Көңіл-күй барлық психикалық үрдістерде және адам іс-әрекетінде ерекше мәнге ие. Көңіл-күй елестетулер мен ойлаудың жылдамдығына, сонымен қатар оның мазмұны мен бағыттылығына әсер етеді. Көңіл-күй адамның басқа эмоциялық жағдайларына, олардың белсенділігіне, ұмтылыстарына және іс-әрекеттеріне ықпал етеді.
Мысалы, адам шалт көңіл-күйде ерекше белсенді болады, көңілсіз жағдайда, қайғылы жағдайда — белсенділік танытпайды. Көңіл-күй адамның қоршаған ортаға қатысына әсер етеді. Жағымды көңіл-күй үстемдік еткенде адам уақытша сәтсіздікті және қиындыкты жеңіл бастан кешіре біледі.
Адам саналы құбылыс жағымсыз көңіл-күймен күресе алады және күресуге тиісті: салғырттық, көңілінің қошы болмау, орынсыз қызбалы. Адам әр уақытта өз басында және басқаларда сергектік, көңіл көтеріңкілік жағдайды қалыптастыруы үшін өмір сүретін, жеке еңбек ететін ортада көзқарастардың, сенімдердің, қызығулардың мәні орасан зор.
Аффект
Аффект
Аффект - латын сөзі, қазақшалағанда жан толқынысы деген мағынада қолданылады. Аффектілер деп ерекше күшті, тез пайда болатын және адамды билеп кететін, қысқа мерзімде жүріп ететін эмоциялық жағдайды айтамыз. Мысалы, қуаныш, қорқыныш, қайғы және т.б. аффектілерін атауға болады. Аффектітер негізінен күшті тітіркендіргіштердің әсерінен (сөздермен, басқа адамдардың қылығымен, кейбір жағдайлармен) болады. Аффектілер көп жағдайда кенеттен болады, бірнеше минут жүріп өтеді, адамды тез арада билеп кетеді.
Аффект
жағдайында адам елестету және ойлау қабілетін басқара алмай қалуы мүмкін. Сонымен қатар күшті эмоциялық қозу тез қозғалыстарда, ретсіз сөйлеуде, жиі қатты дауыс шығару түрінде байқалады.
Адамның іс-әрекеті аффект жағдайында кенеттен сезімнің булығып сыртқа шығуы түрінде іске асады. Кей жағдайда аффектілер тежелу жағдайы түрінде және адам ағзасының әлсіреуі ретінде сипатталады. Мәселен, адам кездейсоқ қуанған жағдайда "не айтарын білмей, аузына сөз түспей, абдырып, сасқалақтап қалады". Әсіресе, осындай жағдай адамның кездейсоқ қуанышында, ашуы үстінде жақсы аңғарылады. Кейбіреулер "ашуланғанда көзім түк көрмеді, не істегенімді білмедім" дейді, бұл дұрыс емес, адам әруақытта да өз қылығын, іс-әрекетін басқарып отыруға тиісті.