Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет63/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Өлеңде суреттелген әрекет көз алдыңызға келіп, алты қанат ақ орданың ішінде өзіңіз отырғандай, құлағыңызға ысқырған боранның бұрқ-сарқ етіп долданған даусы келгендей, үйді ұшырып кетердей сезінесіз. Неге? Біздіңше, сізге мұндай сезімді санаңызға үйіріп әкеліп, қазір қыс қылышын суыратындай күйге түсірген «мазаңды» сөзіндегі тәуелдік жалғауының екінші жағының тұлғасы «ң». «Мазаңды алды» екінші жақта келіп, саған арналып тұр, «сенің мазаңды алды» болып, тікелей оқырман көңілін қобалжытады, әсер етеді. Мәтінде тәуелдік жалғауымен берілген дейксис үлкен коммуникативтік қызмет атқарады, үшінші жақта жұмсалып, қыстың көркін кестелесе, оған оқырманның көңіл күйін бейнелеу үшін екінші жақта, автордың өз пікірін көрсету үшін бірінші жақта жұмсалады. Шағын өлеңде тәуелдік жалғауының үш жағы осылайша өнерлі қолданылады да, өлеңнің ажарын ашады. Коммуникативтік әрекетке қатысушыларды, ондағы уақыт пен кеңістікті автор осылайша біріктіріп, тәуелдік жалғау арқылы табиғат пен адам арасындағы байланысты қабыстыра суреттейді. Әдеттегі теория бойынша дейксистің үш түрі көрсетіледі:
• жақты білдіретін есімдік тұлғалары;
• локативті тұлғалар (мекендік қатынасты білдіретін есімдер);
• шақтық тұлғалар (қазір, ертең, биыл т.б.)
Кеңістік пен уақыт дейксисін ақын өлеңдерінде ұтымды пайдаланады. Ақын стандартты қолданыстан аулақтап, өзіндік ой өрнегін ерекше өлең өрнегімен беруді мұрат еткендей.
Абай өлеңнің бір құдіреті – бұл.
Поэтикалық семантиканың басты ерекшеліктерін атау қолданысының көп қызметтігімен, көпмағыналықпен, күрделі семантикалық тәсілдердің жұмсалуымен де байланыстыру жөн. Абай поэтикасының басты ерекшеліктерінің бірі ақпараттығы. Жалпыланған дерек пен әрекет арқылы берілетін ақпарат Абай талғамымен толысып, ақын даналығын бойына сіңіре белгілі бір уақыт пен кеңістіктен бой үзе, үзіліп шыңға шығып, адами болмыстың сырын шертеді. Адами ортақ болмысқа тән қасиеттер іріктелген жаңағы дерек пен әрекет енді бірде қазақы үлгіден биіктеп барып, адамға тән жақсы мен жаманды әдіптей бастайды. Сөйтіп, жекенің мінін қазбалау емес, жалпы адами болмыстың қырын таныту болып шығады. Өлеңнің семантикалық құрылымы осыны байқатады. Ақын-бақылаушы ақын баяндаушыға айналып, жалпылық образ-бейне жасалып, нәтижесінде өмірлік тәжірибеден алынған даналық ой шығады. Мәселен, «Интернатта оқып жүр» өлеңін талдап байқалық:
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.
Айтыңызшы, болсаңыз
Здравомыслящий,
Ақыл айтпай ма ағасы.
Ия, бір қарағанда өлең сол уақыт, сол кеңістікті ғана айтып, жеке деректі тізбелеп, Семейде оқып жүрген қазақ балаларының салтын жазуға арналғандай. Ал сөз сырын саралап, семантикалық талдау жасап барласақ, ақын-бақылаушы бүгін де арамызда жүргендей. Семейдің интернатында емес, шетелдің пәтерінде жатып, шетелдік білім аламын деп оқып жүрген қазақ баласының бүгінгі жай-жағдайын тап басып көріп тұрғандай. «Бейне қолдың саласындай» жасөспірімді елі, Отаны, ата-анасы үміт етіп жіберіп отырған жоқ па? Алайда бес саусақ бірдей ме? Қазір жастарды оқытуда, шетелде оқытуда күрделі проблемалы мәселелер туындамай отыр деп айта аламыз ба?
Абай айтқан өмірлік тәжірибеден не үйрендік, нені түсіндік, нені түсінбей құр жаттадық...
Даналық ой әр жолынан аңғарылатын Абай өлеңдері талдаған сайын, тереңіне сүңгіген сайын, көз алдымда биіктей береді, шыңы асқақтай түседі. Сөздер мен сөзтұлғалардың дейктикалық қызметі жеке, нақты эпизодтай көрінген ақпаратқа жалпы адамзаттық мән беріп, әуелгі мәнінен алыстатып, фондық, панорамалық деңгейге көтеріледі де, сөз саптауы сабырмен ілгері қарауға жетелейді. Өлең мәтінінде сипаттау мен аксиологиялық қызмет бір-бірімен іштей қабысып жатыр. Бір қарағанда өлең сипаттауға құрылғандай болып көрінер. ХІХ ғасыр аяғында Семейде орыс оқуын оқып жүрген балалар. Мақсаты - орысша оқып, ілім алып, тілмаш не атпекет болып шығу. Абай олардың мақсатын тереңдете түспек үшін, санаға сәуле түсіріп, орыс мәдениетіне терең үңілуді ұсынады. Салтыков пен Толстойдай дананы оқып-біліп, мәдени құндылықтарды тануды ұсынады. Ал өлеңнің аксиологиялық қызметі бұдан да күрделірек. Білім алу, даналыққа ұмтылу, мәдени игіліктерді меңгеру – адами құндылықтардың негізгі баспалдақтары десек, жеке тұлғаның дамуында бұл басты қағидатқа айналары хақ. Абай ұсынатын жеке эпизодтың жалпы құндылыққа айналып, қандай да бір уақыт пен кеңістік үшін әмбебап саналуы осыдан. Адами құндылықтың негізгісі білім мен өнер, рухани мәдениет десек, Абай танымының табиғаты, аксиологиялық қызметі арта түспек. Өлең мәтініндегі бастапқы ой қай заманда да құнды екені өзінен өзі түсінікті.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінің өн бойында «оқығышқа» айтылатын сын бар, МӘН-інде ұрпаққа айтылған сыр бар. Өлең құрылымына этикалық және мәдени құндылық жұптас сыйғызылып, сөз төркінінде білгенін өз пайдасына емес, Ел пайдасына жұмсаса деген тілек, орыс өнерін (әлемдік өнер мен мәдениет деп түсінсек, сол абзал!) үйренсе деген талап жатады. Абай концепциясы терең білім мен ғылымды үйренуге, таза өнерге талаптануға шақырады. Өмірдегі шындық пен құндылықты қатар қойып, салыстыра отырып, игілікке ұмтылдыру - Абай аксиологиясының басты көрсеткіші. Осындай салыстыру мен аксиологиялық қызмет бір мәтінде қатар жымдаса келіп, мәтіннің пропозициялық күшін айқындайды. Негізгі мән тыңдаушының айтылар ақпараттан хабардар екеніне сүйене отырып жасалады да, түйінді өзі жасау үшін ортаға үлкен ой тасталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет