ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
ЭМПИРИЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
21
Бірімжанов ұлт мүддесін ойлап, сол жолда аянбай күрес жүргізген Əлихан Бөкейха-
нов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдос Омаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғаб-
долхамид Жүндібаевтармен бірлесіп «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын жа-
саушылардың бірі. Бұл жоба 1917 жылғы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды.
Сондай-ақ Ғ.Бірімжанов «Алаш» үкіметінің Башқұрт үкіметі жанындағы Баймақта елшісі
болған» [9; 109].
Ғазымбек «Ақ жол» газетінің 1921 жылғы санында жарық көрген «Ақ жолдың» екінші
жыл шығуы» деген мақаласына Ахмет Байтұрсынұлының
Я, Құдайым, аққа жақ!
Өзіңе аян: мен наһақ.
Аққа деген жолымның
Абыройын ашпай жап! –
деген бір шумағын эпиграф етіп алыпты.
Бұл да Ахаңның асылдығын, еңбегін, ұлылығын бағалап, ұлттың рухани көсемі деп
танығандығы.
Алаш көсемдері жайында жазылған мақалалар мен эссе, еске алуларда да Ахаңның
аты аталған жерде Ғазымбектің де аты-жөнін кездестіреміз:
***
«ОГПУ Комиссары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов бастаған 14 зиялы-
ның алдын атуға, қалғанын он жылдан итжеккенге айдауға үкім шығарды. Солардың ішінде
Ғазымбек Бірімжанов та бар еді» [1; 4].
«А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов Абайды жоғары бағалаған,
көп мəселелерді Абайша түсініп, күн тəртібіне Абайша қойған» [1; 9].
***
1922 жылы тамызда А. Байтұрсынов Ташкентке барған Ахаңның осы сапары жөнінде
Ғазымбек «Лайықты қошемет» атты мақала жариялаған» [1;12].
***
Келесі күні Ақай əкем жылқы сойғызып, інісімен келген Ахмет Байтұрсынұлы, Сей-
дəзім Қадырбаев, Ғазымбек Бірімжанов, Қырымгерей Сейдалин, Ғаббас Нұрымов, Асылбек
Сейітов жəне Бадрисафа, Жаңылдарды қонақ етті. Бұл отырысқа туыстар да қатысты [8;24].
***
Міржақып тəтемді он жылға соттап, Соловкиге жіберді, семьясын қасына жолатпады.
Онымен Мырзағазы Есполов, Ғазымбек Бірімжанов бірге болыпты деп кейін естідім. Ахмет
Байтұрсынов ағай мен Абдолла Байтасов 1932-1933 жылдары Архангельскіге жер аударыл-
ды. Бадрисафа Мұхаммед Садыққызы-Байтұрсынова жеңгей қызы Шолпанмен Томскіге
жіберілді. Үй мүлкі түгелдей кəмпескеленген [8; 46].
***
Қызылордаға баруының себебі: 1927 жылы Ленинградта қылтамақтан қайтыс болған
туған ағасы Ахмет Бірімжановтың орнына, яғни семьясына жолығып қайту жəне өзінің
ардақты ағалары: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейдəзім Қадырбаев, Елдес Ома-
ровтармен сəлемдесіп, өздерімен дидарласу мақсатымен сапар кешкен-ді. Ғазымбек өзінің
ойдағысындай бəрімен көрісіп, мауқын басып, қайтадан Москваға келді. Оралғаннан соң
қызметке орналасып, Вологдаға командировкаға барғанында, өкінішке қарай, ұсталып кетті.
Бұл 1928 жыл болатын. Көпшілікке белгілі жай: шетелде болып келген, не тұрған кісілерді
«шпион» қатарына қосып жазғыратын да, түрмеге қамайтын. Міне, Ғазымбекті де солай
айыптаулары керек деп ойлаймын [8,143 б.].
***
Ахмет 1870 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген, арғын, атақты Жəнібек батырдың
тұқымы, бергі аталары Дəуренбек – Бірімжаннан тарайды, дəулетті кісінің баласы. Өзімен
бірге туған інісі Əбдікəрім жəне қарындасы болыпты. Екінші шешелері Гүлжауһардың
апалары, Сейдалы төренің қыздарының бірі – Гүлмай екен. Бұл кісіден сегіз бала туыпты,
|