Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет67/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
Байланысты:
Абай поэтика

Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз, - сияқты салыстырыла келіп, таңдауды оқырман алдына тартатын жолдар ақын өлеңдерінде мол ұшырасады. Өлеңдердегі өзекмән өзгермейді, әртүрлі мазмұнда жаңарып, жаңғырып, оқырман алдынан шығып отырады. Күнделікті қолданыста жұмсалып жүрген қарапайым сөздер мен сөзтұлғалардың поэтикалық қызметке көшіп, ерекше мағынада жұмсалуына аса жоғары мән беру қажет. Поэтикалық лебізде мүлде жаңарып, өзгеріп, «жасарып» кетер сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ішкі терең семаларынан бөліп алмасақ та, поэтикалық мәтінде ерекше нұрланып, сәулеленіп жүре беретінін бөліп айтамыз. Күнделікті қолданыста да, поэтикалық мәтінде де сөздер, әрине, шындық болмыстағы әрекеттер мен құбылыстарды, жағдаят мен заттарды белгілейді. Мұндағы басты мәселе немесе ерекшелік – сөзді қолданушының шешендігі мен хас шеберлігінде, сөзге деген терең талғамы мен талантында болса керек. Сөздің сәулеленуі тек қажетті сөзбен тіркесуінде ғана десек, қателескен болар едік, сөздің сәулеленіп, нұрланып жұмсалуының басты көзі – таңбаланатын ойдың түзулігінде, ішкі өзекмәннің парасатты пайымға құрылуында, елге еленерлік қажеттілігінде, берерінің барлығында, халықтың рухани игілігіне жарарлық құндылықтарға құрылуында.
Қорыта айтқанда, поэтикалық мәтін арқылы берілетін ақпарат халық игілігіне қызмет етерліктей деңгейде терең әрі биік, қарапайым әрі құнды, болмыс пен табиғат гармониясымен үндес. Біз Абай өлеңдерінен осыларды табамыз, таңырқаймыз, материальдық игіліктерден жоғары тұратын адами абсолюттік құндылықтарды бағалау жүйесіне, тарихи-мәдени рухани концептерді бейнелеуіне қайта-қайта үңілеміз.
Сөз жүйесінің данасы - Абай.
Cөз киесін танытушы – Абай.
Сөз даналығын бағалаушы – Абай.
Қазақ Сөз патшалығының киесі – Абай.
Абай шығармашылығының басты негізі – адам. Негізгі образы – адам, сондықтан оның тыңдаушысы да бүкіл адамзат. Абайдың поэтикалық семантикасы сөз даналығының методологиялық және эстетикалық негізіне иек артады, сөйтіп, жалпы шығармашылығының басты концепциясын айқындайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет