Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса



бет7/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
3. Берілген сөйлемнен туынды сөздерді тауып, асты сызылған сөзге семантикалық талдау жаса.
Алғашында эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра аспабы уақыт өте келе халықтық сипатқа ие болып, ел арасында кеңінен қолданыла бастады.


Емтихан билеті № 5

  1. Синтетикалық тәсіл

Синтетикалық тәсіл. Сөздердің байланысу тәсілдері орыс. способы связи слов – сөйлемнің, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысқа түсу жолдары. Сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланысқа түсуінің екі түрлі жолы бар: Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.
Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);
Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы.
Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсілдермен байланысады. тәсіл – сөздің сөз түрлендіруші қосымшалар арқылы түрленуі, аналитикалық тәсіл – сөздің көмекші сөздердің қатысуы арқылы түрленуі.
Сөз сөйлемде әрқашан сөз түрлендіруші грамматикалық тұлғалар арқылы түрленіп қолданылмауы да мүмкін. Өйткені сөйлемде түрленбей, түбір (негіз) қалпында қолданылатын сөз таптары да бары белгілі. Талдау барысында ондай сөздер кездессе, бесінші сатыда бірнеше сатыға жіктелетін бірнеше жауаптың орнына «түрленбеген сөз», немесе «түбір (негіз) қалпында қолданылған сөз» деген бір ғана жауап жазылады. Түрленіп қолданылатын сөз таптарының ішінде зат есім мен сын есімнің, үстеу мен еліктеу сөздің үнемі түрленіп жұмсалуы міндетті емес. Сөйлемде түрленбей жұмсала алмайтын сөз табы – етістік қана. Сонымен қатар сөйлемде жұмсалған сөздердің ішінде арнайы дыбыстық кешені бар грамматикалық морфема-қосымшалармен түрленбесе де, грамматикалық мағынаға ие болып тұратын, ал ол грамматикалық мағына қандай да бір грамматикалық категорияның мағыналарының парадигмалық қатарына енетін сөздер де кездеседі. Орыс тіл білімінде мұндай сөздер «нөлдік жалғаудағы сөздер» («слова с нулевыми окончаниями») деп, қазақ тілінде «нөлдік тұлғадағы (формадағы) сөздер» деп аталып жүр. Сөзге қандай да бір грамматикалық категорияның грамматикалық мағынасының үстелу құбылысы грамматикалық мағынаның нөлдік тұлға (форма) арқылы берілуі деп танылады. Грамматикалық мағынаның мұндай жолмен берілуі қазақ тілінде, негізінен, жалғаулар (септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары) арқылы ғана жүзеге асады. Сондықтан грамматикалық мағынаның бұлай берілуін грамматикалық тұлға (форма) арқылы берілу дегеннен гөрі грамматикалық жалғау арқылы берілу деп, ал ол мағынаны қалыптастыратын нөлдік қосымшаны нөлдік жалғау деп атаған орынды сияқты. Нөлдік қосымшалар арқылы берілетін грамматикалық мағыналар - жақ, септеу, тәуелдеу категорияларының мағыналары. Ал бұл грамматикалық категориялардың грамматикалық мағыналары, негізінен, синтетикалық тәсіл арқылы беріледі. Нөлдік жалғаулардың мағыналары да жақ, септеу, тәуелдеу категориясындағы мағыналар парадигмасынан орын алады. Сондықтан сөздің нөлдік жалғаулар арқылы түрленуін синтетикалық тәсіл арқылы түрленуі, оның ерекше бір түрі деп таныған орынды. Сөз бір емес, екі не одан да көп сөз түрлендіруші морфема қабылдап бірнеше қайтара түрленуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әр сөз түрлендіруші білдіретін мағынасы (талдаудың 5.3 сатысындағы) арқылы түбірге жалғану ретімен жіктеліп көрсетіліп, жеке-жеке сөз етіледі. Сонымен, сөздің түрлену тәсіл(дер)і 5.1 сатыда айқындалатын сөз түрлендіруші морфемалар негізінде анықталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет