біріншіден, SKILLFOLIO платформасы қазіргі заман технологияларына сай, және қолдануға жеңіл түрде берілген. Сондай-ақ бағдарлама үнемі даму үстінде!
екіншіден, дәрістер қысқа (3-5 минутқа дейін) және студенттерді жалықтырмайтын түрде ұсынылған.
үшіншіден, ғалымдардың пайымдауынша адам оқылған ақпараттың тек 20% есту арқылы, 30% — көзбен көру арқылы, 90% — мәселені өз бетінше тұжырымдау және шешу арқылы үйренеді. Оқушылар барлық практикаларды өз бетінше орындайтын болғандықтан ақпараттың 90% меңгереді.
Практикалар мен жаттығулардың мақсаты, орындауға қойылатын талаптары, мазмұны, түсінікті, қарапайым түрде берілген.
Сабақ барысында әрбір тыңдалған дәріске және орындалған практикаға кері байланыс жасалынып, білім алушылар алынған әсерлерін жазып, өз пікірлерін еркін білдіре алады.
Университеттің оқу үдерісіне платформа енгізіліп жұмыс жасағалы бері студенттер өз проблемаларын айтудан қорықпай психологиялық тұрғыдан көмекке де жүгінген кездер де кездесті.
Жаңалығымыз: SKILLFOLIO платформасы бойынша университеттің қысқы мектебінде ЖОО профессор-оқытушыларына, мектеп психолотарына арналған біліктілікті көтеру курстары ұйымдастырылып, 72 сағаттық сертификат берілу жоспарлануда.