Эмоции и эмоциональный интеллект



бет1/8
Дата24.09.2024
өлшемі2,68 Mb.
#145353
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
3 ЛЕКЦИЯ


Психология
3-дәріс

Эмоциялар және эмоциялық интеллект

Жоспар

  • Адам өміріндегі эмоцияның рөлі.
  • Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік.
  • Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу.
  • Эмоциялық интеллект анықтамасы.
  • Эмоциялық интеллект диагностикасы және дамуы.

Эмоция анықтамасы

Эмоция – бұл адамның қажеттіліктерінің өтелу немесе өтелмеуіне байланысты туындайтын психикалық күй. Эмоция – адамның айналасындағы заттар мен құбылыстарға жағымды, жағымсыз қатынастың сәулеленуі.

Сыртқы дүниенің әсері адамның миында бейнеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатынасын білдіреді.

Эмоция – бұл қозғалыс! Эмоция – бұл даму мен табыстың қайнар көзі! Эмоция – бұл өзіңді танудың, басқаларды түсінудің кілті! Эмоция – бұл мотивтер мен қажеттілікті түсіну тәсілі!


Эмоцияның адам өміріндегі рөлі
  • Эмоция - құбылыстар мен жағдайлардың қажеттіліктерге қатынасын тікелей бастан кешіру түрінде психикалық көрінісі.

  • (С.Л. Рубинштейн)
  • Эмоциялар субъектінің жағдайы мен оның объектіге қатынасын көрсетеді
  • Эмоциялар полярлылығымен ерекшеленеді (эмоциялардың амбиваленттілігі)
  • Эмоциялар мен әрекеттің өзара шарттылығы.
  • Эмоция мен тұлғаның мотивация-қажеттілік сферасы өзара байланысы

Эмоциялардың қызметі


Реттеушілік
Ынталандырушылық
Қорғаныс қызметі
Экспрессивтік
Сигналдық және бағалау қызметі
Дезорганизациялық

Эмоцияның реттеуші рөлі – адамды қоршаған шындықты және қандай да бір оқиғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның мінез-құлқын басқаруда, реттеуде эмоция маңызды рөл атқарады.

Эмоцияның қорғаныс қызметі – адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныштың туындауымен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет