ӘӨЖ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДА АТА-АНАНЫҢ МЕКТЕППЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ РЕФЛЕКСИЯСЫНЫҢ РӨЛІ
ЧАНДЫБАЕВА ГУЛНУР ДАУТОВНА
ҚАРАШБАЕВА КӨРКЕМ ЖҰМАЙҚЫЗЫ
Түйінді сөздер: мектеп бағдарламалары, рефлексия, ата-ана рөлі, өзіндік бағалау, мектеп пен отбасы, педагогикалық рефлексияны қалыптастыру, жеке тұлғалық даму, рефлексивті оқыту, өзін-өзі жетілдіру.
Ключевые слова: школьные программы, рефлексия, родительская роль, самооценка, школа и семья, формирование педагогической рефлексии, личностное развитие, рефлексивное обучение, самосовершенствование.
Keywords: school programs, reflection, parental role, self-appraisal, school and family, formation of pedagogical reflection, personality development, reflection educating, self-perfection.
Аңдатпа
Білім беру жүйесі - бұл үкіметтің, ата-ананың және қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осы элементтің функциялары мен рөлдеріне сәйкес білім берудің оңтайлы сапасына жету үшін әрекеттенуі керек. Бала отбасында, мектепте және қоғамдық ортада оқып өседі. Отбасы- бұл бала үшін бірінші және ең маңызды орта, өйткені отбасы ата-ана тәрбиесінің негізі ретінде қарастырылады және нақты білім берудің негізгі жауапкершілігі отбасында болады. Ата-аналардың мектеппен байланысы және берілетін рефлекциясы оқушылардың оқу процесінің жақсарту үшін үлкен маңызға ие. Бұл сонымен қатар жоғары білім деңгейінде оқытуды кәсібилендіруге айтарлықтай әсер етеді. Алайда, кері байланыс күрделі мәселе ретінде қарастырылады. Сипатталған бірқатар зерттеулер ата-аналардың оқу процесіне көбірек қатысуы олардың беретін үздіксіз рефлекциясы балалардың мектептегі жетістіктеріне оң әсер ететінін көрсетеді.
Аннотация
Рус перевод
Abstract
Англ перевод
Ал ата-аналардың оқу процесіне қатысуы баланың жоғары оқу орындарындағы академиялық жетістіктеріне ықпал етеді, сонымен қатар баланың эмоционалды және әлеуметтік дамуына да өз әсерін тигізеді. Оқу сапасын арттыруда ата-аналардың үй тапсырмасын бақылап, мектеппен байланысуы және оқу үлгерімін бақылап отыруы яғни, мұғалім- оқушы- ата-анадан тұратын білім беру жүйесін жүйелі түрде назарға алу үлкен маңызға ие. Бұл мақалада ата-аналардың мектеппен байланысыуының және қатысуының оқу үлгеріміне әсері қарастырылады. Мектептің сапасын арттыруға ата-аналардың қатысуы және өз баласына рефлексия беру қаншалықты маңызға ие?
Ата-ана тарапынан берілетін рефлексия оқушыларды өзін-өзі бағалауға, өз мінез-құлқына түзетулер енгізуге және дамуына әсер ететін іс-әрекет түрі екені белгілі. Рефлексия ол сонымен қатар жетістік пен сәтсіздік, жеке «менді» түсіну үшін маңызды механизм ретінде түсініледі. Қиындықтар туындаған кезде оқушыға өз әрекеттерін қайта құруға мүмкіндік береді өзгерістерін болжау арқылы жеке тәжірибені қайта қарастыруға жол ашады. Ата-ананың рефлексиясы оқушыларды оқу үшін жауапкершілікті өзіне алуға итермелейді және бұл олардың мүмкіндіктерін кеңейтеді, ынтасын арттырады. Берілген рефлексия есте сақтауды және өзіне сенімділік деңгейін жақсарта алады. Қателікке тіке қарау оны іздеп табу және мәселені шешу жолдарын өздері шешуге итермелейтін әрекет. Бұл сыныптастармен өзара әрекеттесу және мұғалімдермен тиімді қарым-қатынасты дамыту стратегиясының бөлігі болуы мүмкін. Сондықтан да оқу процесінде оқушының өз-өзіне деген рефлексивті дағдыны қалыптастыруы да үлкен маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: |