ҚМПИ ЖАРШЫСЫ №1 (65), 2022
ВЕСТНИК КГПИ №1 (65), 2022
ISSN 2310-3353
ISSN 2310-3353
22
олар: Ғазымбек, Ғазима, Батырхан, Шəкен, Мұхтар, Кəрім, Нұрхан, Жұмахан. Нұрхан Қор-
ғанбеков болып жүрді де, Ғазымбек, Мұхтар Бірімжанов фамилиясында еді [8,90 б.].
***
Алтын апай елдерінде болған оқиғаларды былай айтқан еді:
«...1918 жылдың қарашасында біздің үйге он екі кісі келіп түсті. Ахмет Байтұрсынов,
Міржақып Дулатов, Кəрім Тоқтабаев, Қырымгерей Сейдалин, Ғазымбек Бірімжанов, Ғаббас
Нұрымов, Ахметсафа Юсупов, т.б. жолдан шалдығып, аттары болдырып, қатты шаршап кел-
ген қымбатты қонақтарды құрметтеп қарсы алып жайғастырады. Ахмет ағаны бөлек күтуді
əкемнің (Омардың) ағасы Елібай міндетіне алады. Қалған қонақтар біздің бірнеше кең бөл-
мелі үйімізде тынықты. Келушілерге ауыл-аймақтың адамдары сəлем бере, көсемдердің сөзін
естуге құмар барлығы жиылып əңгіме-дүкен құрып отырды. Жолаушылар үй иесінен кеші-
рім сұрап, жастықтарға жантайып, аяқтарын көсіліп демалды. Қонақтардың көңілін көтермек
үшін олардың құрметіне жігіттер əн салып, домбырашылар күй тартып сауық қылды. Міне,
Гүлнар, сенің əкең Міржақып ағаны серіктерімен өз үйімде көргенімді осы кезге дейін ұмыт-
паймын» [8; 230].
***
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Көшім Есмағамбет «Əлем таныға тұлға»
атты мақаласында «М.Шоқайдың елдегі таныстарымен, ұлттың қайраткерлерімен байланыс
орнату жұмыстарына Түркістаннан Германияға оқуға барған жастар үлкен көмек берді. Бұ-
лардың ішінен Ғазымбек Бірімжановті ерекше атауымыз керек. Жоғары білімді ол Германия-
ға бара жатқан талапкерлер құрамына Ə. Бөкейхановтың ұсынысы бойынша арнайы енгізі-
ліп, Кеңес өкіметіне қарсы ішкі жəне сыртқы күштер арасында байланыс орнату жөнінде
қауіпті де жауапты міндеттер жүктеледі. Ол М. Шоқайды ел жағдайымен, Ə. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамбетов, У. Қожаев, С. Қожановтың атқарып жатқан
жұмыстары жөнінде хабардар етеді.
Ғазымбек Бірімжанов Германияға барған бойда С. Қожановқа жолдаған хатында:
«Мұстафа өте нашар тұрады, қазақтың студент жастары оған көмектескісі келеді. Бірақ ол
одан бас тартты жəне бұл ақша өздеріңе керек болады, өйткені алда көп істер күтіп тұр» де-
генді айтты деп хабарлайды» [10; 22].
Осы жылдар империядағы саяси жағдайдың ушығып, қарсылық қозғалыстарына
оқушы-студент қауымының да белсене араласа бастаған кезі болатын. Орыс басқыншылары-
ның озбырлығына қарсы шыққандардың арасында Ғазымбек те болды. Осындай оқиғаларда
саяси шынығып, қайратты да саналы күрескер ретінде қалыптасады. Сол жəне М. Есполов
секілді ХХ ғасыр басында қазақ интеллигенциясын тарихи аренаға шығарған Алаш қайрат-
керлерімен бірге елдің қамын ойлап, отаршыл жүйеге қарсы шықты.
Солармен бірге ұлт мүддесіне кереғар пікірдегі отаршыл патша саясатына қарсы жа-
рияланған мақалаларды үзбей оқып, олардың пікірталастарына белсене араласып, өз ойында
ортаға салып отырды. Оның қоғамдық-саяси қызметі Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі-
мен тығыз байланыста болды. Ғазымбек те Алаштың белді бір мүшесі болып, оның міндет-
тері мен мақсаттарын айқындауға белсене араласты. Тарихи басылымдарда Ғазымбектің
Колчак үкіметімен Алашорда атынан келіссөз жүргізуге қатысқаны, Алашорданың Башқұрт
үкіметі жанындағы уəкілі болғаны туралы айтылады [10; 253].
***
Ғазымбектің Алаш қозғалысының танымал жас қайраткері екендігі бұрыннан белгілі
болатын. С. Сейфуллиннің 1937 жылы өзінің Нəзір Төреқұловпен қарым-қатынасы жөнінде
Л. Мирзоянға жазған хатында «Ғазымбек Бірімжанов Əлихан Бөкейхановпен бірге атышулы
Алашорда үндеуіне қол қойған, Алаш партиясы орталық комитетінің белгілі мүшесі болған»
деп жазған. Ол 1917 жылы Алаш партиясы бағдарламасының жобасын жасауға тікелей атса-
лысты. Айта кету керек, осы Бағдарламаның 7-і авторының 3-і Торғайдан шыққан Алаш
қайраткерлері екені белгілі (А. Байтұрсынов, М. Дулатов жəне Ғ. Бірімжанов) [10; 253].
|