Сөз — ұғымның қалыптасуында маңызды роль атқарады. Заттар мен құбылыстардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ.
Сондықтан сөз болған жерде ұғым бар.
Ұғым тек жалпылықты ғана бөліп алып қарамайды, сонымен бірге, заттарды, олардық қасиеттері мен қатынастарын өзгешеліктеріне қарай қарастырады. Мысалы, «адам» деген ұғым жалпылық мәнге ие. Барлық адамдарға тән ерекшелікті бейнелеумен қатар, кез-келген жеке адамның басқалардан айырмашылығы барлығын да көрсетеді. Демек, ұғым деп кез келген сөз табында баяндалған (есімдік, шылау, одағайдан басқаларының) ой жүйесін айтатын болсақ: сөз мағынасы деп ойың білдіретін түсінігін, сөздің өзі атау болған затқа қатынасын, сөз арқылы аталатын заттың, құбылыстың бейнесін, сәулесін айтамыз.
Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
Қазақтың ұлттық асханасы ұзақ ғасырлар бойы қалыптасып, бастауын қазақ сахарасында сая тауып, сақырлаған аязына, қапырық ыстығына жақсы бейімделген ежелгі ру-тайпалардың өмірі мен тәжірибесінен алған.