Вестник казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет3/35
Дата03.03.2017
өлшемі3,59 Mb.
#6132
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

Summary 
A.K.Arystan undergraduate  
K.E.Esmagul the candidate of biolgical sciences, professor. 
(Almaty c., Kazakh state women's teacher training university) 
Reproduction of aport apples 
This  article discusses the  ways  of  restoring apples  Aport by  traditional and biotechnological 
methods.  Today,  the  trade  of  аport  lost  its  value  because  the  land  where  grown  аport  became 
private, instead of apple trees took place other objects (houses, buildings i.e.). Before now аport of 
Almaty were the pride of our country, a symbol of our southern capital. 
Kеywords:  Aport,  mikroklon,  laminar  box,  explant,  corrosive  sublimate,  axillary  buds, 
breeding ground.  
 
 
 
ӘОЖ 91:373:372.8 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІК- БАТЫС ЕУРОПА ЕЛДЕРІМЕН 
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ 
 
Н.Н.Карменова, г.ғ.к., профессор,   
К.А.Тлеубергеновап.ғ.к., доцент, 
Э.Қ.Қуандықоваг.ғ. магистрі, аға оқытушы,  
Е.С.Нуркеев, п. ғ. магистрі, оқытушы 
(Алматы қ.,Қазақ мемлекеттік қыздар 
 педагогикалық университеті)  
 
Аңдатпа:  Қазақстан  мен  Ұлыбритания  арасындағы  тауар  айналымы  2015  жылы  13 
млрд  АҚШ  долларының  келісімдеріне  қол  қойылды.  Қазақстан  экспортының  басты 
құраушысы – минералдық ресурстар, феррохром, болат, мыс, бағалы және жартылай бағалы 
металдар.  Финляндия  Республикасына  мемлекеттік  сапары  аясында  Елбасының 
Финляндияға сапары барысында «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының құрамындағы 
«Инжиниринг  және  технологиялар  трансферті»  АҚ  пен  «ТЕКЕЛ»  финдік  технологиялық 
парктер  қауымдастығы  және  «ИННО  ПРАКСИС»  финдік  консталтингтік  компаниясы 
арасында  ынтымақтастық  туралы  меморандумға  қол  қойылды.  Норвегиялық  компаниялар 
Каспий  теңізі  аумағында  белсенді  жұмыс  атқаруда.  Соның  ішінде  Aker  және  Statoil 
компаниялары  Қазақстандағы  жаңа  жобаларға  қатысуға  қызығушылық  танытып  отыр. 
Елбасының  Швеция  премьер-министрі  Йоран  Персонмен  кездесуінен  кейін  екі  елдің 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
14 
 
үкіметтері  арасында  «Инвестицияларды  қолдау  мен  өзара  қорғау  туралы»  және 
«Жолаушылар  мен  жүктердің  автомобильдік  тасымалы  туралы»  екі  бірдей  келісімге  қол 
қойылды.  
Түйін сөздер: халықаралық ұйымдар, ынтымақтастық, қарым-қатынас, берік байланыс, 
экономикалық тиімділік, инвестиция. 
Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізгелі  бері  көптеген  беделді  халықаралық  ұйымдармен 
тығыз  ынтымақтастық  қарым-қатынас  орната  білді.  Солардың  қатарында  Еуропалық  Одақ 
бар.  Іргелі  бұл  ұйыммен  берік  байланыс  орнату  еліміз  үшін  қай  жағынан  алып  қарасақ  та 
тиімді  екені  сөзсіз.  Әсіресе,  экономикалық  тиімділігі  зор.  Себебі  ЕО-қа  мүше 
мемлекеттермен  сауда  экономикалық  ынтымақтастықты  дамыту  Қазақстан  тауарлары  мен 
өнімдерін осы елдердің нарығына шығаруға жол ашып қана қоймай, инвестиция тартуға да 
мүмкіндік туғызады. 
Еуропа  Одағы  (ЕО)  –  халықаралық  саяси  және  экономикалық  бірлестік.  Бұл  1993  ж. 
жалпы  саны  373  млн.  адамнан  асатын  халқы  бар  Еуропа  территориясында  орналасқан 
Германия,  Франция,  Италия,  Бельгия,  Нидерланд,  Люксембург,  Ұлыбритания,  Дания, 
Ирландия,  Грекия,  Испания,  Португалия,  Австрия,  Финляндия,  Швеция  сияқты  елдердің 
қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық 
көмір мен болат қорыту бірлестігінің (осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады, 
1951  ж.),  Еуропалық  экономикалық  қауымдастықтың  (1957  жылы  Рим  келісімшарты 
бойынша  құрылған  бұл  ұйым  «Ортақ  рынок»  деп  те  аталады),  сондай-ақ,  атом  энергиясы 
жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде 
жұмыс  істейді.  Кейіннен  бұл  Одаққа  Польша,  Венгрия,  Чехия,  Словакия,  Словения, 
Хорватия,  Эстония,  Латвия,  Литва  елдері  мүше  болды.  Еуропа  Одағы  аясындағы 
интеграциялық  ынтымақтастықтың  басты  мақсаттары  Бірегей  еуропалық  актіде  (1987), 
Маастрихт  келісімшартында  (1992)  және  Амстердам  келісімінде  (1997)  көрсетіліп 
айқындалған [1].  
Жаңа  тәуелсіз  мемлекеттерге,  оның  ішінде  Қазақстанға  Еуропа  Одағы  бағдарламасы 
шеңберінде үлкен көмектер көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда. 
Еуропалық Одақ пен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған күннен бастап әріптес болып 
табылады  және  ұдайы  кеңейіп  тұратын  бірлескен  диалог  жүргізуде.  Ынтымақтастықтың 
бірінші  жылдары  бұл  диалог  сауда  мен  инвестициялар  мәселелеріне  бағдарланды,  ал  2002 
жылдан бастап энергетика, көлік, сондай-ақ сот  әділдігі мен құқықтық  тәртіп сияқты басқа 
да маңызды салаларды қамти бастады.  
2009-2011  жылдарға  арналған  «Еуропаға  жол»  мемлекеттік  бағдарламасы  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  2008  жылғы  6  ақпандағы  «Қазақстан  халқының  әл-ауқатын 
арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың  басты  мақсаты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауына 
сәйкес  әзірленді.  Бағдарламаны  қабылдау  қажеттілігі  елдің  ішкі  дамуының  өзекті 
міндеттерін  шешудің,  еуропалық  бағыттағы  ұлттық  басымдықтарды  әзірлеудің,  тарихи 
қалыптасқан  байланыстарды  нығайтудың,  еуропалық  интеграция  және  институционалдық-
құқықтық реформалар тәжірибесіне сүйенудің, технологиялық, энергетикалық, көлік, сауда, 
гуманитарлық  және  инвестициялық  ынтымақтастықты  тереңдетудің  маңыздылығынан 
туындады. 
Қазіргі  уақытта  Еуропа  елдерімен  екі  жақты  қарым-қатынастардағы  технологиялық, 
энергетикалық,  сауда  және  көліктік  ынтымақтастық  әлеуеті  толық  іске  асырылмауда. 
Бағдарламаны  іске  асыру  Қазақстан  Республикасы  сыртқы  саясатының  негізгі  принципі  – 
тепе-теңдік және прагматизм қағидатын дамытуға жәрдемдеседі. 
Бағдарламаның 
мақсаты, 
біріншіден, 
Қазақстан 
Республикасының 
Еуропа 
мемлекеттерімен  мынадай  бағыттар  бойынша:  технологиялық,  энергетикалық,  көлік 
саласында,  техникалық  реттеу  және  метрология  саласы,  сауда-экономикалық,  шағын  және 
орта  бизнесті  дамытуда,  өмір  сүру  сапасы  саласында,  гуманитарлық  өлшем  тұрғысындағы 
ынтымақтастықты дамыту және тереңдету; 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
15 
 
Екіншіден  оң  сипаттағы  еуропалық  тәжірибені  пайдалана  отырып,  қазақстандық 
институционалдық-құқықтық  базаны  жетілдіру  болып  табылады.  Ұлыбритания  мен 
Қазақстан арақатынасы. 1992 жылы дипломатиялық қатынастарды орнатқан сәттен бастап, 
Қазақстан  Республикасы  мен  Ұлыбритания  арасындағы  экономикалық  байланыстар  күн 
өткен сайын нығайып келеді. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымы 2003 
жылғы 395 млн. АҚШ долларынан 2008 жылы 2,5 млрд. АҚШ долл. дейін, ал 2015 жылы 13 
млрд  АҚШ  долларының  келісімдеріне  қол  қойылды.  Қазақстанның  табиғи  ресурстарының 
байлығын ескере келе, Қазақстан экспортының басты құраушысы  –  минералдық ресурстар, 
феррохром,  болат,  мыс,  шикізат,  тыңайтқыштар,  бағалы  және  жартылай  бағалы  металдар. 
Қазақстанға  британдық  экспорт  техникалық  құрал-жабдық,  көлік  құралдарын,  оптикалық 
құралдарды,  химиялық,  алкоголь  өнімдерін  және  темекі  өндіруді,  мата,  тағам  өнеркәсібін 
және  басқаларын  қамтиды.  Капиталдандыру  деңгейі  бойынша  «Қазақмыс»  компаниясы 
британдық ең ірі 100 компанияның FTSE-100-іне енді. Бүгінгі кезде Қазақстанда 150-ден аса 
Ұлыбритания компаниясы белсенді жұмыс істеуде. Оның 80-90% көмірсутегін шығару және 
өңдеу саласымен айналысуда. Ал басқа салалар бойынша онша дамымаған [2]. 
Ұлыбритания  мен  Қазақстан  мемлекеттерінің  мемлекетаралық  байланысы  маңызды 
орын  алады.  Ұлыбритания  АҚШ-тан  кейінгі  Қазақстан  экономикасындағы  екінші  ірі 
инвестор.  Соңғы  11  жылда  британ  инвестицияның  көлемі  4  млрд.  АҚШ  долларынан  асты, 
сөйтіп  отандық  экономикаға  келген  бүкіл  инвестиция  көлемінің  13,8  пайызын  алып  отыр. 
Британ  инвестициясының  басым  бөлігі  мұнай-газ  және  кен  өндіру  секторларына 
бағытталған.  Сондай-ақ  екі  ел  арасындағы  инвестициялық  ынтымақтастық  негізінен 
энергетика, тау-кен өнеркәсібі, сауда, әлеуметтік құрылымдар, денсаулық сақтау, көлік және 
байланыс, пайдалы кен қазбаларын барлау және игеру салалары болып саналады.  
Ұлыбританияға  сапардың  бірінші  күні  Елбасымыз  жоғары  деңгейдегі  кездесулер  мен 
маңызды  отырыстар  және  бизнес-форумнан  тыс  британдық  айтулы  іскер  топтардың 
айшықты  өкілдерімен,  яғни  Ұлыбританияның  қоғамдық  өміріндегі  ықпалды  тұлғалармен 
бірқатар кездесулер де өткізіп үлгерген еді. Іскер топ өкілдерімен өткен сондай бір кездесуге 
«Royal  Dutch Shell»,  «BG Group»,  «Barclays  Bank»,  «Vitol  Group»,  «De  La Rue»,  «Glencore» 
және  басқа  да  компаниялардың  басшылары  қатысты.  Олардың  қолындағы  активтер  көлемі 
500  миллиард  доллардан  астам  қаржыны  құрайды  делінеді.  Мемлекет  басшысы,  сондай-ақ, 
«J  Rothschild  Capital  Management»  компаниясы  басқармасының  төрағасы  Лорд  Джейкоб 
Ротшильдпен  кездесті.  Тараптар  Қазақстан  мен  Ұлыбритания  арасындағы  инвестициялық 
ынтымақтастықтың келешегіне қатысты ойларымен бөлісті.  
Елбасымыздың  «Арселор  Миттал»  компаниясының  төрағасы  және  бас  атқарушы 
директоры  Лакшми  Митталмен  кездесуі  барысында  металлургия  саласындағы 
ынтымақтастықтың  даму  болашағы  талқыланды.  Қазақстан  Президенті  әлемдік  шикізат 
нарығындағы  қазіргі  өзгерістер  салаға  әсер  ететініне  назар  аудара  отырып,  осыған 
байланысты компаниядан өндіріс қарқынын сақтау үшін зор күш-жігер талап етілетінін атап 
өтті. Ал Л.Миттал шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасап отырғаны үшін Нұрсұлтан 
Назарбаевқа  алғыс  айтты.  ІІ  Елизавета  Патшайым  да  өз  сөзінде  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 
Лондонға  ресми  сапарының  қорытындыларына  жоғары  баға  беріп,  оның  нәтижелері  екі  ел 
арасындағы  достық  қарым-қатынастарды  одан  әрі  нығайтуға  және  Қазақстан  мен  Біріккен 
Корольдік  халықтарының  өркендеуіне  қызмет  ететініне  сенім  білдірді.  «Біз  Лондоннан 
ештеңе  сұрамаймыз.  Біз  бар  болғаны  сіздерді  Қазақстанға  келіп,  бізбен  бірге  ақша  табуға 
шақырамыз»,  –  деп  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  Қазақстан-Британ  бизнес  форумында 
сөйлеген сөзін аяқтады. 
Финляндия  мен  Қазақстан  арақатынасы.  Финляндия  Республикасына  мемлекеттік 
сапары  аясында  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Отаниеми»  өңірлік 
технологиялық орталығында болып, оның жұмысымен танысты. «Отаниеми» технологиялық 
хабы  Хельсинкидің  серіктес  қаласы  Эспоодағы  Отаниеми  ауданында  орналасқан.  Әйгілі 
финдік  сәулетші  Алвар  Ааолто  жобалаған  бұл  орталық  Финляндияның  жоғары 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
16 
 
технологиясының бесігі, скандинав елдерінің жетекші технологиялық хабы болып саналады. 
Еуропалық Одақ «Отаниемиге» Еуропаның ең инновациялық өңірі атағын екі мәрте берген. 
Елбасының  Финляндияға  сапары  барысында  «Самұрық  Қазына»  Ұлттық  әл-ауқат  қорының 
құрамындағы  «Инжиниринг  және  технологиялар  трансфермерті»  АҚ  пен  «ТЕКЕЛ»  финдік 
технологиялық  парктер  қауымдастығы  және  «ИННО  ПРАКСИС»  финдік  консталтингтік 
компаниясы  арасында  ынтымақтастық  туралы  меморандумға  қол  қойылды.  Қазақстанда 
Финляндияның  22  компаниясы  тіркеліп  жұмыс  істеуде.  Олардың  ішінде  5-еуі  бірлескен 
кәсіпорындар.  Финляндияның  телекоммуникация  саласындағы  жетекші  компаниялары 
«Nokia»  және  «TeliaSonera»  Қазақстанның  коммуникациялық  қызмет  көрсету  саласында 
жұмыс істейді [2].  
Норвегия мен Қазақстан арадағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. 
Энергетика  саласы  біздің  арамыздағы  экономикалық  ынтымақтастықтың  маңызды  бөлігі 
болып  табылады.  Норвегиялық  компаниялар  Каспий  теңізі  аумағында  белсенді  жұмыс 
атқаруда.  Соның  ішінде  Aker  және  Statoil  компаниялары  Қазақстандағы  жаңа  жобаларға 
қатысуға  қызығушылық  танытып  отыр.  Бүгінде  Норвегия  елі  іскер  әрі  достық  қарым-
қатынасты берік орнатуға лайық мемлекеттер қатарына Қазақстан да кіреді. Оған корольдік 
стортингінде құрылған норвегиялық-қазақстандық  достық  ұйымы дәлел бола алады. Соңғы 
бес  жылдың  ішінде  еліміздің  Білім  және  ғылым  министрлігі  Норвегия  мемлекетінің  іс 
тәжірибесімен  танысып  қана  қоймай,  ондағы  озық  үлгілерді  өз  Отанымыздың  шеңберінде 
орнықтыруды іске асырып келеді.  
Швеция  Қазақстанға  ерекше  ықылас  танытып  отыр.  Осыдан  алты-жеті  жыл  бұрын 
елімізге аса мән бере қоймаған Швеция корольдігі бүгінгі таңда Қазақстанға ерекше ықылас 
танытып  отыр.  Олардың  бұл  қызығушылығы  Швеция  премьер-министрінің  шақыруымен 
болған  Елбасының тұңғыш ресми сапарында  анық  байқалды. Елбасының Швеция премьер-
министрі  Йоран  Персонмен  кездесуінен  кейін  екі  елдің  үкіметтері  арасында 
«Инвестицияларды  қолдау  мен  өзара  қорғау  туралы»  және  «Жолаушылар  мен  жүктердің 
автомобильдік  тасымалы  туралы»  екі  бірдей  келісімге  қол  қойылды.  Осы  күні  басым 
көпшілігіміздің  онсыз  күніміз  қиын  болатындай  көрінетін,  бүгінгі  қарым-қатынастың 
ажырамас қызметшісіне айналған ұялы байланыс желісінің телефондарын шығаратын атақты 
«Erisson»  компаниясы  да  осында  орналасқан.  Бұл  компания  Алматыда  GSM  қалыбындағы 
сандық байланыс жүйесін орнатуды қолға алған болатын.  
Қазақстанның Даниямен қатынасы. Дания дүниежүзіндегі ірі донор ел болып жылына 
осы  донорлық  мақсат  үшін  11млрд  крон,  яғни  1,4  млрд.  доллардан  бөлінеді.  Экологиялық 
бағдарламаға  басымдылық  беріліп,  Дания  Қазақстанға  Арал  проблемасын  шешуге  көмек 
беруде. Дания мамандарының жәрдемімен Кіші Аралда камбала балығы өсіріліп, экспортқа 
шығарылса,  мұндай  әрекеттің  жалғасы  ретінде  Қазақстанды  балық  аулау  флотын  дамытуға 
көмек  береді.  Келісімде  Арал  аймағы  үшін  «Таза  су»  бағдарламасын  жүзеге  асыруға 
қатысып,  Арал  өнімін  Еуропалық  нарыққа  сатуға  келісім  орнаған.  Дания  мемлекеттік 
бюджет  есебінен  экологиялық  сараптауды  жүргізетін  бірден-бір  ел.  Осы  арқылы  мұнай  газ 
саласы үшін жоғары сападағы экологиялық технология даярлануда.  Сондай бағдарламаның 
бірі  Фюн  аралында  орналасқан  «A.P.  Moeller»  компания  верфінде.  Тәжірибе  түрінде  және 
осы компания су бетінде жайылған мұнайды тез арада тарату әдісіне көмек көрсете алады. 
«A.P.  Moeller»  компаниясының  Қашаған  мұнай-кен  орнын  игеруге  қатысу  болашағы  бар. 
Данияның  «Маерск  Ойл»  компаниясы  Батыс  Қазақстанның  «Жаңа  жол»,  «Кеңқияқ», 
«Әлібекмола»,  «Сайгак»  мұнай-кен  орындарынан  солтүстік  батыста  барлау  жұмыстарын 
онан әрі жүргізетін болады. Дүниежүзінде халықтың тұрмыс дәрежесінен 4-ші, жан басына 
шаққанда  сыртқы  тауар  айналымы  көлемінен  1-ші  орын  алатын  Дания  кәсіпкерлерін 
Қазақстанның энергетикалық ресурстары онан әрі қызығушылық тудыруда [3]. 
 
 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
17 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.Сатымбекова К. Тенденции экономического развития РК в современных условиях.  // 
Саясат.2005, №8. – Б. 4-5. 
2.Әліқұлов К.А. Қазақстанда нарықтық қатынастардың дамуы. //Жаршы. 2004, №2. – 
Б.60- 62.  
3.Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция. //Жас Алаш. 2002, №9. – Б. 9. 
 
Резюме 
Н.Н.Карменова, к. г. н., профессор, 
К.А.Тлеубергенова, к. п. н., доцент, 
Э.К.Куандыкова, магистр географии, ст. преподаватель, 
Е.С.Нуркеев, магистр педагогических наук, преподаватель 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
Внешние экономические связи Казахстана с северо-западными 
европейскими странами 
В  статье  рассматривается  внешнеэкономические  связи  с  северо-западными  странами 
Европы. Именно со странами, как Великобритания, Финляндия, Норвегия, Швеция и Дания. 
Речь  идет  о  работе  компании  «Арселор  Миттал»,  «Nokia»,  «Erisson»,  «Aker»,  «Statoil»  и 
других. 
Ключевые  слова:  международные  организаций,  содружество,  взаимоотношение, 
крепкая связь, экономическая выгода, инвестиция. 
 
Summary 
N.N.Karmenova, candidate of geographical sciences, professor
K.A.Tleubergenova, candidate of pedagogical sciences, associate professor, 
E.K.Kuandykova, master, senior teacherE.S.Nurkeev, master of ped. sciences, teacher 
(Almaty c., Kazakh state women's teacher training university) 
External economic relations of Кazakhstan with the north west european countries 
This article examines the foreign economic relations with the north west  European countries. 
With  countries  like  the  UK,  Finland,  Norway,  Sweden  and  Denmark.  We  are  talking  about  the 
companies «ArcelorMittal», «Nokia», «Erisson», «Aker», «Statoil» and others.  
Keywords:  international  organizations,  concord,  intercommunication,  durable  connection, 
economic value, investment. 
 
 
 
ӘОЖ 579.672 
БАЛАЛАР СҮТ ҚЫШҚЫЛ ӨНІМДЕРІНІҢ МИКРОБИОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ 
 
А.А.Сартаева, б.ғ.к., қауым. проф. м.а. 
Э.Иманова, а.ш. ғ.к., аға оқытушы 
Б.Аденова, магистр  
А.Жақсылық, магистрант  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  балаларға  арналған  сүт  және  сүт  қышқылы  өнімдерін 
шығаратын  Қазақ  тағамтану  академиясының  «Амиран»  зауытының  өнімі  –  балаларға 
арналған  «Амиран»  йогурты  және  «Амиран»  сүт  қышқылды  өнімдері  алынды.  Сүт 
қышқылды  өнімдерінен  сүт  қышқылы  бактериялары  бөлініп  алынды.  Сүт  қышқылы 
бактерияларының  морфологиялық,  культуралдық,  физиология-биохимиялық  қасиеттері 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
18 
 
зерттелінді  және  нәтижелері  көрсетілді.  «Амиран»  йогуртынан  бөлініп  алынған  сүт 
қышқылы  бактерияларының  барлық  зерттелген  штамдар  каталазаға  теріс,  глюкозадан  СО
2
 
түзбеді,  желатинді  сұйылтпады,  NaCl  4,5%  жақсы  өсіп,  6,5%  NaCl  ортасында  мүлдем 
өспегені  байқалды.  Сүт  қышқылы  бактерияларының  барлық  зерттелген  штамдар  глюкоза, 
сахароза, лактоза, мальтоза, раффиноза, рамноза, арабинозаны жақсы ашытса, ал сорбит пен 
ксилозаны  ешбір  штамдар  ашытпаған.  Зерттеу  нәтижелері  бойынша,  бөлініп  алынған  сүт 
қышқылы бактерияларды Lactococcus, laсtobacillus туыстарына жатқызылды.  
Түйін сөздер: Амиран, сүт қышқыл өнім, йогурт, штамм, сүт қышқылы бактериялар. 
Нәрестелердің  ағзасы  көптеген  өмірлік  маңызды  жүйелерінің  жоғары  лабилділігі  мен 
әртүрлі  типтегі  патологиялық  жағдайлардың  дамуына  бейімділікпен  ерекшеленеді. 
Сүтқышқыл  өнімдері  көптен  бері  дисбактериозы  бар  балаларды  емдеуде  табысты 
қолданылуда, себебі ашу нәтижесінде алынатын өнім патогенді микрофлораға кедергі жасау 
мүмкіндігін  иеленеді,  микроэлементтерді  соруды,  қоректік  заттардың  сіңірілуі  мен 
қорытылуын  жақсартады.  Осылайша,  сүтқышқыл  өнімдерінің  протеологиялық  және 
липолитикалық  белсенділігі  майлар  мен  ақуыздарды  өзгертеді,  бұл  олардың  сіңірілуін 
жоғарылатады,  аллергиялық  әсерлер  ықтималдылығын  төмендетеді.  Сондай-ақ,  өнімдердің 
бұл  тобының  құрамында  лактоза  мөлшері  аз.  Сүт  қышқылы  бактерияларының  табиғатта, 
соның  ішінде  адам  өмірінде  алатын  орны  ерекше.  Сүт  қышқылды  микроорганизмдер  түрлі 
табиғи қайнар көздері мен сүт қышқылы өнімдерінен бөлінетіні белгілі [1-2]. Сонымен қатар, 
сүт  қышқылы  өнімдердің  физикалық,  химиялық,  органолептикалық  сипаттамаларының 
өзгеруінде  микроорганизмдердің  негізінде  жасалынған  ұйытқылардың  және  олардың 
биохимиялық  активтілігінің  маңызы  зор.  Нәтижесінде  микрофлораны  таңдау  арқылы  сүт 
қышқылды  өнімдердің  пайдалы  қасиеттерін  арттыра  отырып,  әртүрлі  мақсатта 
қолданылатын  сүт  қышқылды  өнімдерін  алуға  болады:  диетикалық,  функционалдық, 
пробиотикалық және т.б. 
Біздің  жұмысымыздың  мақсаты  –  Балалар  сүтқышқыл  өнімдерінен  сүт  қышқылы  
бактерияларды бөліп алу және морфологиялық, физиологиялық қасиеттерін зерттеу.Зерттеу 
материалы ретінде, балаларға арналған сүт және сүт қышқылы өнімдерін шығаратын Қазақ 
тағамтану  академиясының  «Амиран»  зауытының  өнімі  –  балаларға  арналған  «Амиран» 
йогурты  және  «Амиран»  сүт  қышқылды  өнімдері  алынды.  Сүт  қышқылды  өнімдерінің  сүт 
қышқылы  бактерияларды  бөліп  алып,  морфологиялық,  физиологиялық  қасиеттерін 
зерттелінді.  
«Амиран»  йогурты  және  «Амиран»  сүт  қышқылды  өнімдерінен  сүт  қышқылы 
бактериялардың  барлығы  50  штаммы  бөлініп  алып,  морфологиялық,  физиологиялық 
қасиеттері зерттелінді. Сүт қышқылы бактерияларының өсу сипаттарын ЕПА қатты қоректік 
ортасының  беткі  бөлігінде  өсіру  арқылы  зерттедік.  Cүт  қышқылы  бактериялардың 
колонияларын  мынандай  белгілері  бойынша  сипаттадық;  колония  пішіні,  мөлшері,  түсі, 
мөлшері,  түсі,  беткі  бөлігі,  құрылымы,  колонияның  шеті.  Колонияның  құрылымы  біртекті, 
шеті  тегіс,  беткі  бөлігі  жұмсақ,  түсі  ақ,  ақ-сұр,  коллония  пішіндері:  сфералы,  сопақша, 
диаметрі  0,4-0,6мм;  1,5-2,0  мм.  Сүт  қышқылы  бактериялары  қоректік  ортаның  түбінде 
жасымық немесе қайықша пішінді колония беріп өседі. Осы белгілер 1-кестеде көрсетілген. 
Сұйық  қоректік  ортада  өскен  кезде  сүт  қышқылы  бактериялары  бірінші  және  екінші 
тәулікте қоректік ортаны лайландырады, ал үшінші тәулікте мақта тәрізді тұнба түзеді. 
 
Кесте 1 – Сүт қышқылы бактерияларының морфологиялық және культуралдық белгілері 
 
Морфологиялық/Культуралдық белгілері 
штамм  Колония 
пішіні 
Мөлше
рі (мм) 
Түсі  
Беткі бөлігі 
Колония 
шеті  
Құрылымы  
«Амиран» йогурты 
 
«Амиран» 
сүт 
қышқылды өнімі 
15 
13 
 
27 
сфералы 
сфералы  
 
сопақша 
0,7 
0,5 
 
1,9 
ақ  
сүт  түсіндей 
ақ  
ақ-сұр 
жұмсақ 
 
жұмсақ  
жұмсақ  
тегіс  
 
тегіс 
тегіс 
біртекті  
 
біртекті 
біртекті 

Хабаршы-Вестник-Bulletin №2 (62), 2016
 
 
19 
 
Сүт  қышқылы  бактериялары  жасушаларының  пішіндері  мөлшері,  қозғалғыштығы, 
спора  түзу  немесе  түзбеу  қабілеттері  зерттелді.  Клетка  пішіндері  мен  мөлшерлері 
микроскоптың  иммерсионды  жүйесі  арқылы  анықталып,  нәтижелер  микрометр  өлшем 
бірлігімен  белгіленді.  Cүт  қышқыл  бактериялардың  жасуша  пішіні  кокка  пішінді.  Кокка 
тәрізді  сүт  қышқылы  бактерияларының  жасуша  пішіндері  сфералы  мөлшері  0.4-1  мкм. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет