Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет12/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
Сөйлемдерді тиісті дауыс ырғағымен оқып, оларды бір-бірімен салыстыр. Не байқадың ?

Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Ә.Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?



Екі бағандағы сөйлемдерді салыстыр.

Сөйлемдегі сөйлем мүшелеріне назар аудар. Сонда не байқадың?

Қар жауды. Қар қалың жауды.

Ұшақ көтерілді. Ұшақ биікке көтерілді.

Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.

Күн жылынады. Күн көктемде жылынады.

Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауышын тауып, оларға сұрақ қойыңдар, салыстырыңдар.

Бастауыш пен баяндауышқа бірдей сұрақ қойылған сөйлемдердің тыныс белгісіне, оқылу ырғағына назар аударыңдар. Сонда не байқадың?

Әсел – биші. Әсел биледі.

Әділет – оқушы. Әділет оқыды.

Аққу – құс. Аққу ұшты.

Шие – жеміс. Шие пісті.

Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқы. Сөйлемдердегі сөйлем мүшелеріне назар аудар. Қандай айырмашылық байқадың ?

Мөлдір барды. Мөлдір саябаққа барды.

Балапан ұшты. Балапан ұядан ұшты.

Қыс келді. Ызғарлы қыс келді.

Синтаксисті дамыта оқытуда топтастыру әдісінің алатын орны ерекше. Бұл әдісті қолданғанда оқушы белгілі бір ұғымдарды немесе тілдік деректерді нақты ұқсастықтары мен айырмашылықтарына, қасиет-сапаларына қарай топтастырады. Мысалы:



Мәтіннен дара және күрделі мүшелерді тауып, кестеге орналастыр.

Мамықтай майда қар. Тығыздалған ескі қардың бетін жаңартып, қалқып келіп түсіп жатыр. Ауаның да салқын, сергек лебі шарпып өтті. Қосман атын жетелеп қойына қарай аяңдады.

Жауған қарды елең қылмай қой-ешкілер жайылып жүр. Жоталарына бір еліден аппақ қар тұрған.

Иесіне жауап қатқандай қара ала лақ маңырап қоя берді. Өзге қойлар да жерден басын алып, бақташысына қарады.

Сонымен, бастауыш сынып оқушысының синтаксис туралы теориялық ұғымын қалыптастыруда таным нысаны оқушы тарапынан шығармашылық тұрғыдан меңгерілуі басты шарт. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының синтаксисті терең теориялық жағынан танып білуде әңгіме әдісі, эвристикалық, ізденім-зерттеу, интерактивті, топтастыру әдістерә, ойын түрлері және т.б. әдістерді кеңінен қолдануға болады.

2.2 Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқытудың әдістері

Қазіргі таңда оқушының қызығушылықтарын дамытуға, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыруға бағытталған оқытудың психологиялық-лингвистикалық, интеллектуалды-сезімдік, әлеуметтік-лингвистикалық, лингвистикалық-дидактикалық негіздеріне сүйенген жаңа әдістемелер қалыптасуда. Бұл оқу үдерісін ұйымдастырудағы инновация деп есептеледі.

Инновация – жаңалық енгізу деген мағынаны білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде жаңалық енгізуге ортаға жаңа тұрақты элементтерді енгізетін мақсатты өзгеріс, соның негізінде белгілі бір жүйе бір қалыптан екінші қалыпқа өзгереді деген анықтама береді. Кез-келген жаңалық жаңарумен байланысты. Дегенмен кез келген жаңалықтың бәрі кез келген мектептің өзекті мәселелерін шешу құралы болып табылмайды. Әрбір құрал нақтылы жағдайда туады және белгілі бір педагогикалық міндетті шешуге бағытталады. Сондықтан ол кез келген басшының алға қойған мақсатымен сай келмеуі де мүмкін. Сонымен қатар кез келген жаңалық сынақтан өтуі тиіс, себебі оның тиімділігі барлық ортаға сай келе бермейді. Сондықтан да кез келген жаңа құралдың өзіндік технологиясы, оны қолдану ерекшелігі болады[51].

Елімізде оқыту технологияларын ойластырып, ғылым мен практиканы ұштастыра зерттеп жүрген ғалымдарымыз баршылық. Атап айтар болсақ, Ж.А.Қараев. Ж.У. Қобдиковалардың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі», Қ.А.Әбдіғалиева,Н.Н. Нұрахметов және т.б. , М.Р. Ковжасаровалардың «Шоғырландырып-қарқынды оқыту», М.М. Жанпейісова , З.Бейсенбаева , Қ.Ж Бұзаубақовалардың «Модульдік», Н.Ж.Құрманованың «Дамыта оқыту», Н.А.Оразақынованың «Сатылай кешенді талдау» технологияларын жатқызуға болады.

Бұл ғалымдарымыздың оқыту технологиялары оқыту үдерісінің өзін жүйе ретінде құру мен басқару диагностикалық мақсат қойып, соған тиімділікпен жету жолдарын ғылыми негізде ұйымдастыру ағымын танытады. Бұл бағыттың ерекшелігі сонда, мұның түп негізі – оқыту үдерісінің жалпы заңдылықтары бар, соларды белгілі бір жүйеге түсіріп тану және нақты оқыту мақсатына лайықтап ұйымдастыру керек деген идеяға негізделеді.

Бастауыш мектепте синтаксисті дамыта оқыту технологиясының ұстанатын бағыты осы айтылғандармен тікелей байланысты. Осымен байланысты дамыта оқыту логикасы басшылыққа алынып, оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамытудың жаңа арнадағы мүмкіншіліктерін зерделеу бағыты ұсталынады.

Синтаксисті дамыта оқыту барысында дидактикалық және әдістемелік әдіс-тәсілдер жүйесі қолданылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласы бойынша жүргізілген үлкен зерттеулерде авторлар әдістерді жіктеу мен жүйелеуде бірізділік танытпайтынын арнайы талдау негізінде анықтадық. Оның жалпы сипатын төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте 1. Қазақ тілі оқыту әдістемесі бойынша жүргізілген зерттеулердегі әдістер табиғатының берілу көрінісі

Ф.Оразбаева

Қатысымдық әдіс

Қ.Қадашева

Сатылы деңгей (пороговый уровень) оқыту әдісі

К.Жақсылықова

Оқып үйренуге бағытталған әдістер: перцептивтік (тыңдалым, оқылым); мнемоникалық (оқулық бойынша жұмыс); ментальдық (жоспарлау, кітаппен жұмыс);

Оқытып үйретуге бағытталған әдістер: қалыпты (сұхбат, әңгіме, баяндау, т.б.); амалдық (алгоритм, зертханалық жаттығулар, аудиовиде құралдармен жұмыс); проблемалық (эвристикалық әңгіме, зертханалық-ізденушілік жұмысы, пікір сайыс); ізденушілік, сөйлесім үлгілері бойынша оқыту әдісі



Р. Шаханова

Модуль, рейтинг, тест

А. Қыдыршаев

Коммуникативтік мүмкіндіктерді дамыту әдістері; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру әдісі; сөйлеу техникасымен жұмыс әдісі; шаршы топ алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдісі

Н. Құрманова

Сөз тіркесін дамыта оқыту әдістері: грамматикалық талдау бойынша, модельдеуді меңгерту, текспен жұмыс істеу барысындағы талдау, логикалық ойлауды дамыту бойынша, танымдық белсенділігін дамытуға арналған әдістер, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесін орындау әдістері

З. Бейсенбаева

Информациялы-дамыту және проблемалы-ізденім әдісі; репродуктивті және шығар-машылық; ауызша тексеру (коллоквиум,-аттестация т.б.), жазбаша тексеру (тест, шығарма жаздырту т.б.)

Т.Әбдікәрім

Педагогикалық оқыту әдістері: анализ, синтез, баяндау, салыстыру, әңгімелеу, проблемалық, эвристикалық, индуктивті, дедуктивті


Ә.Әлметова

Жобалау, қатысымдық-жағдаяттық

Н.Оразахынова

Баяндау, проблемалық, ізденушілік, шығар-машылық, зерттеушілік

Ж.Дәулетбекова

Проблемалық жағдаят тудыру, пікірталас, креативтік, іскерлік ойындар, синектика, «ойға шабуыл»

Оқушылардың ойлауы мен тілін дамытуда танымдық әдістердің рөлі ерекше. Бұл әдістің түрлері қазақ тілін оқыту әдістеріне түпнегіз бола алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет