Эмоционалды жағдай тренингі


Қазіргі әлеуметтік психологияда Л. Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясы адамның қылығын және әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның әрекетін түсіндіру үшін қолданылады



бет4/9
Дата29.03.2023
өлшемі115,22 Kb.
#77212
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазіргі әлеуметтік психологияда Л. Фестингердің когнитивтік диссонанс теориясы адамның қылығын және әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның әрекетін түсіндіру үшін қолданылады.

Эмоциялық үрдістерге ес және адамның машықтануы (мотивация) ерекше үлес қосқандығын атап көрсетті. С.Шехтердің ұсынған эмоциялардың тұжырымдамасы когнивтік — физиологиялық деп аталады.

2. Эмоциялық жағдайдың түрлері.

2. Эмоциялық жағдайдың түрлері.

Сезімдердің жылдамдылығының, күшінің және тұрақтылығының үйлесіп келуіне байланысты эмоциялық жағдайлар да түрлерге бөлінеді. Олардың негізгілеріне көңіл – күй, аффект, құмарлық, жігерлену, стресс(титықтау) жатады.

Көңіл — күйбұл эмоциялық жағдай, ол негізінен өзінің әлсіз немесе орташа күшімен және көп жағдайда тұрақтылығымен ерекшеленеді. Кей жағдайда адамның көңіл-күйі күні бойына, аптасына, айына және одан көпке созылуы мүмкін. Адамның көңіл-күйі әртүрлі болатындығы белгілі. Мысалы, шалт, қайғылы, жабырқау жене т.б., көңіл-күй жақсы және жаман болып келеді.

Адамдардың көңіл-күйі әртүрлі себептерге байланысты болады. Ондай себептерге адамның жеке және қоғамдық өмірінде болатын елеулі оқиғаға байланысты болуы мүмкін. Белгілі бір жұмысты ойдағыдай сәтті орындау бірнеше күнге, ұзақ мерзімге көтеріңкі, жағымды көңіл-күйді шақырады. Көңіл-күйдің сондай болу себебі адам жүйке жүйесінің жағдайына және жалпы оның денсаулығының жағдайына байланысты.

Адамдарда көңіл-күйі әртүрлі болғанмен, әрбір адамға көңіл-күйдің басым келетін түрі тән. Осы көңіл-күйдің басымдылығына қарай адамдардың кейбіреулерін көңілді, шалт, сергек адамдар деп атаса, басқаларын жабырқау, көңілсіз деп атайды. Осындай жетекшілік ететін көңіл-күй мінез бітісі болып табылады.

Көңіл-күй барлық психикалық үрдістерде және адам іс-әрекетінде ерекше мәнге ие. Көңіл-күй елестетулер мен ойлаудың жылдамдығына, сонымен қатар оның мазмұны мен бағыттылығына әсер етеді. Көңіл-күй адамның басқа эмоциялық жағдайларына, олардың белсенділігіне, ұмтылыстарына және іс-әрекеттеріне ықпал етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет