Әшімов Әкім Үртайұлы (Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте (Алматы қаласы, Стандарт көшесі, 18 үй, 5 пәтер) дүниеге келді. Орта мектепті 1950 жылы Жамбыл обылысы, Луговой (Рысқұлов), Жаңа тұрмыс ауылында бітірді. “Ақын… Періште… Махаббат…” деген театрдағы қойылымы-Жалпы сол спектакль не жайлы, кім жайлы екендігіне тоқталсақ.Бұл қойылым Мұқағалидің өмірінен және соның өлеңдерінің үзінділерінен жасалған деп мысал келтірсек. Блогымның аты Мұқағали ағамыздың өнерімен ұштасқанына өте бір риза болып қалдым. Осы ат бекер басыма келмеген екен-ау деген ой туды.Білдей, Мұқағали ақыны бар қазақ елі қандай бақытты! Періште көңілді ақын өмірдің мәні – махаббатты жырлап, артынан үлкен қазына тастап кетті. Оны оң ниетпен қабылдап жатқан біз де бақытты шығармыз осы…Ә.Кекілбайұлының 1997 жылы жарық көрген «Абылай хан» драмасы енді тәуелсіз мемлекеттегі қоғамның рухани-эстетикалық сұранысынан туындаған. Суреткер өз шығармасы үшін драма жанрын таңдаған. Кезінде классицистер ел бастаған ерлердің саясатын тек драма ғана шынайы көрсете алады, драма адамзат баласының шығармашылықта ойлап тапқан ең кемел формасы деп есептеп, оны «жоғарғы жанр» деп атаған. Классицистердің шығармашылық ұстанымында шындық бар. Рас, өршіл идеяны патриоттық пафоспен жырлау үшін прозалық жанр тарлық ететіндей. Тарихты құрғақ сипаттау, көз тоқтатып, көңіл тояттар жарқын адами мінез-құлықсыз көрсету, оны дерексіздендіретіні белгілі. Қазақтың төл тарихы Абылай хан тұлғасымен жарқын. Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романдарын да Абылай бейнесімен әрлеген. Алайда роман мен драмада тақырыптық қайталау кездескенімен, мазмұндық қайталау жоқ. Ең бастысы драмадағы тартыс табиғаты, драматизм болмысы өзгеше. Драма қазақтың көкке өрлеген жыраулық поэзиясының өктем үнімен ғана емес, зәулім сезімдерді аспандата жырлауымен құнды.
А. Кемелбаева «Шашты» әңгімесі, Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімелеріндегі қоғамдық кезең көріністері, адам мұраты мен еңбегі, тағдыры мен тұрмысы, болмысы мен дәстүр тағылымдары.
А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесінде ұлттық құндылықтарымыз жан-жақты суреттелген деп айтуға болады. Ұлттық мүдде идеясын бірнеше оқиғалар барысында көреміз. Автор барлығын өз кейіпкерлерінің бойындағы құндылықтар арқылы жеткізеді. «Шашты» әңгімесі – адамның жан дүниесіне қатты әсер ететін шығарма.Оны қаламгер ұлттық мүдде тұрғысынан қарастырған деп білемін. Шығарманы оқыған сайын ұлттық құндылықтарымыз биіктей түседі.Ең алдыменен, шығармадағы көтерілген басты мәселе – адам тағдыры. Жер бетінде адам тағдырымен ойнап, оның өмірін ұрлаудан артық күнә жоқ. Жазушы, біріншіден, осыны ашып көрсетеді. Оны біз түрікпендерде құлдықта өмірін өткізген Тасқұл бейнесі арқылы көреміз. Құлдықта жүрсе де, ар- намысын алдыңғы орынға қойған Тасқұлда ұлтымызға ғана тән намысқойлық қасиет басым деп ойлаймын. Ол қанша рет қашуға бел буса да, босап шыға алмайды. Сонымен қатар, ешқашан да өзінің шыққан тегі туралы тіс жарып айтпайды. Бұл халқымызда өз тегіне, руына қара дақ, сүйекке таңба салмау деген қастерлі ұғымымен тікелей байланысты деп түсінемін. Міне, шығармадағы ұлттық мүддеге келгендегі ең бір ұтымды жері Тасқұлдың осы бір қасиетінде жатыр. Екінші бір ұлттық құндылықтың көрініс тапқан жерін «Өзге жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген халық даналығымен байланыстыруға болады. Түрікпендерден қашып құтыла алмаған Тасқұл құлдыққа түскен Кенжебектің өз тағдырын қайталап, құлдықта өмірі өткенін қаламайды. Өз арманына жете алмаса да, соны Кенжебек арқылы жүзеге асырады. Осы жолда Тасқұлға халқымыздың даналығы, көрегендігі, ат баптау өнеріне деген , аспан әлемінің құпияларын терең меңгерген сұңғыла қасиеті көмектеседі. Бұндай қасиеттер біздің қазағымызға ғана тән екенін білеміз. Шығармада: «– Шашты-түкті дүние сені адастырмас, толған ай алтын қазығың. Түнгі дегдар даламен көк бөріше жортарсың... Әулие пірің Баба түкті Шашты Әзиз қолдасын, жылқы пірі Қамбар ата қолдасын, қысылтаяңда қырық шілтен ғайып ерен кезіксін!» деген Тасқұлдың балаға берген батасының ұлттық мүдденің ең бір шарықтау шегі деп айтуға болады. Көк бөрі біздің көк түріктердің символы болған, жылқы пірі Қамар ата халқымыздың серігі, қанаты болған, Баба түкті Шашты Әзиз қорғаушымыз болған. Тасқұлдың осы батасының өзі қазақ халқының бүкіл болмысын ашып көрсетіп тұр емес пе?Халқымыздың бойындағы ең бір асыл қасиет – ұлт мүддесіне қызмет етер ұрпақ жалғастығы. Тасқұлдың Кенжебекке берген бүкіл тәрбиесі, айтқан сөздері оны намысты, қайсар етіп тәрбиелеп шығарады. Еліне жеткен Кенжебек осы тәрбиені ту етіп, ұлт мүдесіне қызмет етіп, атақты батыр болады. Шығарманың соңында Әз Тәуке хан тұсында шоқбелдеу таққан Шашты айтулы азамат болып, аты ел аузына ілікті деп аяқталады. Жорықта қол бастайды. Баяғы теке түрікпенді шауып, қыруар жылқысын қайтарып алып, түрікпеннің сұлу қызын қоса әкелді. Осылайша, жылқышы атасының ғана емес, құлдыққа түскен күллі қазақ затының кегін қайтарады. Кенжебек қалған өмірінің азаттықта өтуіне себепші болған атасының сөздерін есіне алып, өміріне жаратады. Осы тұстан ұлтымызға тән жаудан кек қайтару, туған елге қызмет ету, намысты қолдан бермеу, үлкеннің кеңесін азық, аманатқа қиянат жасамау сияқты ешқашан ортаймайтын, құндылығы жойылмайтын ұлт тағылымын көреміз деп ойлаймын.Қорыта келгенде, әңгімеден алар тәлім-тәрбие көп, осы құндылықтарды өз бойымызға сіңіріп, Шашты сияқты еліміз бен жерімізге қызмет етейік деп ойымды аяқтаймын. Алтын шығармасы - қазақ тарихындағы ғылыми фантастикалық шығармаларының ең ірісі. Шығарма жай фантастика ғана емес, халық аңыздарына сүйеніп жазылған. Бұл шығарманың ерекшелігіде осы.Жалпы шығарманың сюжеті: көшпелі алтынды көрген Сәменнің жолдасымен бірге сапарға аттанып, таңғажайып дүниелерді бастан өткеруі мен соңында жұмбақты шешуі. Шығарма қиял-фантастика мен сондай ақ ғылымға сүйеніп жазылған. Міне осы ғылымды мен адамгершілікқұндылықтар қатарына жатқыза аламын. Көшпелі алтын шығармасыда ғылым негізінде өрбиді. Жіне тағы бір тілге тиек етер құндылығы: аңыз, қиял-фантастика. Шығарманың негізі де осы фаньастикадан тұрады. Ал ендігі шығарманың материалдық құндылығына келсек, бұл әрине аты айтып тұрғандай "алтын". Алтын бұл құнды заттарға жататындықтан адамгершілік құндылыққа жатқызуға болады.
М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе шығармасының көркемдігін аытыңыз.
Біздің қоғамдық ортада көптеген қарапайым халықтың жасанды мінезі жоқ, көп жақсылығын кездестіреміз.Өз елімізде қаншама жастарымыз қол ұшын созып,адамгершілігімен қарап, қаншама ақын,ғалым, академиктерден үлгі аламыз. Қазіргі таңда үлгі өнегіні көрсетіп, ұлтымызды біріктіріп жатқан перзенттеріміз бар. Сонымен қатар, қазақ халқының кемеңгерлердің біріне тоқтала кетсек -Медеу Сәрсеке ағамыз.Ол Ұлтымыздың кемеңгер перзенті,Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер.Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман-дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пайдаланып,ғалым ғұмырнамасын қиял-қоспасыз, шынайы оқиғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Медеу Сәрсекеннің Қаныш Сатбаев романында ұлтымыздың қаламгер перзенті болып, ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытың сарп етіп, ғаламның жарқын бейнесін тартымды, тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан болатын.Қазақ ғылымның қалыптастыруға қаншама жолын салды. Медеу Сәрсеке Ұлтымыздың әреккеттерімен өмірінің бел белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтайды. Дарынды қазақ халқы жиырмасыншы ғасырда көптеген ғалымдарды өмірге әкелді, солардың ішінде Қаныш атамыздың тұлғасы құзар шыңға ұқсайды..Сонымен қатар, әртүрлі мәліметтер,деректер арқылы бөлімдерді бүгінгі күнмен қалдырды. Медеу Сәрсеке қазақ әдебиетінде ғылыми қиял жанрының өрістенуіне айырықша үлес қосқан қаламгеріміз. Бұған дейін құпияда ұстап, «ақтандық»қалпында қалып елген мұрағат құжаттарын, хаттар мен естеліктерді, пайдаланып ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының әңгімелерін, арқау етіп қиял қоспасыз өз күшімен өрлеген ғұмырнама. Медеу Сәрсекеннің «Қаныш Сатпбаев» романында бірінші бөлімінде, Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдай отырып, автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды. Ал екінші бөлімінде, Үлкен Жезқазған туралы Жезқазғанның сол кездегі сырт өмірі, Ұлытауға асығып жеткен жас ғалым Қаныш бейнесі, сол жолында төгілген тер мен еңбегі қамтылып,ашылды. Ғылым жолында халқымыздың рухани өміріңдегі, ерекше тұлға ретінде Қаныш атамыздың есімі жанында мәңгі сақталуда. Сонымен қатар, сан қырлы, ақыл ой парасатын туған халқының мерейін үстем етуге жұмасады. Қаныштың ғылым саласынан бөлек, тарих пен мәдениет саласында да мол еңбек қалдырды. Ш.Уәлиханов жазып алған Ер Едіге жырын қазақ оқырмандарына арнап, қайта дайындады. Сондай-ақ, Затаевичтің қазақтың 500 ән-күйі” жинағына өз орындауында қазақтың жиырма бес әнін қосты. Ғылыми зерттеулері мен практикалық ұйымдастыру қызметің шеберлікпен ұштастырды.Және, оған орыс тілінде ғылыми түсініктеме берді.
емтихан билеті № ___36____
Рафаэль Ниязбеков, Несіпбек Айтұлы поэзиясындағы автор тұлғасы және өлеңдеріндегі бейнелілік туралы жазыңыз.
Автор тұлғасын танып, оған баға беру үшін ең бірінші оның шығармашылығына терең үңілуіміз қажет. Жоғарыда айтқанымыздай, Р. Ниязбеков өлеңдерінен мінез өрлігі, рух асқақтығы айқын сезіледі. Оның қай өлеңін алсаңыз да да автор қолтаңбасын оңай тани аласыз. Мысалы, «Ақын барда қатер жоқ елге төнген» атты өлеңінен автор тұлғасы тайға таңба басқандай көрінеді. Рафаэль Нязбектің тағы бір қасиеті: қарапайым сөзден-ақ тартымды образ, бейнелі тіркес жасай алуында. «Балтаның сабы» атты шығармасында айтылған оқиғаны көз алдыңызға әкелер бейнелілік бар. Несіпбек Айтұлының шығармашылығында да бейнелілік көптеп кездеседі. «Бөрітостаған» атты туындысында образдылық бар. Тасты сөйлеткісі келген ақынның таланты жоғары. Шығыс Қазақстанның Ақсуат жеріндегі мидай жазық далада жатқан алып жұмбақ тас туралы бұл өлеңінің астарында тарихты ұғыну жатыр. Өлең психологиялық паралеллизммен астасып жатыр. Ақын «кәрі тас», «қаңғырған бөрі», «бүп-бүтін ірге», «көз жас» деген эпитеттермен өрілген көркем шығармада сөз бедерін кестелеп береді. Өз таңғалысын «Əлемнің жеті ғаламатындай» деп беруінен-ақ бейнелілік образды көреміз. «Ай жүзіңе қадалумен» деген бұл өлеңі аса жоғары талғаммен жазылған. Қарабайыр сөздерді емес, «қу медиен» секілді сырлы сөздермен суреттелген. «Ай жүзің», «көз сусыны», «дел-сал қылған ауыр дерт», «ғашықтықтан ғаріп болған Жүніс» деген эпитеттер, «Шершис құсап», «ат басындай» деген теңеулермен бейнелілікті танытады.