Эмоционалды жағдай тренингі

Жоғары сатыдағы жануарлар мен адам бет пішінінің көрінісі бойынша бір-бірінің эмоциялық жағдайын қабылдауға және бағалауға қабілетті

бет2/9
Дата29.03.2023
өлшемі115,22 Kb.
#77212
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Жоғары сатыдағы жануарлар мен адам бет пішінінің көрінісі бойынша бір-бірінің эмоциялық жағдайын қабылдауға және бағалауға қабілетті.

Бірақ эмоциялық — экспрессивтік көріністер барлығы бірдей туа біткен болып табылмайды. Олардың кейбіреулері оқыту мен тәрбиенің нәтижесінде өмірге келгеннен кейін қалыптасады.

Бір уақытта Америка психологі У.Джемс және К. Ланге ұсынған эмоциялардың шығуын және оның органикалық үрдістермен байланысын түсіндірген теория психологияда кең өріс алды. Ғылым тарихына ол екі ғалымның атымен Джемс-Ланге теориясы деп енген еді. Бұл теория бойынша, эмоциялық жағдайдың пайда болуының алғашқы себептері ағзада іске асатын физиологиялық сипаттағы өзгерістер болып табылады. Сыртқы немесе ішкі стимулдардың әсерімен пайда болып, олар содан кейін кері жүйке байланыстарының жүйесі арқылы адам миында бейнеленеді және белгілі эмоциялық тондағы түйсіктерді туғызады. Алдымен, Джемс — Ланге теориясы бойынша, стимулдардың ықпалына жауап ретінде сәйкесті органикалық езгерістер болуға тиісті және содан кейін олардың субъективті бейнеленген салдары ретінде эмоция пайда болады.

У. Джемс пен К. Лангеден байқалған айырмашылық үлкен емес. У. Джемс айтуынша, денедегі өзгерістерді қоздыратын факторлар стимулдарды қабылдаудан кейін жүріп отырады, ал эмоция біздің түйсіктеріміз ретінде өтіп кеткен органикалық өзгерістер болып табылады. К.Лангеннің айтуынша, сенсорлық стимулдар қан тамырларының рецепторларында пайда болады, бұл тамырлар ең алдымен сыртқы әсерге жауап береді, ал эмоцияларында болып жатқан өзгерістерді бейнелеу ретінде содан кейін пайда болады. Джемс - Лангенің эмоциялардың пайда болу теориясы қолдау табумен қатар әртүрлі қарсылықтарға кездесті. Джемс-Лангенің атына елеулі сын-ескертпені У. Кеппон айтты. Ол алғашқылардың бірі болып, төмендегі жағдайларға ерекше көңіл аударды: оның айтуынша, эмоцияларда пайда болатын дене реакциялары өте бір-біріне ұқсас, адамдарда кездесетін эмоциялардың сапалық жан-жақтылығын қанағаттанарлықпен түсіндіру үшін жеткіліксіз болып табылады. Одан басқа, ішкі органикалық құрылымдар, оның ішінде қан тамырлары олардың өзгерістерімен К. Ланге эмоциялық көңіл-күйлердің пайда болуын байланыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет