Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса



бет9/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
3. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
Уақыт өте келе бұл құралды малдың шикі терісінің өзінен жасаған, бертінірек өрме өнері шыққанда шикі қайысты өріп, өрменің санына байланысты қамшылар үш таспа өрім, төрт таспа, алты таспа, сегіз таспа, он екі, жиырма төрт, қырық сегіз таспа өрім болып бөлінген.


Емтихан билеті № 6

  1. Аналитикалық тәсіл

Аналитикалық тәсіл - сөз жасаудың синтаксистік амалы, яғни түбір (негізгі я туынды) сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жаңа сөз тудыру тәсілі.[1]. Екі сөзден біріккен жалқы есімдер (Қажымұқан, Дүйсенәлі, Гүлайша, Көкшетау, Сырдария т.б.), терминдік атаулар (тәжікораз, бесжылдық, матанализ, аэрошана), идиомдық тіркестер (ден қою, кұлақ салу, тіс жару, тіл қату) мен кіріккен сөздер (бұл күн > бүгін, ендігіден әрі > ендігәрі, алып кел > ап кел > әкел), қос сөздер (бала-шаға, егжей-тегжей, қап- қара) т.о. Аналитикалық тәсілмен жасалған. Аналитикалық тәсіл синтетикалық тәсілге балама болып, ауысып та айтылады (аққыл >ақта; мысық мияу деді >мияулады). Сөз жасау тәсілінің бір түрін ғана қол Тілдің ішкі мүмкіндігіне тілде бар сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтар, олар арқылы сөз жасаудың тілде қалыптасқан жолдары, заңдылықтары яғни тәсілдері жатады. Туынды сөздің жасалу жолдары ғылымда сөзжасамдық тәсілдер деп аталады.
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан созжасамның негізгі үш тәсілі бар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалық тәсіл. данатын тіл кездеспейді.
Сөзжасамның аналитикалық тәсілі синтетикалық тәсілден өзінің сөзжасамдық бірліктері арқылы ерекшеленеді. Аналитикалық тәсілде екі (я онан да көп) сөз бір-бірімен тіркесіп, жаңа лексикалық мағыналы сөз жасайды. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сөз күрделі сөз деп аталады. Мысалы, ортан жілік, шекара, өнеркәсіп, аққу, темір жол, қызыл ала, алпыс бес, қара торғай т.б. Мұндағы ортан жілік - бір мүшенің аты, шекара -орынның аты, өнеркәсіп - заттың аты, аққу- құстың бір түрінің аты, темір жол - поез жүретін жолдың аты, қызыл ала - түстің аты, алпыс бес - санның аты, қара торғай - торғайдың бір түрінің аты. Келтірілген аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалған, бірақ күрделі сөзде олардың әрқайсысы өзінің жеке тұрғандағы мәнін сақтамай, бір тұтас мәнге көшкен.
Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аналитикалық тәсілдің төрт түрі бар. Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде өте мол. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: а) бүлдірген, ағарған, қорған, қамал, айтыс, қоршау, ақ, асыр, жетісі, қырқы, жүзі т.б.ә) зат есім сөздердің ішінде өзіне басқа мағынаны қосып алып, екінші сөздің қызметін атқарып жүрген сөздер де аз емес. М., құн -экономикалық термин, екпін - тіл біліміндегі термин, буын, сөз, мағына, есім, шылау, одағай, үстеу дегендер де сол сияқты. Мұндай термин мәнін алған сөзддер әр ғылымда да баршылық. Теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме - әдебиет саласындағы терминдер. Ал, қимыл, қозғалыс сияқты терминдер физикада, үш бұрыш, төрт бұрыш, көбейту, қосу, алу сияқты терминдер математикада көптен қолданылып келеді. Адам мүшесіне байланысты терминдер медицинада өте көп. Олар - осы сөздердің жаңа мағынасы.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет