Зерттеу пәнін анықтау Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау Зерттеу тақырыбын айқындау Географиялық мониторинг әдістері


Тепе-тендіктің сақталмауы мәселесін шешу



бет27/63
Дата17.01.2023
өлшемі1,55 Mb.
#61591
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Тепе-тендіктің сақталмауы мәселесін шешу. Көптеген дамушы елдер отарлық жүйе зардаптарын жоюға бағытталған аймақтық саясат жүргізуде. Бұл саясат өндіргіш күштердің теніз маңына шоғырлануын азайтуға, ішкергі аудандардын игеруге, орталықтардың экономикалық қызметін таратуға бағытталған. Бұл Мексикада шаруашылық құрылымдардың АҚШ-пен шегаралас солтүстік аудандарға және оңтүстікке ығысуынан көрінеді. Бразилияда өнеркәсіптік үшбұрыштың аумағынан шығу жүргізілуде. Аргентинада шаруашылық даму оңтүстіктегі аз игерілген, бірақ табиғат ресурстарына бай Патагонияға таратылуда.
Экономиканың аумақта таралып орналасуын жеделдету үшін әртүрлі шаралар қолданылады. Мысалы, 1960 жылы Бразилия астанасы теңіз жағалауындағы Рио-де-Жанейродан елдің орталық бөлігіндегі Бразилияға ауыстырылды. Мұндай шаралар қатарына «өсу полюстерін» қалыптастыру. өнеркәсіп парктерін құру (Мексикада. Бразилияда), шағын зауыттар салу жатады. Африкада жоғары тауарлы өсімдік шаруашылығы мен экстенсивті жайылымдық малшаруашылығы аудандары, бірқатар ірі тау-кен өнеркәсібі аудандары калыптасты.
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру
Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады:
1) ел экономикасының типі:
2) жалпы жпынтык өнімнің (ЖІӨ) көлемімен құрылымы:
3) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;
4) елдің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі.
2017 жылы дүниежүзі елдері арасында ЖІӨ көлемі жөнінен Қытай жетекші орынға ие болды.

Дүниежүзіндегі ЖІӨ көлемі ең жоғары елдер, 2017 ж. (Халықаралық валюта қоры деректері бойынша құрастырылады)



Жиынтық ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіштер, 2017 ж.
(Халықаралық валюта қоры деректері бойынша құрастырылады)

р/c

ЖІӨ деңгейі жоғары елдер

ЖІӨ мөлшері, АҚШ долл.

Р/с

ЖІӨ деңгейі төмен елдер

ЖІӨ мөлшері, АҚШ долл.

1

Катар

124 529

1

Мадагаскар

1551

2

Люксембург

106 374

2

Оңтүстік Судан

1489

3

Сингапур

93 905

3

Либерия

1354

4

Бруней

78 196

4

Йемен

1287

5

Ирландия

75 538

5

Мозамбик

1244

6

Норвегия

71 831

6

Малави

1167

7

БАӘ

67 741

7

Нигер

1164

8

Кувейт

66 167

8

Конго ДР

790

9

Швейцария

61 422

9

Бурунди

735

10

АҚШ

59 501

10

Орт. Африка Республикасы

677

Қазақстанда 2017 жылы сатып алу қабілетін ескергенде ЖІӨ көлемі ресми бағам бойынша 478 млрд АҚШ долларын құрады, оның жан басына шаққандағы көрсеткіші 26 252 долларға тең болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет