Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Фразеологиялық байлаулы мағына



бет3/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
СӨЗЖАСАМ дайын билеттер

Фразеологиялық байлаулы мағына

Сөздің тұрақты сөз тіркестерінде көрінетін лексикалық мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаның табиғаты сөздердің тура немесе номинативті мағынасынан басқаша болады. Сөз өзінің номинативті мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып көптеген сөздермекн тіркесіп жұмсалуға икем болса, фразеологиялық байлаулы мағынасында тек белгілі бір сөздермен ғана тіркесіп, санаулы ғана тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылады. Мысалы, су деген сөздің су құю, су тасу, сумен жуу, су төгу деген сөз тіркестеріндегі мағынасы- номинативті мағына. Су деген сөз номинативті мағынада басқа да сөздермен емін-еркін тіркесе алады. Ал су жаңа немесе судай жаңа деген тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы су, судай деген сөздердің «өте тіпті» деген мағынасы- фразеологиялық байлаулы мағына. Сөздің лексикалық мағыналарының айрықша бір түрі фразеологиялық байлаулы мағына белгілі бір тұрақты сөз тіркестеріне телініп, соған маталып байланады. Лексикалық мағынаның бұл түрінің фразеологиялық «байлаулы мағына» деген терминімен аталуында тағы да мынадай мән бар: бұл мағына сөздердің еркін тіркесінде емес, фразеологиялық оралым деп аталатынн тұрақты тіркестерінде ғана көріне алады.
Екіншіден, фразеологиялық байлаулы мағынасы оныменмағынасы жағынан мәндес келетін сөзбен алмастырып айтуға мүмкіндік болғанымен, ол мағына синонимдік қатарлардың жасалуына негіз бола алмайды. Фразеологиялық байлаулы мағынасы бар сөзді басқа сөзбен алмастырып айту мағынаның қандай мағына екенін айқындау үшін ғана қажет.

  1. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.

Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі,
Айтайын мен бір сөзді күлдіргелі.
Орныңнан әрі отырған, ахау, бермен отыр,
Қолымда қармағым жоқ ілдіргелі­- ай.


Емтихан билеті № 3

  1. Сөзжасамдық саты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет