КеАҚ «С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
Философия кафедрасы
Саясаттану және әлеуметтану пәні
ЕМТИХАН БИЛЕТІ № 8
ХХ ғасыр және қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.
Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымныңдемократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді
Консерватизм идеялары — коғам өміріндегі тұрақтылықты, тепе-теңдікті, жаңарудың біртіндеп қана орын алғанын қалап, күрт өзгерістерден бойын аулақ салады, сабақтастықты, дәстүрлілікті, қалыптасып калған тәртіпті бұзбағанды артық санайды. Адамдар туғанынан тең емес, сондықтан біреудің бай, енді біреудің кедей болуы, біреудің бақытты, енді біреудің бақытсыз болуы, сол сияқты біреудің билік басында болуы, басқалардың соған көнуі табиғи делінеді.
Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм оның жақтастарының қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтап, түбегейлі өзгерістерден бас тартатындығымен ерекшеленеді.
Марксизм — 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. Гегель, Л. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон). Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]
Саяси партиялардың типологиясы. Лоббизм.
Партиялар қазіргі таңдағы демократиялық қоғамның саяси жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. “Партия” этимологиясы саяси жүйенің “бөлімі”, “бөлшегі”, элементі дегенді білдіреді.
Партия - бұл билік немесе билік жүргізу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым. Беделді жанұялар немесе аса танымал лидерлер қарамағында біріккен саяси топтар бәсекесі көптеген ғасырлар бойы саяси тарихтың негізгі мәселесі болыр отырған. Бірақ, біз саяси партиялар деп атайтын ұйымдар ХIХ ғасырдың басында АҚШ пен Еуропада пайда болған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |