5 Қорытынды
Бұл айтылғандардан да Ахмет, Міржақып, Ғазымбектердің үй-іштерімен бірге туған-
дай аралас-құралас болғандары, Ғазымбектің анасы кім екені, бастарына қара бұлт үйіріліп,
қуғын-сүргінге ұшыраған тұстарда да жанашырлық, ағалық-інілік сезімдерін жоғалтпай, бір-
бірін іздеп, көмек қолын созып, хат-хабар алып тұрғандары, сондай-ақ Алаштың үш арысы-
ның аты əлемге танылғаны, Ғазымбектің Германияда Мұстафа Шоқаймен кездескені көрініс
тапқан. Бір-бірін пір тұту осындай-ақ болсын!
Ал Алаш арысының өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы
жайында жазылған зерттеулер мен естеліктерден алынған үзінділердің кейбірін мына
құжаттар бекітіп, дамыта түседі:
«...Во время поездки вГерманию в 1924 году Рыскулов встретился со-студентами из
Туркистана и Бухары, обучавщимися в Берлине, и «установил, что некоторые из них воспи-
тывается против советского строя», общается с правителя Тургая Беремжанов Газымбека
встречается с лидером мусульманской эмиграции М. Чокаевым и даже осмелился просить
Рыскулова помочь земляку-эмигранту.
Категорически запретив ему дальнейшие контакты с антисоветчиком он применил
прем, с успехом использовавшийся партийным руководством для управления национальной
интелегенцией и расправы с ней внутри страны; яввел в бюро Идрисовым.
Таким образом, они могли, по его мненю, доность друг на друга подробности о прове-
денной «работе» в полпредство СССР в Берлине».
Я расколол тогда студентов», – докладывал в апреле 1927 года Рыскулов Сталину, в
ЦК партии и ГПУ [11,с.380].
***
«...Газымбек Биримжанов оказался весьма способным и работающим не на страх, а за
совесть работником, киргиз, народник в духе народников 70-х годов» [11,с.380] (Ғазымбек
1917 жылы Орынбор округтік сотына аудармашылық қызметке ұсынылғанда Əлихан Бөкей-
хановтың мінездемесінен – С.О.)
Ғазымбек көрнекті қоғам қайраткері, халықтық мұсылман партиясының жергілікті
ұжымының өкілі, Ресей мемлекеттік Думасына депутат болып сайланған Сəлімгерей Сейт-
ханұлы Жантөриннің Мəскеудің мемлекеттік университетінің шет тілдер факультетін
бітірген қызына үйленген. Араларында бала жоқ.
Əзиз Мурзиннің əйелі Алиса Власованың 1931 жылғы 5 қыркүйек күні ГПУ тергеуші-
леріне берген жауабында: «Бірімжанов Жантөринаға үйленген болатын. Москваға келген соң
Бірімжанов тұтқынға алынды. Бөкейханов пен Мурзиннің кеңесі бойынша Жантөрина оны-
мен ресми ажырасты. Ал шындығында, ол өзінің күйеуіне үнемі қаржылай көмектесіп отыр-
ды. Бірімжановтан ажырасуының себебі – өзіне тергеушілердің назарын аудармаудан туған.
Өйткені Жантөрина помещиктің отбасынан шыққан» [12], – делінеді.
|