ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
ЭМПИРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
19
қызметке шақырады. Бұл жөнінде профессор Темірбек Қожакеев «Сара сөздің сардарлары»
кітабында: «Ақ жол» газетінде жарияланған материалдарын зерттегенде, Ғ.Бірімжановтың
үлкен ағартушы екені, бұл жағынан А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың шəкірті болғандығы
аңғарылады, – деп жазады. – Ол Ахметтен 23 жас, Міржақыптан 11 жас кіші болса да,
солардың тəрбиесінде, жетегінде жүріп, ұстаздарының ісін алға апаруға, ілгері жалғастыруға
тырысқан. Ағарту саласында бірсыпыра еңбек жазып, келелі ойлар қалдырған. Бұл орайда
Ғазымбек, əсіресе, Ахметті пір тұтып, көп ретте ол кісіге жүгініп, соның пікіріне сілтеме
жасап отырады [1;11-12]. Ахмет Байтұрсынов 1922 жылы тамыз айының басында Түркістан
республикасының астанасы Ташкентке барады. Ахметтің бұл сапары жөнінде сол тұста «Ақ
жол» газетінде қызметте жүрген Ғазымбек «Лайықты қошамет» деген мақала жазады.
Академик Дихан Қамзабекұлы «А.Байтұрсыновтың Ташкент сапары» мақаласында
осы іс сапар жайында айта келіп: «Ақ жол» газетінің бір авторы: «Келген жұмысы – Түркіс-
тандағы екі облыс қазақты Қазақстанға қосып, қазақ елін біріктіру» деп көрсетіпті.
Қаламгер «Ш-н» (кім екенін біле алмадық) Ташкенттің мəдени-рухани һəм саяси өмі-
ріне елеулі жаңалық болып енетін А.Байтұрсынұлы сапарын «бұл Ахмет ағайдың Түркістан-
ға бірінші келіп қайтқаны» дей отырып, тəптіштеп жазыпты» [2;102], – дейді.
Ғазымбек 1921-1922 жылдары «Ақ жол» газетінде жүргенде жазған материалдарының
соңына «Ғазымбек», «Ғ.Бірімжанов», «Шеген» осы Шеген дегенді қысқартып «Ш-н», «Ғ»
деп қол қойған. Диханның айтып отырған «Ш-н» дегені – Ғазымбек Бірімжанов. Мұны Те-
мірбек Қожакеев те Ғазымбек жайындағы зерттеу мақаласында айтып кеткен.
Ғ.Бірімжанов осы «Ақ жол» газетінде жарық көрген мақаласында Ахмет Байтұрсы-
новтың болмыс, бітімін суреттей келіп: «Тұсына келе бергенде балалар дауыспен: «Ассалау-
мағалейкум!» – деп сəлем берді. Əлгідей болмай тағы да балалар: «Жасасын қазақ! Жасасын
қазақтың қаһармандары! Жасасын қазақтың көсемі Ахмет ағай Байтұрсынұлы!» – деп бар
дауыспен шулап қоя берді. «Жер жаңғырып, қан шымырлап, көңіл бұзылып, кісі өзінің қайда
екенін білмейтіндей халге келді», – дейді.
«Қазақ халқының қаламға жүйрік, алты алашқа аты жайылған атақты азаматы Ахмет
Байтұрсынов» деген жолдарынан да Ғазымбектің Ахметке іші бұратыны» оны ардақ тұтып,
аса қадірлейтіні аңғарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |