Емтихан билеті №1


Авторитарлық-бюрократиялық режим



бет2/38
Дата02.05.2023
өлшемі110,19 Kb.
#88746
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
саясат сессия

Авторитарлық-бюрократиялық режим. Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, әсіресе, саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән. Режимнің ең маңызды саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағдарыстың таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау. Сол себепті, үстемдік етуші саяси элита ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, әлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды үндеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады. Режимнің міндеті – бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету керек. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықты біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады.

Авторитарлық-әскери режим. Әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген әскерилер қалыптастырған режим. Оған дағдарыстан шығудың жолын іздеу және төтенше, әскери тәртіптерді орнатуға ұмтылу тән. Бұл режим кезінде халықтың саяси белсенділігі айтарлықтай жоғары болмайды, қоғамда төтенше заңдар әрекет етеді. Жеке адамның бостандығы, құқығы шектелінеді, жаппай күш көрсетудің ашық шараларын қолдану заңды деп танылады. Алайда әскерилер экономиканы тиімді басқара және әлеуметтік мәселелерді жемісті шеше алмайтындықтан, әскери режим өз танымалдығын тез жоғалтып алады. Сонымен қатар әскери режим үшін негізгі қауіпті әскерилер арасындағы жікшілдік тудырады. Қатардағы әскери бұқараға жақын тұрған атаққұмар полковниктер төңкеріс жасау арқылы генералдарды билік басынан тайдыруы мүмкін. Әрине, әр халық өзіне лайық саяси режимді қалыптастыра алады. Бұған тек жоғарыдағы мемлекеттік билік қана емес сонымен бірге халықтың менталитеті де әсерін тигізеді. Сондықтан қай елде қандай режимнің қалыптасып, дамуы үлкен күрделі үрдіс болып табылады.



  1. Әлеуметтанулық зерттеулер.



Әлеуметтану - білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу - тәжірибеде қолдану үшін зерттелетін құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың логикалық кезеңдік жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет