар бойы клиникалық тәжірибеден өткен. 
Анықталған клиникалық мәліметтер инструментальді әдістермен расталды (КТ, 
МРТ). 
№1 мысал. Р. есімді ұл бала 36 аптада шала туылған, жұлын жарығы бар. 
Ауру тарихы № 4599-15. Жүктілік ағымы созылмалы жатырішілік гипоксия 
фонында өткен. Туылған кезде Апгар бойынша 6-7 балл. Бөлімшеде 1 
апталығында неврологпен қаралды. Неврологиялық статусында бұлшықет 
тонусының төмендеуі, шартсыз рефлекстер – қорғаныс рефлексі төмендегені, 
алақан –ауыз рефлексі төмендегені анықталды. Табанның бүгу рефлексі 
шақырылмайды. Неврологтың диагнозы: “Қозғалыс бұзылысының синдромы. 
Спинальді шок”. Негізгі емімен бірге ноотропты және қантамырлық 
препараттарды қосып тиімді емдеу тағайындалды. 
Келтірілген мәліметтерден көріп тұрғанымыздай, аталған шартсыз 
рефлексті тексеру әдісінің басқалармен салыстырғанда көп артықшылықтары 
бар: табанның бүгілу рефлексі патологияларға жоғары сезімтал және дені 
сауларға тән, бір айға дейінгі балаларда спинальді шокты анықтайтын сенімді 
индикаторы болып саналады. Бұл әдіс неврологиялық статусты объективті 
бағалауға нақты диагноз қойып, адекватты ем жүгізуге мүмкіндік береді. 
Қорытындылай келе, бір айға дейінгі балаларда шартсыз рефлексті тексеру 
әдісі аяқ саусақтарының негізінен өкшеге дейін, табанның бетіне жанасатын, 
жылдам тітіркендіру жүргізумен ерекшелінеді. Бір айлық балаларда аяқта 2-5 
саусақтарының иілуі анықталса неврологиялық дені сау екендігі, ал рефлекстің 
болмауы – спинальді шоктың белгісі болып табылады [187]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет