У. Кеннонның Джемс-Ланге теориясына қарсы бағытталған негізгі сын-ескертпесі төмендегідей: адамдарда арнаулы құралдармен жасанды жасалынатын органикалық өзгерістер. У. Джемс-Ланге эмоциялық реакциялардың пайда болуына ерекше мән берді, ал У. Кеннонның айтуынша, іс шын мәнінде әруақытта да эмоциялық көңіл-күйлермен бірге қабаттасып келмейді. Осының нәтижесінде У. Кеннон эмоцияның пайда болуының баламалы теориясын ұсынды.
У. Кеннонның айтуынша, эмоциялық көңіл-күйлер және оған сәйкес органикалық өзгерістер бір уақытта дүниеге келеді және бірдей қайнар көзден пайда болады.
У. Кеннонның айтуынша, эмоциялық көңіл-күйлер және оған сәйкес органикалық өзгерістер бір уақытта дүниеге келеді және бірдей қайнар көзден пайда болады.
Осындай қайнар көз - эмоциогендік орталық, У. Кеннонның көзқарасы бойынша, таламус болып табылады, негізгі органикалық үрдістерді және перифериялық, ішкі рецепторлардан бас мидың қыртысына және кері беріп отыратын импульстарды реттеуде негізгі рөл атқарады.
У. Кеннонның айтқан қағидаларын одан әрі дамытқан П. Бардо болды. Шындығында, денедегі өзгерістер, онымен байланысты эмоциялық көңіл-күйлер бір уақыт пайда болады. Бас мидың барлық құрылымдарының ішінен эмоциямен байланысы таламустың өзі емес, ал гипоталамус және лимбикалық жүйенің орталық бөлімі.
Жануарлармен жүргізілген эксперименттерде дәлелдегендей, осы құрылымдарға электр арқылы әсер ету нәтижесінде белгілі дәрежеде эмоциялық жағдайларды, мысалы, қорқыныш және ашу сияқты, басқару мүмкін екендігін көрсетіп берді.
У. Кеннонның тұжырымдамасын жетілдіру нәтижесінде жаңа атқа ие болды, оны Кеннон – Бардоның эмоция тарихы деп атады.
Мынаны ескеруіміз керек: адамда эмоциялық үрдістер мен жағдайлардың динамикасында органикалық және дене ықпалына қарағанда когнитивтік факторлардың атқаратын қызметі ерекше. Осыған байланысты соңғы жылдары адамдағы эмоциялардың жаңа тұжырымдамасы ұсынған болатын, когнитивтік факторлар бірінші орынға қойылады.
Алғашқылардың бірі болып табылатын Л. Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясы. Бұл теорияны американдық психолог Л. Фестингер ұсынған (1957 ж.) және адамның мінез-құлқына когнитивтік элементтер (сенімдер, пікірлер, құндылықтар, ниеттер және т.б.) жүйесін түсіндіретін батыс әлеуметтік психологиясы тұжырымдамаларының бірі. Бұл теория бойынша адамда жағымды эмоциялық көңіл-күй сол уақытта пайда болады, егер оның күткені дәлелденсе, айталық елестетулер өмірге енгізіледі, жоспарлар орындалады, яғни іс-әрекеттің нақтылы нәтижелері белгіленген немесе күтілген болжамға сәйкес келсе, байланысса болғаны. Жағымсыз эмоциялар сол жағдайда пайда болады және күшейе түседі, егер күтілетін және іс-әрекеттің шындық нәтижелерінің арасында сәйкессіздік — диссонанс болса. Субъективтік когнитивтік диссонанс жағдайында адам дискомфорт көңіл-күйде болады (қолайсыздық). Ол қалай болғанда да мүмкін болса, тезірек одан құтылуға ұмтылады. Когнитивтік диссонанс жағдайынан шығудың жолы екі жақты болуы мүмкін күтілетін нәтижені және жоспарды өзгерту, олар шындық алынған нәтижеге сәйкес келуі керек немесе жаңа нәтиже алуға әрекет ету, ол бұрынғы күтілген нәтижелермен байланысты болуы дұрыс.