Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет25/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
1.6 Үшінші кідіріс

– Ақсақал не айтты деп ойлайсыңдар?



1.7 Мәтіннің соңғы бөлігін оқу

– Ақселеу бала да болса, азамат екен! Оның мұнысы нағыз достық!



Тапсырма: Соңғы екі сөйлемді бастауышы да, баяндауышы да зат есімнен жасалған сөйлемдерге айналдырып жазыңдар.

3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

38-жаттығу. Графикалық диктант. Сызбадағы сұрақтардың орнына тиісті сөйлем мүшелерін қою арқылы сөйлем құрап жаз.



Кім?

не?

Кім?

қандай?

не?

– –



не?

қандай?

Кім?

Не?

не?

– –


«Тұрлаулы мүшелер» ойыны. Ойынның шарты: Бір бала бастауыш, екіншісі баяндауыш, ал үшіншісі сызықша болады. Омырауларына белгі қадап алады.

Бірінші бала бастауышты айтқанда, «Баяндауыш бала» баяндауышты айтады. «Сызықша бала» аңдып тұрып, сызықша керек еткен жағдайда, екі баланың ортасына қолын екі жағына созып барып тұра қалады.

Соңында ойынға қатысушылар өздері қорытынды жасап, баға береді.

Сабақтың басында үлестірілген «өзін-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар (өз білімдерін әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы) өзін-өзі бағалайды.



Үйге тапсырма. 39-жаттығу. Мақалдарды түсініп оқып, көшіріп жаз.

1. Әкеге қарап ұл өседі,

Шешеге қарап қыз өседі.

2. Жаман жолдас жолда қалдырады.

Сөйлем мүшелеріне талдап, сызба түрінде көрсет.

2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар нәтижесі.


2014-2015 оқу жылында бастауыш сыныпта синтаксисті дамыта оқытудың әдістемесінен тәжірибелік –эксперимент жұмысы № 36 орта мектептің 3 сыныптарында жүргізілді.

Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысымыз 2 кезеңнен тұрады:

1. Анықтаушы эксперимент.

2. Қалыптастырушы эксперимент.

Эксперимент жұмысының анықтау кезеңінде бастауыш сыныпта синтаксисті оқытудың жаңа бағыттары және оның қалай іске асырылып жатқанын бақылау, оқушыларының синтаксис материалдарын қаншалықты меңгеріп жатқанын, оқыту барысында қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау.

Анықтау кезеңінің нәтижесі бастауыш сынып мұғалімдерінің көпшілігі әлі де ескі дәстүрлі оқыту жүйесімен келе жатқаны, тек қана оқулыққа сүйене отырап сабақ жүргізетіндері анықталды. Осындай кешшіліктерді түзеу мақсатында бастауыш сыныпта синтаксисті оқыту кезінде шығармашылық тапсырмалар, жаттығулар жүйесін, дидактикалық материалдарды, заманауи техникалық құралдарды қолдана отырып сабақ жүргізу қажеттігі байқалды. Бұл айтылғандар експеримент жүргізу барысында бақылау әдісін қолданудың тиімді екенін көрсетті.

Кесте 2. Анықтау кезеңіндегі көрсеткіштер

Топтар

Жоғары %

Орта %

Төмен %

Тәжірибелік

25,30

30,50

44,20

Бақылау

10,7

29,6

59,5

Анықтау кезеңінде 3 сынып оқушыларының синтаксис туралы ұғымдарын анықтау іске асырылды. Бақылау тобы оқушыларының 10,7 % -ы, эксперименттік топ оқушыларының 25,30 %-ы синтаксис саласы бойынша тапсырмаларды дұрыс орындағандар, бақылау тобы оқушыларының 29,6 % -ы, эксперименттік топ оқушыларының 30,50 %-ы синтаксис ұғымдары бойынша берілген тапсырмаларды ішінара дұрыс орындағандар, бақылау тобы оқушыларының 59, 5% -ы, эксперименттік топ оқушыларының 44,20 %-ы берілген тапсырмаларды қате орындағандар.

Эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде оқушыларға синтаксисті дамыта оқыту арқылы меңгертудің әдістемелік жүйесі жасалып, ол оқыту эксперименті материалдары түрінде дайындалды. Бастауыш сыныпта қазақ тілінің синтаксис саласын оқытуда жаңа технология элементтерін, көрнекіліктерді, ойын түрлерін, интерактивті тақтаны, интербелсенді әдістерді тиімді пайдаландық. Бастауыш мектеп оқушыларына синтаксис материалдарын дамыта оқыту үшін грамматикалық-тілдік, танымдық, рефлексиялық, тіл дамыту жаттығулары қамтылды.

Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі синтаксис саласын меңгеруде танымдық қызығушылығы мен белсенділігін арттыру бағытындағы тапсырмалар:

«Сөз тіркесін құра» ойыны. Ойынның мақсаты – берілген сөздерден сөз тіркесін құрай білу және тіркестердің мағынасын бір сөзбен түсіндіру машығын қалыптастыру. Шарты: бағанның сол жағындағы құбылыс-аттарға оң жағындағы белгі-қасиеттердің қайсысы тән екендігін таптыру, тіркестерін атату қажет. Сонымен бірге тіркестердің мағынасын бір сөзбен түсіндіру керек.

Жүрек перде

Қараңғылық шыжық

Тағдыр от

Үміт сызық

өмір көз
Жауап: жүректің көзі – саналылық; қараңғылық пердесі – надандық, тағдырдың сызығы – жазмыш, үміттің оты – үміттену, өмірдің шыжығы – қайғы.

«Сөйлем сазы» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: ойынға қатысушылар үш-үштен бірнеше топқа бөлінеді. Әр топ: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем болып бөлініп (омырауларына тиісті белгіні қадайды), берілген мәтінді кезекпен сазын келтіріп оқиды. Қатысып отырғандар кімнің қалай оқығаны жөнінде өз пікірлерін айтады. Ойынға қатысушыларға кімнің оқығаны ұнаса, сол бала жеңімпаз атанады.

«Жайылмаға айналдыр»

Ойын-жаттығудың шарты: Оқушылар берілген сөздерді («қатты», «балалар», «тез», «дүкенге») пайдаланып, төмендегі сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жазады:

«Демалысқа шықты. Жарас қуанды. Сатушы келді. Сәуле жазды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет